Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
08.04.2016
0
202
0

Ю әрпінің жазылуы

Туякова Гайни Кабаевна,

преподаватель села Мортык,Целиноградский район,

Акмолинская область,Казахстан

Сабақтың тақырыбы: Ю әрпінің жазылуы.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Ю әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру.              

2. Балалардың таным белсенділігін дамыту, ойларын қорытындылау, сұрақтарға жауап беру, ойлану жүйелілігін арттыру. Әдемі, көркем, қатесіз жазуға қалыптастыру.

3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, оқулық , карточкалар, ребус.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, халықтық педагогика.

Түрі: аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, ойын, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

р/с

1

Сабақтың мерзімдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі, оқушылардың біліктілігін арттыру.

Психологиялық дайындық.

Барлығымыз көзімізді жұмып

Мен сабақта, мектептемін,

Менің зейінім тұрақты,

Мен жақсы ойлап отырмын.

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың білімін бекіту.

қандай дыбыс?

әрпі қандай дыбыстардан құралған?

әрпінен кейін қандай дыбыс естіледі?

әрпінен кейін қандай әріп жазылады?

Я - қосарлы дауысты дыбыс.

Я әрпі йа дыбыстарынан құралған.

И әрпінен кейін а дыбысы естіледі.

И әрпінен кейін я әрпі жазылады.

4

Жаңа сабақты түсінуге дайындау. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

2-слайд.

Ребустарды шешу.

 

-Ребустардың шешулері болған сөздерде неше дыбыс, неше әріп бар?

Қандай сөздер шықты?

 

Аю қайда болады, ол нені жақсы көреді?

 

 

Оюды кімдер ояды, қандай ою түрлерін білесіңдер?

 

Ю қандай дыбыс?

Ю әрпі қандай дыбыстардан құралған?

 

Дәптермен жұмыс.

 

 

-Бүгінгі күнді жазайық..

Көркем жазу.

 

Интерактивті тақтаға ребустың шешулері болған сөздерді жазу.

 

 

Аю, ою сөздері шықты.

Бұл сөздерде екі әріп, үш дыбыс бар.

 

Аю орманда болады.

Ол балды жақсы көреді

Оюды әжелер ояды.

 

«Қосмүйіз»-бұл бұғы мүйізін негіз еткен ою түрі. Оюдың бұл түрін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына және етіктің қоншына салады. Сонымен қатар бақыт-береке, байлық, мал-жанның көбеюі сияқты символдық мәні бар.

 «Қазмойын»-әдемі мойынды тұспалдай

ды. Бұл өрнекті көбіне әйелдер көйлегінің ете гіне, тонның, күртелер   дің өңірлеріне салып, табиғаттың ерке құсы сынды еркіндікті,сұлу

лықты тілейді.

 

Ю қосарлы дауысты дыбыс.

 Сөзде йу дыбыстары естілгенімен, олардың орнына ю әрпі жазылады.

 

Дәптерімізді ашайық

Қолға қалам алайық

Түп-түзу боп отырып,

Көркем етіп жазайық.

 

Ақ қар, мұз тау етегі-

Ақ аюдың мекені.

 

5

Білім меңгеруі мен қолдана білуі.

Оқулықпен жұмыс.

 1-жаттығу.

-Көп нүктенің орнына ю әрпін қойып жаз.

  А..., о..., ұ..., то..., көрке..., үлке..., шалқа... .

-Әр сөзде неше әріп, неше дыбыс бар?

 

Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың,

 Құлпынай көп екен.

Теріп, теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

 

Өзіндік жұмыс. 2-жаттығу.

-Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

 

дыбысы кездесетін сөзді ата.

дыбысы қалай естіледі?

 

-Аю, ою, ұю сөздерінде екі әріп, үш дыбыс бар.

-Тою сөзінде үш әріп, төрт дыбыс бар.

-Үлкею сөзінде бес әріп, алты дыбыс бар.

-Көркею, шалқаю сөздерінде алты әріп, жеті дыбыс бар.

 Аю орман аралап келе жатыр еді. Ол араның ұясын көрді. Аюдың бал жегісі келді. Аю араның ұясына қолын салды. Аралар аюды шағып алды.

 

Ю дыбысы аю сөзінде кездеседі.

Ю дыбысы йу болып естіледі.

6

Сабақты бекіту.

 

 3-жаттығу.

 

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.

Дөңгелектер ішінде орналасқан буындардан сөз құрастыр.

Қисаю, шалқаю, еңкею, жантаю сөздерінің мағыналарын қимыл арқылы көрсету.

5-жаттығу.

-Жаңылтпашты көшіріп жазып, ю әрпі бар сөздердің астын сыз.

 

-Ю әрпі бар сөздерде неше әріп, неше дыбыс бар?

 

 

 

Шығармашылық жұмыс.Түрлі түсті қағаздан ою ою.

-Орашолақ, олақ деген сөздердің мағынасын қалай түсінесің?

-Қарамен жазылған қатар тұрған екі ою сөзіне сұрақ қою арқылы мағынасын салыстыр.

 

Тою

Үю

Есею

Кеңею

Қартаю

Сарғаю

 

Ю әрпі йу дыбыстары-

ның орнына қолданған.

 

 

Еңкею , шалқаю ,қисаю, жантаю.

 

Ою ою ойым бар-ды,

Ойналмастан ойын қалды.

Орындалмай ойымдағы

Ойылмады ою-дағы.

Орашолақ , олақпын ба,

Оя алмадым оюларды?

Ою сөзінде екі әріп, үш дыбыс бар. 

                   

Түрлі түсті қағаздан ою ою.

Олақ дегеніміз жалқау, еріншек деген мағынаны білдіреді.

Не?-ою

Не істеу?-ою

7

Сабақты қорыту.

Бес жолды өлең құрастыру.

  1. Не?                                                      

2. Бұл не?                                               

3. Бұл қандай дыбыс?                            

4. Ол не істей алады?                            

5. Ю әрпі бар сөйлем құра.                   

 

 

  1. Ю

2. Бұл әріп.

3. Қосарлы дауысты дыбыс.

4. Жазылады, айтылады, естіледі, көрінеді.

5. Йу естілгенімен, ю әрпі

8

Рефлексия.

Сабақ ұнады ма? екенін алмаларға жазып, ағашқа ілу.

Сабақ ұнады.

9

Үйге тапсырма.

 

Өте жақсы қатыстым.

Өте жақсы қатыстым.

Жақсы қатыстым.

10

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения