Роза Жаймакова
Должность:Заместитель директора по учебной части
Группа:Посетители
Страна:Кзылординская область, город аральск
Регион:не указан
13.03.2013
0
2320
0

Құқықтық сауаттылық-заман талабы

Республика Казахстан, Кзылординская область, город Аральск

Аральский многопрофильный колледж

Преподаватель истоирии и права

Сейтбаев Ергали Сагынгалиевич

 

Құқықтық сауаттылық - заман талабы

 


Мақсаты
 Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;
Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;
Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау.

Мазмұны:

БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды, егер ел заңдары бойынша кәмелетке толу жасы осыдан кіші бекітілмесе.
Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.
Конвенцияға қатысушы мемлекеттер «ересектерді де, балаларды да Конвенцияның ұстанымдары мен ережелері туралы кең ақпарат беруге» міндетті. Конвенцияның ережелерін бақылаудың халықаралық механизмі бар, ол Бала құқықтары жөніндегі Комитет.
Қазіргі уақытта елдердің көпшілігі Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті (АҚШ пен Сомалиден басқасы). Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылдың 8-ші маусымында бекіткен. Конвенцияның 44 бабына сәйкес, оған қол қойған елдер заңдары мен мемлекеттік саясаттарын Конвенцияға сәйкес келтіруге бағытталған шараларды қолдану туралы БҰҰ-на есеп беру тиіс.

Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қадағалаусыз қалу және құқық бұзушылықтың алдын алу
  Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қадағалаусыз қалудың алдын алу мәселесi ерекше көңiл бөлудi талап етедi, себебі аудандағы криминогендiк ахуалдың даму болашағы бүгінгi таңда жасөспiрiмдер және жастарға қатысты қолданылып жатқан тәрбиелiк-құқықтық шаралардың тиiмдiлігіне тiкелей байланысты.
      Жоғары және орта оқу орындарында құғық қорғау бағытындағы жастар құрылымдары желiсiн қалпына келтiру және дамыту жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыру оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оның жолын кесуде құқық қорғау органдарына жәрдем көрсетуге ықпал ететiн неғұрлым перспективтi бағыт болып табылады.
Кәмелетке толмағандар iстері жөнiндегi учаскелiк полиция инспекторларының, оның ішінде мектеп инспекторлары қызметi кадрлармен одан әрі нығайтуды қажет етедi.
      Оқу орындары оқушылары жасайтын қылмыстар санының артуы соңғы жылдарға тән ерекшелік болып отыр. Осы проблеманы шешу жолдарының бiрi-жалпы білiм беретiн оқу орындарында мектептерге бекiтілген кәмелетке толмағандар iстерi жөніндегі учаскелiк полиция инспекторларын енгiзу тәжiрибесiн одан әрі тарату болып табылады. Осы лауазымдарға тағайындау кезінде алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін тәжірибелі педагог-ер адамдарға басымдық беру қажет.
      Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, осы жас тобындағы қылмысты ескертудi қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік-пайдалы қызметке қатысуын қамтамасыз ету үшін тек қана құқық қорғау органдарының ғана емес, сонымен қатар, жалпы барлық қоғамдық институттардың күш-жігері қажет.
Жас азаматтардың көкейкесті проблемаларының бірі- жұмыссыздық болып қалуда. Осы мақсатта жастар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстарын күшейту, бос орындар туралы ақпараттармен алмасу үшін жағдайлар жасайтын бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, еңбек нарығындағы сұранысты анықтау, жұмыссыз жастар мен әлеуетті жұмыс берушілер арасында байланыс орнату үшін ықпал ету қажет.
Жасөспірімдер мен жастар қылмысының проблемаларын шешуде басымдықтарды, қолжетімді спорт нысандары желісін кеңейту жолымен спортпен айналысуға жасөспірімдер мен жастарды тартуға беру керек.

Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті нығайту

Әлеуметтік-құқықтық құқық бұзушылықты алдын алу
Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қадағалаусыз қалу және құқық бұзушылықтардың алдын алу
Маскүнемдік пен қылмыстың қайталануының алдын алу
Есірткі қылмыстары мен нашақорлықтың алдын алу
Қоғамдық орындарда және көшелерде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу
Заңсыз көші-қонды ескерту және жолын кесу
Табиғат қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу

Біліп жүрейік!
 
1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
20-қараша – дүниежүзілік балалар күні
10-желтоқсан – адам құқығы күні
10.12.1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ
қабылдады
1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны
жариялаудан басталды.
1979ж – халықаралық балалар жылы өтті
20.11.1989ж - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
28.01.1993ж - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.
8.06.1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны
бекітті
30.08.1995ж - ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып,
екінші рет қабылданды

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения