Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
12.04.2016
0
200
1

8-сынып тәрбие сағаты. Тақырыбы: Бақыттың 7 құпиясы





Буланова Асем Даданбековна,

ҚР, Алматы облысы, Талдықорған қаласы. 

«Алматы облысының білім басқармасы» ММ

«Талдықорған қаласының есту қабілеті бұзылған

балаларға арнайы мектеп-интернаты» КММ тәрбиешісі

Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың бойындағы адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына,алдына қойған армандарына жету жолдарын табуына ықпал ету. Адамның бойында болатын достық сезімі қастерлі екендігіне көз жеткізу. Жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың еске сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: Оқушыларды кішіпейілділікке, кешірімділікке, еңбекқорлыққа, сенімділікке, уақыттарын босқа өткізбеуге, жанындағы адамдарға керек болу, жақылық жасай білуге тәрбиелеу.
4. Коррекциялық: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, дыбыстарын қадағалау, ым тілінде сауатты сөйлей білуге бағыт беру


Түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ситуациялар, ой бөліс, көрініс, пікір алмасу
Барысы:
I. Ұйымдастыру.

Бақыт деген не деп ойлайсыңдар? Ілияс Есенберлин
- дұрыс айтасыңдар, барлық адам бақытты болуы үшін жаралған. Бақыт - алда тұрған арман, мақсат. Осы бақыттың 7 құпиясы бар екен. Олай болса бәріміз бірге сол құпияны ашып көрейік.
II. Арман. Мақсат.
Армансыз адам бола ма?
Арманның үлкен, кішісі бола ма?
Арманға қалай қол жеткізуге болады?
«Атаның сөзі – ақылдың көзі» демекші. Арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала-өссем дейді, қарт-жүзге жетсем дейді, ұстаз-шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды.
Мақалдардың мағынасын түсіндіріңдер.
«Арманына ақылды жетеді, ақымақ өмірден түңіліп өтеді
"Арман – адамға қанат" дегенді қалай түсінесіздер?
III. Кешірім.
Өкпелей салып, кешіру оңай емес. Дегенмен де мына жағдайларды есіңізге ұстаңыз:
1. Кез келген адам тұрмыс-тіршілікте қателік жіберуі мүмкін. Оны дер кезінде жөндеп отырса, оқасы жоқ.
2. Қандай да бір шешім қабылдайтын болсаң, өз шешіміңе байыппен қарап, талқылауға тырыс.
3. Екінші адамның жанды жеріне тимеуге тырыс.
4. Өзгенің айтқандарын толық мақұлдамасаң да, толығымен жоққа шығарма.
5. Жай «кешір» дей салу тыңдап тұрған адамның ашуын қоздырып жіберуі мүмкін. Сондықтан қарсы шабуылға шығып кетпей, байыпты болғаныңыз дұрыс.

IV. Денсаулық /көрініс/
Балғын достарымен бірге компьютер клубына барғысы келеді, бірақ ақшасы болмайды. Көңілсіз Балғынның алдынан Денсаулық шығады. Денсаулық:
- Бауырым неге көңілсізсің?
- Достарымның бәрі компьютер ойнауға кетті. Шіркін қалтамда ақшам болса, мен де ойнауға барар едім.
- Мен саған бір дорба ақша берейін, бірақ бір шартым бар.
- Қандай?
- Сен маған бір қолыңды бер.
- Жоқ, келіспеймін.
- Онда, екі дорба ақша берейін.
- Жооқ, келіспеймін.
- Осының үстіне тағы бір сандық алтын қосып берейін.
- Мен бәрібір келіспеймін.
- Неге?
- Саған қолымды берсем, мен жұмыс жасай алмаймын, жазу жаза алмаймын, тамақ та іше алмай қаламын. Одан да мен өзім жұмыс жасап ақша табамын.
Денсаулық: Осы көрініс туралы не айтар едіңдер?
Адамның ең басты байлығы денсаулық
Денсаулық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
«Дені саудың – жаны сау»
«Ауырып ем іздегенше,
Ауырмаудың жолын ізде»
«Денсаулық зор байлық»
V. Еңбектену
Слайд «Еңбек» /оқушылардың еңбектері мен нәтижелері/
Тапсырма сұрақтарға жауап беріңдер
1. Адам не үшін өмір сүреді?
2. Өмірден өз орнын табу деген не?
3. Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
- Үлгілі отбасын құру үшін.
- Білім алу үшін.
- Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін.
- Жоғары атаққа ие болу.
- Адал достар көп болу.
- Бақытты болу.
- Еңбекқор, адал, әділ болу
- Адамдармен тіл табыса білу.
VI. Сенімділік /ситуациялық сұрақтар/
Ойланып, келесі сұрақтарға жауап беріп көр:
1 –Әлемдегі ең бай 5 адамды ата
2 – «Әлем аруы» байқауының соңғы 5 жүлдегерлерін ата.
Қолыңнан келмеді ме? Жауап беру қиындау болды ма?
 Уайымдаудың қажеті жоқ, себебі ол ешкімнің есінде жоқ.
 Сыйлықтар шаң басып қалады.
 Жүлдегерлер де ақырындап ұмыт болады.
Олай болса келесі сұраққа жауап беріп көрейік:
1 – Сенің біліміңді толықтыру жолында үлесін қосқан 3 мұғалімді ата
2 – қиын кезде қасыңда болған 3 досыңды ата.
3 – өзің сенетін 5 мұғалімді ата
4 – өзің сенетін 5 досыңды ата.
 Қолыңнанкелеме?
 Сенің өміріңдегі маңызы бар адамдар, ең мықтылардың қатарында емес, сондай-ақ ең бай да емес, олар тіпті үлкен сыйлықтардың иегері де емес…
 Олар сенің жаныңда болатын, саған сенетін және сен сенетін адамдар.
VII. Махаббат
а) /шығармашылық тапсырма/
б) Ойланайық, пікірлесейік
Махаббат неліктен құдіретті де қасиетті ұғым?
Махаббат дегеніміз – шын жүректен жақсы көру сезімі. Махаббат – бақыт, шаттық, қуаныш, сүйіспеншілік, жақсы көру, түсінісу, өзара сыйластық, ізгілік, адамгершілік, жаны ашу, қайырымдылық, нәзіктік, шыдамдылық, төзімділік сияқты қасиетті ұғымдармен байланысты.
Махаббаттың сыйластық пен достыққа қандай байланысы бар?
Махаббат достықтан, өзара түсінушіліктен, жалпы мақсаттардан, қызықтардан, ұмтылыстардан басталады.
Ал махабаттан не басталады?
«Бәрінің бастауы – Махаббат!». Махабаттан барлық басталады: өмір, жұмыс, арман, өнер, батырлық.

VIII. Уақыт. Қорытынды.
Тәрбиеші бос құмыраныалып, таспен толтырады. Шәкірттерін жинап, оларға:
- Құмыра толы ма? – деп сұрақ қояды. Шәкірттері:
- Иә, - деп жауап береді.
Уақыт бұршақ толы банканы алып, түгелдей құмыраға құяды. Бұршақ тас арасындағы бос жерді толтырды. Сонда тәрбиеші:
- Енді толы ма? - депсұрайды. Шәкірттері бас изеді.
Бұл жолы тәрбиеші құм толып тұрған қорапты алып, құмыраға құйды. Құм бұршақ пен тас арасынан өтіп, бүкіл бос жерді толтырды. Шәкірттері мұны көріп, таң қалады.
Тәрбиеші сонда былай дейді:
- Сендерге айтайын дегенім, құмыра — біздің өміріміз. Тас — өміріміздің басты бөліктері: балалар, отбасы, достар, денсаулық. Бұршақ — бізге қуаныш сыйлайтын дүние, бірақ ең маңызды нәрсе емес, яғни үй, жұмыс, көлік, бағалы заттар, т.б. Құм — кез келген адам өмірінде бар ұсақ-түйек нәрселер.
Егер басында құмыраны құмға толтырсаңыз, бұршақ түгілі тасқа да орын қалмайды. Өмірде де солай: ұсақ-түйекке уақыт жұмсасаң, бастысына уақытың жетпейді...
Оқушылар ым тілінде оқиды.
 Адами қасиеттер –махаббат, мейірімділік, жомарттық, өзгенің жанын түсінушілік, ешкімге қорлық көрсетпеу.
 Тәкаппарлық, қызғаншақтық, өз қамын ойлайтын адам жақсы болмайды.
 Өткен оралмайды. Сондықтан бүгінгі күнмен өмір сүру керек.
 Бақытты болып, жұртқа жақсылық жасайық. Қазіргі шақ туралы ойлайық. Өткенді ойлау – уақыт жоғалту.
 Өткен өтті, ауыр сөзді ұмытайық.
 Амандасқанда өзгеге тілер саулығымыз шын жүрегімізден шықсын.
 Уақытымызды босқа өткізбей, бәріміз бақытты болайық
XІ. Жақсылық жасау туралы видео материал
Рефлексия /Тәрбие сағатынан алған әсерлерің/
ХІІ. Жүректен –жүрекке.
Оқушылар барлығымыз да бақытты болуға жаралғанбыз. Ендеше, өз бақыттарыңызды бағалай отырып, лайым бақытты болайық.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения