Роза Жаймакова
Должность:Заместитель директора по учебной части
Группа:Посетители
Страна:Кзылординская область, город аральск
Регион:не указан
13.03.2013
0
4064
2

Трансформаторлар туралы жалпы мәлімет

Арал көпсалалы колледжі әдіскері Роза Жаймақова
Электротехника пәнінен сабақ жоспары



Сабақтың тақырыбы:

Трансформаторлар туралы жалпы мәлімет


Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:трансформатрдың құрылысын,жұмыс істеу принципін,қолданылуын,түрлерін оқып- үйрену
б) дамыту:ойөрісін,ойлау қабілетін,ескетүсіру қабілетін дамыту;
в) тәрбиелік: ұқыптылыққа,тазалыққа,сауаттылыққа,әдептілікке;
Сабақ түрі: Жаңа сабақ түсіндіру;
Сабақ әдісі: миға шабуыл,суретпен жұмыс,тірек сызбамен жұмыс,жеке жұмыс, сұрақ-жауап,өзін-өзі бағалау;
Пәнаралық байланыс:физика, материалтану
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар ,үлестірме-тапсырма,сызба суреттер, оқулық, демонстрациялық трансформатор 220\12 В және 36\4В, 12В және 36В кернеулі лампалар,сымдар,бағалау кестесі,электрлік өлшеуіш приборлар (амперметр,вольтметр,миллиамперметр);
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру бөлімі.Оқушыларды түгелдеу,оқу-құрлдарын тексеру,сабаққа дайындығын қарап шығу.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
1- тапсырма.Үлестірмелі-тапсырма арқылы үй тапсырмасын бағалау,оқушыларды екі топқа бөліп тапсырманы таратып беру. Үлестірме тапсырмадағы бос торларды оқушылар толтыруы тиіс.
А-нұсқа
Р\с Өлшенетін шама Прибордың аты Шартты белгісі
1 Т о к к ү ш і Амперметр
2 К е р н еу

3 К е д е р г і Омметр
4 Электр қ у а т ы

5 Жиілік Частотомер

Б-нұсқа
Р\с Өлшенетін шама Прибордың аты Шартты белгісі
1 Т о к к ү ш і

2 К е р н еу Вольтметр

3 К е д е р г і
4 Электр қ у а т ы Ваттметр

5 Ж и і л і к

Үлестірме-тапсырманың жауабы тақтаға ілінеді.Оқушылар өздерінің қателерін қызыл қаламмен тексеріп, 5 балдық жүйеде тиісті бағаларын алады. Оқушылардың бағасы бағалау кестесіне түседі.
2- тапсырма. Демонстрациялық электр өлшеуіш приборлардың шкаласындағы шартты белгілер мен прибордың конструкциясы және пайдаланылуы жөніндегі шартты белгілер бойынша сұрақтарға жауап береді.
3- тапсырма. Сұрақ – жауап арқылы электр өлшеуіш приборларға қойылтын негізгі талаптарды сұрау. Оқушылардың бағасы бағалау кестесіне түседі.
ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту. Тірек сызба арқылы үй тапсырмасын бекіту.

IV.Жаңа сабақты түсіндіру.Трансформатор бір кернеудегі айнымалы тоқты басқа кернеуге түрлендіретін электродинамикалық құрылғы.


220В 12В



220 В 380В

Трансформатор деп, бір кернеудегі айнымалы токты жиілігі сондай, бірақ кернеуі басқа айнымалы токқа айналдыратын статикалық электромагниттік аппаратты айтады.
Трансформаторлар электр энергиясын аса қашыққа жеткізуге және сол энергияны тұтынушылардың арасына бөлшектеп таратуда ең көп практикалық қолдау тапты.
Электр энергиясы көзінің желісіне жалғанған орам бірінші реттік деп аталады да, энергияны тұтынушыға жеткізетін орам екінші реттік деп аталады. Әдетте бірінші реттік орам мен екінші реттік орамдағы кернеу бірдей болмайды.
Егер бірінші реттік кернеу екінші реттік кернеуден аз болса, онда трансформатор жоғарлатқыш деп, ал егер алғашқы кернеу екінші кернеуден көп болса, трансформатор төмендеткіш деп аталады. Қалаған трансформаторды жоғарлатқыш етіп те, төмендеткіш етіп те пайдалануға болады. Кернеуді ұлғайту үшін жоғарлатқыш тансформаторлар, кернеуді азайту үшін төмендеткіш тансформаторлар қолданылады.
V. Жаңа сабақты бекіту:
Құрылысы Қызметі Түрлері

VІ.Сабақты қорытындылау,оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Оқулық. Электротехника және өнеркәсіптік электроника негіздері. В.Е.Китаев

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения