Сұңқар Тоқтарханқызы
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:не указан
08.04.2016
0
207
0

"Тарих -ғасырлар куәсі" атты ашық тәрбие сағаты

 

  Атты ашық тәрбие сағаты

(Қазақхандығының 550 жылдығынаорай)

 

Сабақтақырыбы«Тарих- ғасырларкуәсі» (сайыскеші)

Сайыстыңмақсаты:Оқушыларға қазақ Хандығы туралы алған білімдерін өздігінен жұмыс жасатып, ойын түрінде, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану, ой өрісін дамытып, сөлеу қабілеті мен есте сақтау қабілетін арттыру.

 Сабақтыңтүріқайталау, қорытусабағы 

 СабақтыңкөрнекілігіслайдшоуҚазақелі» видеоролик, қазақтыңұлыхандарыменбатырларыныңфотосуреттері, Қазақстанеліндегібатырларғаарналғанескерткіштердіңфотосуреттері, халықкүйлерініңжазбалары)

1.     Сайыстың барысы:

Құрметті, оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы

«Тарих-ғасырлар куәсі». Сабақ қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған сайыс кеші түрінде өткізіледі.

1.     Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан

халқына арнаған 2015 жылғы Жолдауы қалай аталады?

          (Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Жолдауы).

2.     2015 жылы қандай атаулы мерейтойларды тойланады? 

(Қазақхандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы).

                   «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» – деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.

2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы  маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

Осыған байланысты, елімізде жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту мақсатында бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды.

Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында. Олай болса бүгінгі қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Тарих-ғасырлар куәсі» атты сайыс сабағымызды бастайық.

Сынып 2 топқа бөлінеді: І-топ «Керей тобы», ІІ-топ «Жәнібек тобы».

Сайыс соңында жеңімпаз топ мақтау грамотасымен марапатталады.

Сайыстың әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1.  Микулич Н.А   – тарих пәнінің мұғалімі

2.Тілектес Хамитовна  – қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің мұғалімі

 

2.     ВИДЕОРОЛИК «Қазақ елі»

 

3.     Сайыс барысы:

 

1.     «Толған ел тарихын таспен жазады,

                Тозған ел тарихын жаспен жазады» туры (тарихтан сұрақтар)

І. Қазақ хандығының құрылуы:

1.     Алтын Орда ыдырағаннан кейін қандай жаңа  мемлекеттер құрылды?

А) Сібір хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандығы

В) Жоңғар хандығы, Сібір хандығы

С)Моғолстан хандығы, Қазақ хандығы

2.     Керей мен Жәнібек сұлтандар қай жерде қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды?

А) Батыс Жетісу жерінде

В) Орталық Қазақстанда

С) Шығыс Қазақстанда

3.     Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды?

                   А) Әл-Марвази

                   В) Рашид ад-Дин

                   С) Мұхаммед Хайдар Дулати

4.     Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер?

             А) Қозыбасы

              В) Сайран

              С) Түркістан

5.     ХҮІ ғасырдың соңындағы Қазақ хандығының астанасы?

              А) Сығанақ

              В) Сайрам

              С) Түркістан

6.     Қазақ халқының ұраны болған сөз.

             А) Шыңғыс

              В) Жошы

              С) Алаш

7.     Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзған шапқыншылық.

              А) Моңғол шапқыншылығы

              В) Жоңғар шапқыншылығы

              С) Орыс шапқыншылығы

8.     1710 жылы жоңғарлар шабуылын тойтару мәселесін талқылай үшін

қазақ жүздерінің өкілдері бас қосқан жер.

              А) Қарақұм

              В) Қызылқұм

              С) Қозыбасы

9.     “92 баулы өзбек” шежіресінде қай хандық туралы айтылады?

А) Қазақ хандығы

В) Әбілқайыр хандығы

С) Ноғай Ордасы

1.     Бұл кезеңде бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді қалай атады?

А) «Аңырақай» шайқасы

В) «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»

С) Орбұлақ шайқасы

1.     Қазақтарды «Ислам дініне сенетін халықтар» деп кім жазды?

А) Марко Поло

В) Рашид ад-Дин

С) А.Дженкинсон

2.     Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдалах хан риза болып қай жерді сыйға береді?

А) Жетісу

В) Ходжент

С) Хантау

3.     1598 жылғы шайқаста екі жақтың билеушісі де қаза болып, екі хандық хансыз қалды, бұл хандықтар:
A) Моғолстан мен Өзбек хандығы
B) Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы
C) Ташкент билеушісі мен Қазақ хандығы

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения