Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
09.04.2016
0
181
0

Урок математики в 6 классе.Тема: "Осьтік симметрия"

Сагидуллина Даригуль Саиновна,

учитель математики КГУ Аккудукская средняя школа"

Хромтауского района Актюбинской области, Казахстан

 

Класс: 6                          

 

Пәні: математика           

 

Cабақтың тақырыбы:  Осьтік симметрия

 

Мақсаты:Оқушылар симметрия ұғымымен танысады.
Геометриялық фигуралардың симметрия осьтерін табу дағдыларын жетілдіреді. Түзуге қатысты симметриялы нүктелерді салуды үйренеді;Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту үшін жағдай туғызу, өз пікірлерін білдіруге жетелеу. PISA  Халықаралық зерттеуінің тапсырмаларын, белсенді оқыту әдістерін пайдалану арқылы тақырыпты меңгереді. «Оқушы- оқушы» жағдайында қарым-қатынас арқылы тәрбиелеуге    көме ктесу.

 

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының  стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: презентация, бағалау парақтары, стикер, сызғыш, циркуль, кеспелер.

 

Сабақтың барысы:

 

І кезең:    Қызығушылықты ояту

 

ІІ кезең:   Мағынаны  ашу

 

ІІІ кезең:  Ой  толғау

 

         І .  Қызығушылықты ояту

 

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, құралдарын тексеру.                 

 

  Психологиялық  ахуал  орнату:

 

Балалар барлығымыз  бір-бірімізге  қарап  жақсы сөздер айтайықшы.  Айнұр  сен бүгін қандай әдемісің!....

 

     Т о п т а с т ы р у стратегиясы:     “Геометриялық фигура”  әдісін  қолдана отырып оқушыларды топқа бөлу.

 

                  1 топ   Үшбұрыш               2 топ    Төртбұрыш                    3 топ   Шеңбер

 

 «Ми шабуылы» стратегиясы  / топпен жұмыс /

 

І –Үшбұрыш  тобы:

 

1. Түзу,  кесінді дегеніміз не?
2. Биссектриса, сәуле дегеніміз не?

 

ІІ –Төртбұрыш  тобы:

 

1.Перпендикуляр  дегеніміз не?
2. Параллель түзу дегеніміз не?
ІІІ –Шеңбер тобы:

 

1. Бұрыштар туралы түсініктерің қандай?
2. Декарт координаталық жүйесіндегі координаталар қалай аталады?

 

ІІ. Мағынаны  ашу    

 

«Екі жақты күнделік» стратегиясы./Мәтіннен өздеріне әсер етіп ойында қалған үзіндіні жаз./

 

    Ғылым мен өндірістің дамуы үшін, табиғаттағы құбылыстардың эстетикалық талғамда болатындығын анықтап білу үшін симметрия ұғымын оқып білу керек.
Табиғатта болатын барлық құбылыстарды: денелердің қозғалысын ұшақтар мен ракеталардың аспанда самғауын, кемелердің су бетінде, су астында жүзуін, электр жарықтарының пайда болу себептерін, өсімдіктер мен жануарлардың өсіп жетілуін, жаңа заттардың пайда болу жолдарын математикалық өрнек арқылы жазып көрсетуге болады.
Ал біздің бүгінгі өткелі отырған симметрия тақырыбы сол әсемдік пен сұлулықты, жұптылықты, өмірге қажеттілікті, эстетикалық талғамды, қызығушылықты көрсететін тақырып.

 

«Симметрия» грек сөзінен алынған, ол «гармония» сөзі сияқты бірдей өлшемділікті, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді. Симметрия әр түрлі болады. Симметрияның ең қарапайым түрі - түзуге қатысты симметрия.

 

 

 

INSERT  стратегиясы

 

   Балалар симметрия туралы не білдіңдер, не білгілерің келеді?

 

INSERT кестесін толтыру  (әр топ оқушыларының алдына кесте беріледі) әр оқушы  тақырып туралы не біледі және не білгілері келетіні туралы жазады.

 

V

(не білдім)

+

(мүлдем жаңа нәрсе)

?

(көп білгім келеді?)

 

 

 

ЖИГСО  әдісі

 

1.Оқушылар тапсырманы оқып  өзара талдайды.

 

2. Барлық  топтар орындарымен  ауысып  білімдерімен  бөліседі.

 

    Оқушылар бір-біріне барып барлығы  білімдерін ортаға салып талқылайды.

 

1- Үшбұрыш тобы

 

Берілген түзуге қатысты симметриялы нүктелерді салуды үйренейік.
Ол үшін:
1/ k түзуін сызып, одан тыс жатқан А нүктесін белгілеу керек;
2/ А нүктесі арқылы k түзуіне перпендикуляр түсіру керек: АД ┴ k;
3/ перпендикулярдың k түзуінен кейінгі созындыда Д нүктесінен бастап ұзындығы АД - ға тең ДА1 кесіндісін салу керек. Сонда k түзуіне қатысты А нүктесіне симметриялы А1 нүктесі салынады.
2-Төртбұрыш тобы.

 

Берілген түзуге қатысты берілген кесіндіге симметриялы кесіндіні салуды үйренейік.

 

Ол үшін кесіндінің ұштарынан берілген түзуге перпендикуляр түзулер жүргіземіз. Кесінді ұшы мен түзуге дейінгі арақашықтықты түзудің созындысында өлшеп саламыз. Сонда кесінді ұштарына симметриялы нүктелер шығады.

Түзуге қатысты симметрияда ара қашықтық сақталады, кесінді кесіндіге бейнеленеді.
Егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы екі фигура бір - бірімен беттесетін болса, ондай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады.
3-Шеңбер тобы.

 

Симметриялы фигуралар өзара тең болады.
Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда ондай фигура осьтік симметриялы фигура деп аталады, ал түзу сол фигураның симметрия осі деп аталады.

 

Мысал келтір.

 

«Топтастыру» стратегиясы

 

 Осьтік симметрия қазақтың ұлттық ою - өрнектерде де кесдеседі. Мысалы оның түрлері мен аттары: қошқармүйіз, қосмүйіз, гүл ою, т. б.

• Жұлдыз өрнегі – аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды.
Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.
• Қошқармүйіз – қошқардың екі шекесіне иіріліп кеткен қос мүйізіне ұқсайды. Ол ұлттық киімдерде және текемет, сырмақ, аяққап, т. б. киіз бұйымдарында кездеседі.
Презентация ( интерактивті тақтадан оқушылар ұлттық ою - өрнек түрімен танысады)
5. «Ой толғау»

 

  1. «Болжам кестесі»

 

Берілген суреттерде симметрия осін жүргізуге бола ма? Қанша симметрия осін жүргізуге болады?
Оқушылар берілген фигуралардың симметрия осьтерін сызып көрсетеді.
Симметрияның ең қарапайым түрі – түзуге қатысты симметрия.

2 .PISA форматындағы тапсырмалары:

 

Жұлдыз құрақ

 

 Айдостың әжесі шаршы тәріздес үстел бетіне төсейтін «Жұлдыз» құрақпен көрпеше құрады.

 

Сұрақ 1.Жұлдыз құрақ

 

Берілген фигура ішінде неше үшбұрыш бар?

 

Жауап:_________

 

Толық жауап: 24

 

Сұрақ 2.Жұлдыз құрақ

 

Берілген суретте симметрия осін жүргізуге бола ма? Қанша симметрия осін жүргізуге болады?

 

Жауап:

 

 а\ ия, 4

 

 ә\ия, 2

 

 б\ ия,6

 

Толық жауап:а\ия,4

 

Сұрақ 3.Жұлдыз құрақ

 

Қызыл шаршының ауданы 100 см2 ,сары үшбұрыштың табаны 20 см-ге тең болса,барлық фигураның периметрін есепте.Шешімін көрсет.

 

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Толық жауап:160 см

 

 

 

 

 

Координаталық жазықтық

 

  Координаталық жазықтықта нүктелер белгіленген.

 

Сұрақ 1.Координаталық жазықтық

 

Белгіленген нүктелердің координаталарын анықта.

 

Жауап:_____________________________________________________

 

Толық жауап: А ( 0; 4 ), В( 1; 1 ), С (4; 1), Д( 2;- 1 ), Е( 3;- 4 ), К (0; - 2),

 

 Ғ(- 3;- 4 ), N( - 2;- 1 ), М (- 4; 1), L (- 1; 1)

 

Сұрақ 2.Координаталық жазықтық

 

  1. Ордината осіне қарағанда симметриялы нүктелер бар ма?

 

Жауап:         а. ия            ә. жоқ
2. Абсцисса осіне қарағанда симметриялы нүктелер бар ма?

 

Жауап:         а. ия            ә. жоқ
3. Симметриялы кесінділер бар ма?
Жауап:         а. ия            ә. Жоқ

 

Толық жауап: ия, жоқ, ия

 

Сұрақ 3.Координаталық жазықтық.

 

Салынған нүктелерді тізбектей кесінділермен қос.Қандай фигура шықты және ол қай оське қарағанда симметриялы.Жауабыңды тұжырымда.

 

__________________________________________________________________

 

__________________________________________________________________

 

Толық жауап: Жүлдыз, ордината осіне қарағанда симметриялы

 

 

 

2 . Деңгейлік тапсырмалар

 

А. Берілген фигуралардан осьтік симметриялы фигураларды таңдап алыңдар.
В. Координаталық жазықтықтағы А(2; 6) нүктесіне:
1) Ординаталар осіне қатысты симметриялы нүктені тауып, координаталарымен жазыңдар;
2) Абсциссалар осіне қатысты симметриялы нүктені тауып, координаталарымен жазыңдар.
С. АВС тең бүйірлі үшбұрыштың В төбесі арқылы өтетін k түзуі – оның
симметрия осі. А төбесінің симметрия осінен қашықтығы 3, 5 см. ВС
қабырғасының ұзындығы 9 см. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.

 

7. Үйге тапсырма: №1173, №1174, №1175.

 

 

 

8. Бағалау.

 

Оқушылардың топтағы белсенділігіне қарай топ басшылары мүшелеріне баға береді.

 

Бағалау критерийлері:                                                    

 

Жауап толық қабылданады – 1 балл.                       

 

Жауап қабылданбайды – 0 балл.

 

Жинаған ұпай саны:9-11 үпай- «5», 6-8 ұпай- «4»,  3-5 ұпай- «3»

 

 

 

Бағалау парағы

 

 

 

Топ аты:                                                      Пәні:математика        Класы:6          Күні: 

 

Оқушының аты-жөні

Ми шабуылы

ЖИГСО

Ой толғау

PISA

тапсырмасы

Деңгейлік тапсырма

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9. Сабақты қорытындылау
Міне, біз бүгін осьтік симметрия жайлы таныстық. Симметрияны біз күнделікті өмірде, табиғатта, тұрмыста, қазақтың ою - өрнектерінде айқын көруге болатындығын көрдік.
Енді мына өлең жолдарын өздеріңе арнаймын.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,
- деп әрі қарай үнемі білімдеріңді жетілдіріп, өте жақсы деген бағаға оқуларыңызға тілектеспін.

 

Рефлексия:
- Симметрияның қажеттілігі.

 


 

 

 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения