Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
13.04.2016
0
306
0

Адамның сезім мүшелері. Құлақ. Көз





Букенова Рымжан Зейнолловна

Бастауыш сынып мұғалімі және өзін-өзі тану 

Ақсу қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі

 Ақсу қаласы,Павлодар облысы,Қазақстан Республикасы

Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі:    оқушыларға адамның сезім мүшелері көз және құлақ туралы түсінік беру. Көру және есту мүшелерінің гигиеналық ережелерін сараптау;
ә) дамытушылығы:  ой - өрісін, оқу жылдамдығын, есте сақтауын, байланыстырып сөйлеуін, сауаттылығын дамыту;
б) тәрбиелігі:    ұқыптылыққа, гигиеналық тазалық ережелерін сақтауға, әдемілікті, әсемдікті сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:  құлақ және көз макеті, суреттер, тірек сөздер, лимон, алма, геометриялық фигуралар (дөңгелек, текше) т. б.слайд.
Сабақтың құрал - жабдығы:  компьютер дыбыс құрылғысымен
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық.
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ә) Амансың ба көк аспан,
Амансың ба жер - ана.
Амансың ба құрбым,
Мынау менің қолым,
Жылуымды сезін!
2. Өткенге шолу
а) Сұрақ - жауап арқылы «Адам дегеніміз мен және басқалар» тақырыбын сұрау.
ә) Топпен жұмыс. I - II - III - үш тапсырма беру. Үш топ үш сурет бойынша маман иелері туралы 2 - 3 сөйлемнен тұратын шағын әңгіме құрайды.
3. Жаңа сабақ. Адамның сезім мүшелері. Көз. Құлақ
а) Жұмбақ.
Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. (Көз)

ә) Қ. Мырза Әлидің «Не үшін?» атты өлеңін бірге айту, қимылдарын жасау.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін!
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Мұғалімнің түсіндірмесі:
Балалар адамның барлық дене мүшесінің пайдасы зор екен. Бүгін сендер «Адамның сезім мүшелері көз бен құлақ туралы» білетін боламыз. Лимон жемісін алып балалардан: «Бұл не?»- деп сұрап,
бір оқушыны тақтаға шақырып, оның пішімі қандай, түсі қандай екенін сұрау. Енді осы жемістің лимон екеніне көз жеткізу үшін лимонды кесіп дәмін татып көрсету арқылы сабақтың тақырыбын ашып түсіндірме жұмысын жүргізу.
Көз – көру мүшесі. Біз көзбен заттарды көріп, түрін, түсін, пішінін көлемін ажыратамыз.
Көздің көмегімен қоршаған дүниені танып білеміз.
Қабақ пен кірпік көзді өте жарқыраған жарықтан және шаңнан сақтайды. Егер көзге қоқым түссе, жас арқылы жуылып кетеді. Қас маңдайдан аққан терді ұстап, көзге тигізбейді.
Көздің көру мүмкіндігін күшейтетін әр түрлі аспаптар да бар. Онымен көз дәрігері айналысады.
4. Ойын «Дауыста, дауысыңнан танимын».
Ортаға бір оқушыны шығарып, оның көзін таңады. Қалған оқушылар орнында. Кез келген оқушыны шығарып, дауысын өзгертіп жақсы тілектер айтады. Кім екенін дауысынан таниды.
5. Ал енді жолдасымыздың дауысын қалай, немен естідік? (Құлақ)
Олай болса, құлақ туралы түсіндіріп берейін.

 Құлақ - есту мүшесі.
Ол барлық дыбысты естиді. Өте қатты дыбыстар адамның құлағына зиянды. Одан адамның естуі нашарлайды. Сондықтан да құлағымызды таза ұстап, күнде жуып, құлағымызды суықтан және қатты желден сақтауымыз керек.

Сергіту сәті «Қара жорға» биін билеу
Трек сөздер беріледі. Сөздердің орнын ауыстырмай жаттап алуға уақыт беріліп, ретімен, қателеспей, жатқа айтып шығады.

Мүше
түсі
мөлшері
пішіні
аспаптар
зиян
дыбыс

 6. Ойын «Ненің дауысы?»
Таспадан әр түрлі жануарлардың дауысын тыңдап, ажыратып, тақтадан суретін тауып, атын атау.
7. Сұрақ - жауап.
- Сезім мүшелеріне нелер жатады?
- Көз қандай мүше?(көру)
- Құлақ қандай мүше?(есту)
- Тіл қандай мүше?(сөйлеу және дәм сезу)
- Мұрын қандай мүше?(иіс сезу)
- Тері қандай мүше?(сипап сезу)
Тері арқылы нені сеземіз?(ыстық, суықты)

8. Ұжымдастыру әдісі:
а) Алдымен оқушылар өз дәптерлеріне жазады және 3 - 4 оқушыға дауыстап оқыту.
ә) Тақтада пысықтау. Ассосация әдісі.

9. Сабақты қорыту .Жұмбақ құрастыру: оқушылар өз ойларынан
сезім мүшелеріне байланысты өтірік жұмбақ құрастырады, бір -
біріне жасырады, жауабы тыңдалады.
Не білдік? Не үйрендік?
10. Оқушыларды бағалап, мадақтау.
11. Үйге тапсырма:  мәтінді түсініп оқу.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения