Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
08.04.2016
0
149
0

Хор капелласы

Уразалина А.Х.

хор класының оқытушысы

Шыңғырлау ауданы «Балалар саз мектебі»

Шыңғырлау ауданы, Батыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы

Мақсаты:

1. Мемлекеттік хор капелласы туралы түсінік беру, «Наурыз тойы» әнімен

танысу.

Оқушылардың қазақ өнеріне, әндеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту,

халықтың ұлттық музыка өнерін қадірлей білуге, эстетикалық талғамы мол,

өнерсүйгіш ұрпақ тәрбиелеу.

3.Әуенді айта білу дағдысын дамыту, есте сақтау, тыңдау, жатқа айту

қабілеттерінмузыкалық сауаттылық пен дүниетанымын дамыту.

Түрі: дәстүрлі емес сабақ

Әдіс-тәсілдері: Рефлексия, жаңа тәсілдер қолдану, диалог, топпен жұмыс,

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ қолдану.

Көрнекілігі: Презентация, бейнебаян, күйтабақ, саз аспаптары, плакат,

маркер, стикер,

Күтілетін нәтиже: Оқушылар шығармашылық қабілеттерін кеңірек ашады,

өз көзқарастарын еркін білдіреді, оқу үрдісінде жаңа оқыту әдістерін

меңгереді, қазіргі жаңа талаптарға сай интерактив тақтамен жұмыс жасап,

музыкалық-теориялық білімі қалыптасады.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Ой ашар

Ой толғаныс

Ән айту.

Ой қозғау.

Үйге тапсырма беру

Рефлексия

 

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу. 2. Сыныпты 1,2,3,санау бойынша3- топқа бөлу.

3)Психологиялық дайындық (Қуаныш шеңбері)(4 минут)

II. Ой ашар

1.Үй тапсырмасын (интерактивті тақта) топпен жарыстыру арқылы сұрау.

5-минут)

( Сабақ тақырыбын

Презентация бойынша  «Хор капелласы» — тақырыбы аясында  түсінік беру.

 

Хор — вокалдық музыка орындаушылар ұжымы. Хор дауыс құрамына

байланысты біртектес (әйелдер, ерлер, балалар хоры) немесе аралас болып

келеді. Аралас хор сопрано, альт (әйел дауыстары), тенор, бас (ерлер даусы)

партияларын орындайтын төрт топтан құралады. Егер хор құрамында аталған

партиялардың бірі болмаса, онда ол жартылай аралас хор делінеді. Әрбір

хорлық партия хор шығармасының ыңғайына қарай бірнеше дара

партияларға (1 және 2-сопрано) бөліне алады. Аралас хор құрамында ең

кемінде 12 адам (яғни 3 топты құрайтын 4 партиядан: сопрано, альт, тенор

және бас даусынан), ал кәсіби хор құрамында 100 — 120 адамға дейін

болады. Мысалы, Қазақтың мемлекеттік хор капелласы, М.Е. Пятницкий

атындағы орыстың халық хоры, т.б. 2) Хорға арналған музыкалық шығарма.

3) Ішекті музалық аспаптардың, қос, үш, т.б. бір дыбысты ішектер тобы.

ІІІ. Қорытынды

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения