Жеткеншек Мендигалиев
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
09.04.2016
0
272
0

Начальный казахский класс: "Жақшалы өрнектер"

Автор: Жошыбаева Мархабат

Алматы қаласы

№148 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Сынып: 2-сынып

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Жақшалы өрнектер

 Сабақтың мақсаты: Жақшалы өрнектерді жазу және оқу тәсілін түсіндіру.

 Оқыту мен тәрбиелік міндеттері:

·   Білімділік:Жақшалы өрнектерді жазу және оқудағдыларын қалыптастыра отырып, жақшалы өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібімен танысады. Түрлі танымдық тапсырмаларды орындайды.

·   Дамытушылық:Жақшалы өрнектердегі амалдарды орындау барысында түрлі логикалық тапсырмаларды орындай отырып, ой-өрістерін өз бетінше жұмыс істей алу қабілетін, есептеу дағдыларын жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, тақырыпты саналы меңгеру дағдыларын қалыптастыру.

·   Тәрбиелік:Белгілі математиктер жайлы алынған деректер арқылы тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. Топтық сайыс тапсырмалары арқылы шапшаңдыққа, жылдам ойлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың типі:Жаңа тақырыпты меңгерту

 Сабақтың әдісі:Топтық жұмыс, өздік жұмыс, түсіндіру, ойын, практикалық әдістер

 Көрнекіліктер, құрал-жабдықтар:Алдын-ала дайындалған деңгейлік тапсырмалар және флипчарттар, ұлы математиктердің суреттері, демонстрациялық көрнекі құралдар ( балық, үй, көл), интерактивті тақта, кесте.

 Сабақ жоспары(сабақ  блоктары және оны уақыт бойынша бөлу)

Қысқаша мазмұны

Сабақ блоктары, ондағы мұғалім мен оқушының

 іс-әрекеті

Уақыт б/ша

бөлу (минут)

1.Ұйымдастыру бөлімі:  Сабақ мақсатымен таныстыру

1

2. Сабаққа кіріспе: SMART тақтасында дайындалған флипчарттардан ұлы математиктердің суреттері интерактивті тақтада көрсетіледі. Сынып оқушылары осы математиктердің аттарымен аталып, топқа бөлінеді.

1

 

 

 

 

3. Үй тапсырмасын тексеру: Интерактивті тақтада алдын-ала дайындалған флипчарттарда пердені біртіндеп ашу арқылы орындалады.

2

 

 

4. Жаңа сабақты түсіндіру:

· Математикалық диктант  (топтық жұмысты интерактивті тақтада, жай тақтада тексеру арқылы қорғайды)

·        Ауызша жаттығулар арқылы жақшалы өрнекке көшу

 

· Электронды оқулықпен жұмыс

· Оқулықпен жұмыс  (№4-тапсырма)

· Сергіту сәті

· Оқулықпен жұмыс  (№5-тапсырма)

·  Үй тапсырмасы: 46-бет №5- тапсырманың (ә)

·  «Балық аулау» ойыны

 

 

4

 

             6

 

              3

              3

              3

  5

              1

              4

5. Жаңа сабақты бекіту үшін деңгейлік тапсырмалар орындалады.

1-деңгейжікте және тексер

2-деңгей – жақшалы өрнектер

3-деңгей – теңдік тура болатындай жақша қой. Геомет. фигура

 

2

3

             5      

6. Сабақты қорытындылау

1

7. Оқушылар білімін бағалау

1 

Барлығы

45 минут

Сабақ барысы

 Блок   

 мазмұны

Слайд және флипчартты басқару, ауыст/у, көрсе/у

 Сабақтың мақсаты:  

Сабақта:

· жақшалы өрнектерді жазу және оқу жолдарын;

·  жақшалы өрнектердегі амалдардың орындалу

    тәртібін  үйренеміз;

· алған білімді жалпылау,  деңгейлік тапсырмалар

   арқылы тексеру;

· тапсырмалар арқылы білімдерін бекіту;

·  ұлы математиктер туралы мәліметтерден хабардар

    ету.

 

 

 

1 слайд

 

 

 

 

 

Сабаққа кіріспе:

    Қазақ жері – математиканың негізін салған ұлы математик -тердің мекені. Ұлықбек, Фарабидің ұрпағы, О.Жәутіков, А.Жұмаділдаевтің бауырлары бұл сабаққа асқан қызығушы -лықпен қатысады деп ойлаймын. Сабақ барысында топпен бірлесе отырып жұмыстар жүргіземіз. Топпен жұмыс бары- сында топтардың ұпайлары және жекелей оқушылардың ұпайлары  мына тақтада көрсетіліп отырады. (Ұлы матема -тиктердің суреттері флипчарт арқылы интерактивті тақтада көрсетіледі)

2-3 слайдтар

Үй тапсырмасын тексеру:

5- тапсырма (44-бет)

  9*12-5                   6+9*3+7            50*10

  6+8*7+9               14-8*12-5           30+40*50          

  14-8*16-7             18-8*15-5           60*100-80

 

  1-3 флипчарттар 

Жаңа сабақты түсіндіру:

· Математикалық диктант

І топ:

 «Дұрыс немесе бұрыс»

- 8 бен 5-тің қосындысы 14-ке тең

- 7 мен 4-тің қосындысы 11-ге тең

ІІ топ:

Арттыр, кеміт

-7-ні 3-ке арттыр

- 8-ді 4-ке кеміт

ІІІ топ:

Компоненттерді ажырат

           -Бірінші қосылғыш 5, екінші қосылғыш 7 қосындының мәні неше?

           - Азайғыш 13, азайтқыш 8 айырманың мәні неше?

(3 топқа үш тапсырма берілді. Оқушылар топта ақылдаса отырып, есептеп, тексеріп, интерактивті тақтада дәлелдейді)

 

 

4-6 флипчарттар

 

 

 

 

 

· Ауызша жаттығулар орындалады.

Жақшалы өрнектерге түсініктеме беріліп, оларды жазу, оқу және амалдардың орындалу тәртібіне байланысты өрнектер жазылып, оқылып қайталанады. Тақтаға бұлттарда жазылған өрнектер ілінеді. 

 

 

60+30

20+70

100-90

 

 

 

 

 


Өрнектердің қандай сандардан құрылғанын пысықтап алып, 80,30,40 сандары жазылған тамшыларды азайтып, қосуға жұмылдыру. Өрнекті жақшаға алатынымызды яғни, жақшалы өрнекпен таныстыру.Оқылуын бірнеше рет қайталатып оқыту

    І топ                         ІІ топ                       ІІІ топ

 

60+30     

20+70

100-90

 

 


                -80=                           +40=                         -30=

 

·Электронды оқулықпен жұмыс

·Тыңдап, ережені бірнеше рет қайталағаннан кейін, пысықтау сұрақтары қойылады.

-Дұрыс жауап шығу үшін қандай тәртіппен орындадық?

-Бірінші жағдайда алдымен жақша ішіндегі амалды орындап содан соң санды қостық.

-Ал екінші жағдайда алдымен жақша ішіндегі амалды орындап шыққан санды саннан азайттық.

Кесте арқылы тағы бір рет пысықтап өту.

Орындалу тәртібі түсінікті болса, әр топ өзіне берілген өрнектің мәнін тауып көрсін. Тақтаға әр топтан бір-бір оқушыны шығарту. Олардың түсіндіре отырып, шығаруын талап ету. (3 оқушы түсіндіре отырып тақтаға шығарады. Қалғандары дәптерлеріне орындайды.) Әр топтың ұпайларын және жекелей оқушылардың еңбегін бірден бағалап отыру.

Интерактивті тақтадан әр топқа келесі тапсы

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения