Қалибеков Саят Манарбекұлы
Должность:Учитель биологий
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:ВКО, Курчумский район, село Курчум
07.04.2016
0
168
0

Биология пәні бойынша ашық сынып сағаты "Дәрументер және олардың маңызы"





Сыныбы: 8 - сынып

 Пәні: Биология              

 Мұғалім: Қалибеков С.М.

Сабақтың тақырыбы: «Дәрумендер және олардың маңызы»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға,адам ағзасына қажет дәрумендер туралы ақпараттар бере отырып, олардың ағзадағы  маңыздылығын ұғындыру,дәрумендердің жетіспеуінен организмде болатын өзгерістерімен таныстыру.Оқушыны өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу,ізденіске жетелеу. Өздігінен жұмыс істеуге, ойлауға, сұрақ қоюға  дағдыландыру, өзін-өзі бағалуға үйрету, өз бетінше білім алуға тәрбиелеу. Денсаулық кепілі – тамақтану мен СӨС екендігі туралы тәрбиелік білімдерін жетілдіру.

Сабақтың міндеттері: Ұжыммен жұмыс істеуді, дәрумендер (витаминдер) жайлы біледі. Топпен жұмыс жүргізеді, бірінің пікірін бірі тыңдай алу қабілеттері дамиды. Сабақ барысында алған теориялық білімдерін топ ішінде талқылап, практикада қолдана білуді түсінеді. Логикалық ойлауы дамиды. Денсаулығының қымбаттығын түсінеді.

Әдіс-тәсілдері: Модульдық және ұжымдық оқыту технологиялы, ой шақыру стратегиясы, кластер, топтық жұмыс.

Сілтеме:  Мұғалімге арналған нұсқаулық, интернет, «Биолог» журналы.

Ресурстар:  Оқулық, слайд,  маркер, стикер, кестелер, тест, ватман.

 

Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Күтілетін

нәтиже

Бағалау

1.

Ұйымдастыру

3мин

«Шаттық шеңберін» құру: оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, әр оқушының жақсы қасиеттерін айту арқылы сыныпта оқушылар арасында еркіндік атмосферасын орнату.

Топқа бөлу. «Қоректік заттар».

Бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, жақсы қасиеттерін айтады.

 «Қоректік заттар»түрлері арқылы топқа бөлінеді.

1-топ: «Бейорганикалық заттар» (Ca, N, H2O)

2-топ: «Органикалық заттар» (көмірсу, май, нәруыз)

Оқушының сабаққа деген ынтасы артады

 

2

Үй тапсырмасын сұрау

5 мин

«Сұрақты ұстап ал»  тәсілі.

Оқушыларға доп лақтыру арқылыбір-біріне өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды. Алдымен өзім сұрақ  қоямын. Ұстап алған оқушы жауап береді.Ары қарай оқушылар өздері жалғастырады.

Оқушылар сұраққа жауап береді.  Сұрақ қояды.

Оқушылардың білімдері байқалады. Сұрақ қою дағдысы қалыптасады.

Дұрыс жауапқа бір балл. Күлегіш бере отырып бағалаймын.

3

Жаңа сабақ

 

3 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Миға шабуыл"

1. Кез келген тірі организм үшін қоректенудің маңызы қандай?

2. Біз энергияны  қайдан аламыз?

3. Органикалық заттардың ішіндегі маңыздысы  қайсысы деп ойлайсындар?

4 .Седерге таныс  ақуызды көз алдыларыңа елестетіп көріп, түсінік бере  аласыңдар ма?

Оқу құрал жабдықтарын дайындайды.

Сұраққа жауап береді.

Топқа бөліне отырып, сұрақтарға жауап іздейді. Бір-біріне әңгімелеп талқылайды.

Оқушылардың бұрынғы білімдері мен логикалық ойлаулары байқалады.

Бағалау критерийі:

Сұраққа жауап

1күлегіш – 1 балл

 

20мин

 

 

 

1. Жаңа сабақты хабардау.

2. Жаңа сабақты игеру.

А) Витаминдердің маңызы туралы айту. (№1-2 слайдтар)

Ә) Витаминдердің топтары мен түрлері туралы айту.(№ 3-3 слайдтар)

Б) Тағам өнімдеріндегі витаминдерді сақтау жолдары. (№ 3-3 слайдтар)

 

Жаңа ақпараттарды тыңдайды. Жаңа термин сөздерді дәптерлеріне жазып отырады. Сұрақтары болса, мұғалімге қол көтеру арқылы қойып, жауаптарын алып отырады. Мұғалім қойған сұрақтарға жауап қайтарады.

Ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Бірінің пікірін бірі тыңдайды. Достық, ұжымшылдық қасиеттері дамиды.

Сұраққа жауап

1күлегіш – 1 балл

4

Бекіту

10мин

Тест

Жауапты топ болып табады.

Диалогқа түсу арқылы ауызекі сөйлеу дағдылары дамиды.

Сұраққа жауап

1күлегіш – 1 балл

5

Рефлексия

2мин

1. Кері байланыс.  «Бас  бармақ» әдісі.

Бас бармақ жоғары қараса , онда   ... Мен түсіндім

Бас бармақ  көлденең   қараса ...  Мен түсінгендеймін

Бас бармақ  төмен қараса ... Мен түсінбедім.

 

2. Сұрақтар  салынған қорап.

 Сыныпта  оқушылар осы қорапқа өздері түсінбеген сұрақтарын  салып  қалдырады, ол сұрақтар келесі  сабақта  талқыланады.

Ойларын жүйелейді, қорытындылайды,

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақ жазады.

Кері байланыс арқылы оқушылардың бүгінгі сабақ туралы ой пікірі байқалады.

 

 

 

Сұрақтар арқылы оқушыларға түсініксіз сұрақтарды білу  және анықтау.

 

6

Үйге тапсырма

2мин

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения