Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
12.04.2016
0
180
0

Урок информатики в 6 классе. Тема: «MS ЕХСЕL кестелік процессоры».

Жакупбекова Инкар Муратовна,

учитель информатики СОШ им. С.Сатыбалдина, села Кызылкогам,

Павлодарской области, Казахстан

Пәні: информатика
Сабақтың тақырыбы: MS ЕХСЕL кестелік процессоры (тереңдетілген тақырып).
Сынып: 6
Мерзімі:
Сабақ мақсаттары: : ЕХСЕІ кестелік процессоры жайлы негізгі түсініктер мен амалдарды, Excel мүмкіндіктерін, жұмыс кестесінің элементтері туралы білімдерін қалыптастыру.
Міндеттері: - кестелік процессормен алғашқы жұмыстар істеу;
- топта жұмыс істеу кезіндегі ережелерді сақтау;
- жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, практикум элементерінің көмегімен демонстрациялау.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих.
Құралдар: түсті қарындаштар мен фломастер, маркерлер, өшіргіш, А4 қағазы, А3 қағазы, смайликтер, дәптер, қалам, интербелсенді тақта, компьютер.
Әдіс-тәсілдер: «Елші», «Тақырыптық теннис», «Әуе шары», жұптық, топтық жұмыс әдістері.
Оқыту нәтижесі: оқушылар ЕХСЕІ бағдарламасымен танысып, онымен алғашқы жұмыстар жасауды үйренеді.
Сілтеме: http://el.kz/m/videos/view/MS-Excel-негіздері-Бағдарламаның-интерфейсі, қосымша материалдар, электронды оқулықтар.

Сабақ кезеңдер Уақыт
Кірікті-рілген модуль Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеті
I.Ұйымдастыру
2 мин ЖЕСО
Оқушылармен амандасып, сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. «Менің көршім әдемі, менің көршім сымбатты, менің көршім сұлу» сөздері арқылы бір-бірін мадақтап, сөздерді ұсыну және ұқсас келген сөздер арқылы топқа бөлу, білезік істеп тағу. Мұғаліммен амандасып, бір-біріне жақсы сөз тіркестерін айтып тілек тілейді және топқа бөлінеді.
Білу

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 4 мин ОЖТ

ОүБ,ОБ Үй тапсырмасы
Өткен тақырыпты «қораптағы сұрақтар» әдісі арқылы тексерту.
Сұрақтар:
1. Құжатты қағазға басып шығарудың дайындық кезеңдерін атаңдар.
2. Алдын-ала қарау бұйрығы не үшін керек? Ол қайда орналасқан?
3. Тез басып шығару бұйрығының басып шығару бұйрығынан айырмашылығы неде?
4. Құжаттың емле қателерін қалай тексереміз?
5. Беттің теру бағытын қалай өзгертеміз? Оқушылар «қораптағы сұрақтар» әдісі арқылы топ болып сұрақтарға жауап береді.

Түсіну

ІІІ.Оқу-танымдық әрекетіне дайындық 2 мин АКТ
ОЖТ
Жаңа сабақтың тақырыбы қандай?
Ребус шешу арқылы жаңа тақырыпқа шығу.

Сабақтың мақсаты қандай? Жаңа сабақтың тақырыбын ребус шешіп анықтайды: ЕХСЕL кестелік процессоры.

Мақсатымыз: - ЕХСЕІ бағдарламасымен танысу, осы бағдарламада жұмыс жасауды үйрену.
Қолдану

IV.Жаңа оқу материалын таныту 10 мин ОЖТ
СТО
ОБжК Сілтеме арқылы бейнебаян көрсетіледі (3.50). Қосымша материалдар ұсы нылады.
Тақырыптар топтарға беріледі. Оқушылар топта талқылайды, одан соң бір оқушы «Елші» болып басқа топтарға түсіндіреді және түсінеді де, өз топтарына келіп постерге түсіреді, ортаға шығып қорғайды.
(«Елші» әдісі). Әр топ берілген тақырыпшаларды қосымша материалдан оқып алады, өз ойларын ортаға салады, басқа топтарға түсіндіреді, өз тобына оралып нақтыларын постерге түсіріп, постерді ортаға шығып қорғайды.
Талдау

V.Бiлiмдерін бекiту 13 мин АКТ
ОЖТ
Компьютермен жұмыс.
Практикалық жұмыс 1, 2, 3.
Практикум №1.
1-тапсырма.MS Excel мен танысу.
1Белгілі әдістердің бірін қолданып, MS Excel-ді ашыңыз.
2.Стандартты және Пішімдеу аспаптар тақтасының барлық белгілерінің қызметін көріңіз (MS Word-тағыдай).
3.Анықтама мәзіріндегі Стандартты және Пішімдеу тақтасының (бірінші рет кездесіп отырған) әрбір жаңа бөлімнің ақпараттарын табыңыз.
4.Кестенің С бағанында және 4-жолында тұрған ұяшақты белгілеңіз.А16,Ғ3 ұяшығын белгіленіз.
5.Басы А1 ұяшығы және соңы D5 ұяшығы болоатын аумақты белгілеңіз.
6.2-парақты ( Лист 2 парағын ) шертіп, 2-параққа ауысыңыз, 3-параққа ауысыңыз, 1-параққа қайтып оралыңыз.
7.MS Excel-ді жабаңыз.
Практикум №2.
Берілгенді енгізу, редакциялау және рәсімдеу.
Парақты рәсімдеңіз:
1.MS Excel-ді ашыңыз.
2.Үлгі ретінде ұсынылған кестені (сурет) құрыңыз.
3.А1 ұяшығына кестенің «Қызметкерлерге берілетін сыйақы (теңге)» тақырыбына енгізіңіз.
Кестенің тақырыбын енгізу үшін мына команданы орындаңыз:
Ұяшықтарды біріктіру (алдын ала А1 : Е1 аумағын белгілеңіз).
Главная ->Ұяшықтар(Ячейки)->Формат->Формат ячеек->Выравнивание->Объединение ячеек.
4.А2 ұяшығына «Аты-жөні» сөзін енгізіңіз.
5.В2 ұяшығына «Қазан» сөзін енгізіңіз.
6.С2 ұяшығына «Қараша» сөзін енгізіңіз.
7.D2 ұяшығына «Желтоқсан» сөзін енгізіңіз.
8.Е2 ұяшығына «Барлығы» сөзін енгізіңіз.
9.А3, А4, А5, А6 ұяшықтарына қызметкерлердің тегі мен аты-жөнін толтырыңыз.
A B C D E
1 Қызметкерлерге берілетін сыйақы (теңге)
2 Аты-жөні Қазан Қараша Желтоқсан Барлығы
3 Сәлімжанов А.К. 5300 4500 6000
4 Михайлов М.Д. 2500 3000 4000
5 Әубәкірова Т.Т. 1500 1700 2500
6 Садықов М.С. 1000 1500 2000
10.В3 : D6 ұяшықтар аумағына сәйкес сан мәндерін енгізіңіз.
11. Кестенің жан-жағын сызу үшін толтырылған кестені белгілеп Главная ->Шрифт -> белгісін->Все границы белгісін шертеміз.
12. Кестені жұмыс дискіңізге өз атыңызбен сақтаңыз.
Практикум №3.
1. Практикум 2 жұмысындағы сақтаған бетті ашыңыз.
2. Е ұяшығындағы «Барлығы» бөлімін толтырыңыз.
3. Ол үшін В3, С3, D3 ұяшықтарын белгілеп, Главная ->Редактирование -> -> Сумма батырмасын басыңыз.
4. Қалған ұяшықтарға да осы әрекетті орындаңыз.
Нәтижесін калькулятор бағдарламасымен тексеріңіз. Компьютермен жұмыс.

Нәтижесін калькулятор бағдарламасымен тексеріңіз.
Сергіту сәті 1 мин ЖЕСО "Компьютерлер биі" компьютерлермен жаттығу орындау. "Компьютерлер биі" компьютерлермен жаттығу орындайды.
Жинақтау

V.Бiлiмдерін бекiту 5 мин ТжДБО

СТО Әр топтан басқа топқа бір-бір оқушыдан барады «Тақырыптық теннис» әдісі арқылы сұрақтар қойылады, қай топтың ойыншысы жауап берсе сол ойыншыға ұпай беріледі. Әр топтан басқа топқа бір-бір оқушыдан барады «Тақырыптық теннис» әдісі арқылы тобына қанша ұпай әкелетіні саналады, тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылады, қай топтың ойыншысы жауап берсе сол ойыншыға ұпай беріледі.
Рефлексия

VIII.
Қорытынды 4 мин ОүБ,ОБ
СТО Рефлексия. «Әуе шары» әдісі.
Сұрақтарға жауап беру:
- Әуе шарында кім болуы керек?
- Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек?
- Оны не кідіртеді?
-Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады?
Рефлексия. «Әуе шары» әдісі.
Әуе шарында кім болуы керек? Оқушылар бұл мәселе бойынша басты тақырыпты жазады: шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс адамдар.
- Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек? Оқушылар жобаның табысты болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нәрселерді шарға жазады.
- Оны не кідіртеді? Зәкірдің жанына оқушылар жобаның табысты басталуына кедергі жасайтын факторларды жазады.
- Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады? Оқушылар әуе шарына тікелей қатысы жоқ, алайда жобаның алға жылжуына септігін тигізетін жұмысқа қабілеттілік, ынта және креативтілік сияқты факторларды белгілейді.
VI. Бағалау 3 мин ОүБ,ОБ
Бағалау парақтарындағы жалпы ұпайын есептеп, шықан бағаларын дәлелдейді. Бағалау парақтарындағы жалпы ұпайын есептеп, шықан бағаларын дәлелдейді.
VII. Үйге тапсырма 1 мин ОЖТ, ТжДБО Үйге:
1. Тақырыпты оқу.
2. MS Excel-де сабақ кестесін құрып келу. Оқушылар үйге берген тапсырманы күнделікке жазады. Сұрақтары болса сұрайды.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги

Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения