Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
14.04.2016
0
164
0

Урок информатики в 6 классе на тему «Модель және модельдеу.Модельдің түрлері»





Касиманова Гульнур Жошихановна,

учитель информатики КГУ "СШ Карасу" с.Карасу Жарминского района Восточно Казахстанской области,

Казахстан

Сабақтың жалпы мақсаты: Білімділік: Оқытудың және оқудағы жаңа тәсілдер арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып модельдеуге үйрету.Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.Дамытушылық: Оқушыларды модель құруға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтижелер: Модель туралы жалпы мәлімет алады; Қолданылу аймағы, модельде уақыт факторын ескеру, білім саласына қарай топтау, модельді көрсету тәсіліне қарай топтау түрлерін біледі. Оқушылардың сөздік қоры жаңа терминдермен толығады.
-Жеті модульдің әдіс-тәсілін пайдалану арқылы, оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмыс істейді, пікір алмасады, өзін-өзі, топ мүшелерін бағалайды. Келешекте оқушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық, машықтарға үйренеді:
- терең ойлануға;
-пікірталасқа қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге;
-басқа да пікірлерді ескеруге;
- шешім қабылдауға;
- басқалармен тиімді қарым – қатынас құруға.
Түйінді идеялар: Педагогика жаңалықтарының бірі-оқытудың іс-тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілді енгізу. Бұл курстың да мақсаты – мұғалім іс-тәжірибесіне өзгерістер енгізу, арқылы орта білім мектептеріндегі оқыту тәсілдерін, әлемдік деігейге бейімдеу. Бастысы ол өзгерістер мұғалімге де,оқушыға да оң нәтиже беруі тиіс.
Әр сабағымда АКТ-ны тиімді қолдануды, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіретін тапсырмалар түрлерін ескере отырып, дарынды және оқу деңгейі төмен оқушыларға деңгейлік тапсырма жасай отырып, олардың жас ерекшеліктерін ескеріп, оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып бағалаудың түрлерін, 7 модульді пайдаланып,оқушылар іс-әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетеді. Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, түсінік деңгейін ескере отырып шешім қабылдау.Топпен жұмыс- ортақ пікірге келу, өзінің және өзгенің әрекетіне талдау жасау
Уақыт Мұғалімнің қызметі Оқушылардың қызметі
Қызығушылығын ояту
Ынтымақтастық атмосферасын құру

 

 

- ұйымдастыру
-белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады
3 мин Амандасу
Слайд.1Сабақтың тақырыбы жазылған және көктем бейнесі. психологиялық дайындық («Әуенді терапия»)
-көзімізді жұмып, жүрегіміздің дүрсіліне құлақ түрейікші..
-менің жүрегім сендерге деген сенім мен мейірімділікке толы
-Ал сендердікі ше?
--------
-Олай болса, мен сіздерге көктем гүлдерін ұсынамын, алдарындағы көктемнің гүлдерін таңдаңыздар.
Гүлдердін ішіндегі фигуралар бойынша топқа бөлу :
Слайд.2.Үшбұрыш таңдаушылар көшбасшылық қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін жандар.
Төртбұрыш таңдағандар өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысы ның шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар
Шеңбер таңдағандар қарым-қатынасты жоғары бағалайтын,
өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, әңгіме айтқанды ұнатады, тез шешім қабылдай алады, достары мен таныстары көп жандар. -Көздерін жұмып,өз жүректерінің қандай екенін айтады..
Көктем гүлдерін жинайды және сол гүлдегі фигуралар бойынша 3 топқа бөлінеді.
Слайдтағы ақпаратпен танысады.
- Ынтымақтастық орнайды, жақсы көңіл –күймен орындарына отырады.
- Топ ережесін үнемі басшылыққа алады.
Ой қозғау
5 мин
Слайд 3. «Шығыршық» әдісі арқылы үйге берілген тапсырманы тексереміз. Мен сіздерге сұрақ қоямын, ал жауабы сіздердің біреуіңіздің қолында отыр, жауабын тапқан оқушы тақтаға жауап парағының артындағы суретті жапсырып, келесі адамға сұрағын оқиды. Осылайша шығыршығымыз үзілмеуі тиіс нәтижесінде тақтаға модель жасаймыз. Ал шығыршы-ғымыз материалдық модельге жатады.Міне бұл біздің сабағымыздың элементі. Оқушылар ойланады.
Жауабын айтып, график тұрғызады.
Жаңа сабақтың тақырыбымен танысады.

Мағынаны таныту
(оқушылар жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалып- тастырады)
7 мин
Жұптық жұмыс
5 мин 1. Модель туралы мәлметті электрондық оқулықтан сынып болып тыңдау.
2. Модель түрлеріне слайд (флипчарт) арқылы беру.
3.Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктеуге болады:
1. Қолдану аймағы бойынша;
2. Уақыт факторы бойынша;
3. Білім саласына қарай;
4. Модельді көрсету тәсіліне қарай -Оқушылар тыңдайды, қажет болса жазады;
-білуге деген құлшыныстары оянады
-ынталары артады;
-«инсерт» тәсілі бойынша жаңа ұғымдармен танысып, дәптерлеріне жазады.
- ой түйіндейді
-оқушылар сұхбаттасады;
-тыңдалым барысындағы мәліметтерді талқылайды,
-ой бөліседі
3-кезең
Ой- толғаныс:
15 мин -АКТ пайдаланып топта жұмыс жасауға жетелейді;
-Оқушылардың ойларын жинақтап, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыруға бағыттайды.
1тапсырма сәйкестендіру: слайд 12-13 (қара жәшік)
2 тапсырма: Слайд 15.Жаңа сабақтан алған мәліметтерді пайдалана отырып, постерлер дайындау.
Ұшбұрыш тобы: 1.Қолдану аймағы бойынша; модельді көрсету тәсіліне қарай: материалдық(заттық) модель құру
Төртбұрыш тобы: 2.Уақыт факторы бойынша; графика-лық модель құру.
Шеңбер тобы: 3. Білім сала-сына қарай; компьютерлік модель құру. -Әр топтан кезекпен сәйкесін атайды; оқушы жауап берген кезде житонын, қара жәшікке салады, яғни келесі жауап беру құқынан айырылады.
-Оқушылар постермен жұмыс жасайды.
-анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;
-синтез, бір-бірімен ой бөліседі;
-Оқушылар сұхбаттасады, сұрақтар қояды;
-Қателіктерін түзейді
Сергіту сәті 2 мин Слайд 14. «Бұғы бағу» рефлексия Оқушылар слайдты көре отырып өздерінің қазіргі кездегі мүмкіндіктерін және жақсы оқу негізгі міндет екенін түсінеді.
Қорытынды Ыстық орындық тәсілін еске түсіндіріп, сұрақтардың дұрыс қойылуына назар аударады Әр топтан бі-бірден оқушылар шығып сұрақтарға жауап береді
Рефлексия
3 мин Мұғалім оқушылардан не білгені жайлы сұрайды
Сабақтың өтілуі туралы ой (Бағалау) Қорытындылау. «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілімен: Не білдік? Не үйрендік? Не білгіміз келеді? Сұраққа жауап іздейді. Сабақтарда үнемі қолданатын бағалау парағын толтырады.
Тапсырмалар кейінгі оқу 2 мин §13-14
«EXPO-2017» қалашығының графикалық моделін құру
Күнделіктеріне жазады.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения