Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
13.04.2016
0
355
2

«Табиғат денсаулық мекені» слайд және сабақ жоспары





Букенова Рымжан Зейнолловна

Бастауыш сынып мұғалімі және өзін-өзі тану 

Ақсу қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі 

Ақсу қаласы,Павлодар облысы,Қазақстан Республикасы

Мақсаты:  «Табиғат» , «денсаулық»  адамгершілік құндылықтары туралы  түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- Табиғаттың  денсаулыққа әсері туралы түсінік беру;

- Денсаулығын  нығайтуға ұмтылысын артттыру;

- Денсаулығын бағалауға тәрбиелеу.

- Табиғатты, туған жерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

  •          Оқулық;
  •          Дәптер;
  •          Күнделік;
  •          Қалам-қарындаш;

Сабақтың түрі:   дәстүрлі сабақ

 

Оқыту әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, әңгімелеу, слайд, ойын әдісі.

Дәйексөз:     Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

                      Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.    (Р.Сәтімбекұлы)

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық  сәті: «Орманға саяхат»  

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз.

 Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз

 Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

         Рахмет.

 

5 Т. Ережесі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Дәптерлерден суреттерін тексеру.

 

ІІІ. Жаңа білім беру

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Табиғат- денсаулық мекені".

Әңгімелесу

  •          Табиғи тағамдарға нелер жатады?
  •          Таза ауа,су, топырақтың адам денсаулығына қандай пайдасы бар?
  •          Денсаулық мекенін қайдан табуға болады?

 

  1.       Мұғалімнің сыйы:Әңгіме « Балапан»

Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды.Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа.

Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды.

Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.

·        Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті?

·        Айналаңдағыларға қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

 

Мәтінмен жұмыс

"Өсиет әңггіме" әңгімесін оқу. Әңгіме бойынша сұрақтарға жауап беру.

  •          Әңгімеде не туралы айтылған?
  •          Қарияның ұлдары денсаулықтың мекенін қайдан тауыпты?
  •          "Саялы орман", "Таза көл", "Көрікті жер" неліктен денсаулық мекені бола алады?

 

Сергіту сәті

Мынау-менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау -басым ақылды

Бәрін осы басқарған.

Мынау -менің оң қолым

Мынау -менің сол қолым

 

Жаңа ақпарат

Таза ауа,  таза су, пайдалы тағам, көтеріңкі көңіл күй, спорт адам денсаулығын сақтауға көмектеседі.

 

Шығармашылық жұмыс.

Оқушылар туған жерінің ғажаптарын шығармашылықпен бейнелеп көрсетеді.(ән салып, би билеп, өлең оқып, сурет салу.)

 

Дәйексөз.

Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі ретінде Р.Сәтімбекұлының "Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз, Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз" деген даналық сөзі алынған.

- Балалар, бұл дана сөзден не түсіндіңдер?

 

Дәптермен  жұмыс.

1-      тапсырма: Табиғаттың көрікті жерлерін қалаған түстермен бояңдар.

2-      тапсырма:Денсаулық үшін қандай тағамдар пайдалы, қандай тағамдар зиян екендігін жазыңдар.

3-      тапсырма: Жұмбақтардың шешуін дұрыс тапсаңдар, сендерге таза жүруге көмектесетін заттардың аттары шығады. Олардың суреттерін салыңдар.

 

Жағдаяттарды талдау:

  1.       Алмас  мен Жарас  далада футбол  ойнап жүр еді. Кенет Жарастың іші ауырды. Қалай ойлайсыңдар,  Жарастың іші неге ауырды?
  2.       Талғат жазылмас дертке шалдыққан. Оның үлкен зәулім үйі, көлігі, бау-бақшасы, ақшасы бар.  Талғатты бай деп айта аламыз ба?

 

IV. Бекіту

Оқулықпен жұмыс

120 беттегі сурет бойынша "Табиғатпен біргеміз" тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.

 

VI. Үйге тапсырма: "Табиғат және мені" тақырыбына сурет салу.

 

V. Ән

Көктем

Сөзін жазған Қ.Сыдықов

Әнін жазған А.Жайымов

Көктем келіп шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай-ау, алақай!

Құстар сайрап,

Бақтар жайнап гүл атты.

Ля-ля-ля-ля, ля-ля-ля-ля

Құстар сайрап,

Бақтар жайнап гүл атты.

 

  1.       Сабақтың соңғы тыныштық сәті

– Балалар, бір сәт көзімізді жұмып, әуеннің ырғағымен бүгінгі сабақтан алған жақсы құндылықтырыңды, жақсы әсерлеріңді, жақсы қасиеттерді жүректеріңе түйіп алыңдар.

    Бүгінгі сабаққа жақсы қатынасқандарыңыз  үшін барлықтарыңызға рахмет!

 

.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения