Буланова Асем Даданбековна
Должность:учитель-информатик, воспитатель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Алматинская область
07.04.2016
0
289
0

Салауаттану бағытынан ашық тәрбие сағаты «Толағай – спорттық сайыс» ойыны.

Алматы облысы Талдықорған қаласы

«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Буланова А.Д.

Тақырыбы:«Толағай – спорттық сайыс» ойыны.

Мақсаты:«Денсаулық» ұғымының адамгершлік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Өтілетін орны: Спорт зал

Көрнекі құралдар: Толағай жазуы, спортқа байланысты нақыл сөздер, шарлар.

Спорттық құралдар: Спорттық құралдар, доп, ысқырғыш, қапшық, шығыршық т.б құрал жабдықтар.

Жарыс өтілетін спорт залды дайындау

1.Спорт залдың санитарлық-гигеналық талаптарға сай жуылуы,тазалануы.

2.Залды жарыс талабына сай дайындау.

3.Жарыста қолданылатын спорт құралдарын реттері бойынша дайындап қою.

4.Жарыс кезінде көмектесуге, құралдарды құруға, жинауға көмекшілерді дайындау.

Өту барысы:

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар! «Денсаулық құпияларының бірі – спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан «Толағай» спорттық сайысына  қош келдіңіздер!

Командалар ортаға шығады.

1-жүргізуші: Ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерін таныстыруға келді. Кезектесіп шығып өздеріңізді таныстырыңыздар.

(Ойыншылар шығып өздерін таныстырады)

1.Сұңқар

2.Қыран

 

1-жүргізуші: Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!

 

1-жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Күшімізді көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,

Қаймықпай, көңілді болып тарайық!

 

1-жүргізуші: Бүгінгі спорттық сайыс 7 конкурстан тұрады.

1. «Мұртты кенгуру» сайысы.

2. «Пингвин» сайысы.

3. «Эмоцияны немесе іс-әрекетті қайтала.

4. «Сафари» сайысы.

5. «Футбаскет» сайысы.

6. «Кім көп секіреді?» сайысы.

7. «Желаяқтар» сайысы.

1-жүргізуші: 1 конкурс: «Мұртты кенгуру» сайысы.

Бала қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп отырып екінші

жаққа келіп берілген есепті шығарады. Қайтарда жүгіріп келеді.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Мұртты кенгуру» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

 

1-жүргізуші: 2 конкурс: «Пингвин» сайысы.

Допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре

сызығына келгенде инструкторлардың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кетеді.

 (Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Пингвин» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі

әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

 

1-жүргізуші: 3 конкурс: «Эмоцияны немесе іс-әрекетті қайтала!».  

Оқушыларкезекпен-кезек орындықта байланып тұрған шарды алып, отырып жару керек. Шардың ішіндегі жазылған эмоцияны көрсету керек. Кездескен кедергілерден өту қажет: обручтан өту, бір аяқпен секіру.

 (Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Эмоцияны немесе іс-әрекетті қайтала» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

1-жүргізуші: 4 конкурс: «Сафари» сайысы.

Қаппен секіріп барып себеттегі допты шеңберге лақтыру. Қайтар жолда тағы секіріп қайту.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Сафари» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

1-жүргізуші: 5 конкурс: «Футбаскет» сайысы.

Балалар допты футболдағыдай аяқтарымен теуіпкедергілер арасынан өтеді. Берілген тапсырманы орындап, допты баскетболдағыдай алып қайтады.

 (Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Футбаскет» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

1-жүргізуші: 6 конкурс: «Дәл тигізу» сайысы.

Бірінші ойыншы шығыршықты домалатып жүргізеді, сол топтың 2 ойыншысы шығыршықтың ішінен допты жерге соғып бір-біріне беру керек.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Дәл тигізу» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

1-жүргізуші: 7 конкурс: «Желаяқтар» сайысы.

Балалар желаяқтар жүрісімен жылдам жүріп барады да, қайтарда жүгіріп келеді.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Желаяқтар» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Жалпы ұпай санын тыңдайық. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

1-жүргізуші:

Ұрпақ керек ертеңгі алда,

Болашақты болжайтын.

Дені таза, тәні таза,

Елін, жерін қорғайтын!

1-жүргізуші:

Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

Әділ қазылар: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Толағай» спорттық сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Деніміз сау болсын, ағайын!

1-жүргізуші: Толағай әнін орындауын қабыл алыңыздар!

«Толағай»

Біз толағай, біз толағай,

Тау көтерген баладай.

Ұмтыламыз жеңіске,

Қиындыққа қарамай.

Алға достар, бастаңдар,

Ақ көңілдер аспандар.

Бас иеді біздерге,

Асу, асу асқарлар,

Қ-сы: Толағай, Толағай, Толағай! (хормен)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения