Самиева Балкенже Онгарбековна
Должность:учительница начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Республика Казахстан, город Уральск, поселок Шынгырлау
06.04.2016
0
106
0

Сыныптан тыс іс-шара «Әнші қарлығаштар»

 

Шыңғырлау ауданы балалар саз мектебінің

 хор класының оқытушысы

Уразалина Айман Хасановна 

 

Тақырыбы: «Әнші қарлығаштар»
Мақсаты:
Оқушылардың алған білімдері мен үйренген әндерін паш ету, ән айтуға қызығушылығын арттыру, дауыс диапазондарын дамыту, сахна мәдениетіне баулу.
Көрнекілігі: домбыра аспабы, нақыл сөздер, музыкалық аппаратура, ән авторларының суреті, өмірі, шығармалары туралы ақпараттар
Сабақ түрі: ән кеші
Барысы:

 1) Ұйымдастыру (Мұғалімнің кіріспе сөзі)
2) Музыкалық термин сөздерге анықтама беру
3) Ән авторларымен таныстыру
4) Үйренген әндерді орындау
Жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Жердің сәні - жеміс, өнім, дақылы, Адам сәні - өнер, білім, ақылы, демекші мектебіміздің өнерпаз балаларының «Әнші қарлығаштар» кешіне қош келдіңіздер!
Мотивациялық оятушылық
Жүргізуші: Балалар, күн болмаса айнала қандай болар еді?
Балалар: Қараңғы, суық т. б.
Олай болса күнге ризашылығымызды білдірейік! Көңіл күйімізді көтеріп әсем әндерімізді шырқайық!
Балалар:(қолдарына гүл ұстаған балалар бәрі бірге) Қуанамын мен де, қуанасың сен де, қуанамыз бәріміз, арайлап атқан күнге!
(Жүргізуші оқушылардан гүлдерді жинап алып, қонақтарды топқа бөледі, кеш соңында әнші қарлығаштардың өнеріне ризашылықтарын білдіретінін айтады)

Оқушылар кезекпен:

1. Кел достар бастайық,
Бастайық, ән кешін,
Қызықтан бос қалып,
Еш бала жүрмесін

2. Құрметпен көп тосқан
Келіпті қонақтар
Келіңдер, кел достар
Қазір ән айтамыз!

3. Ал, тура қараңдар
Жақсы ән, күй келсін
Білмейтін балалар
Білгеннен үйренсін

4. Абай, Жамбыл, сал Біржан
Домбырамен ән салған
Жүрегіңді жандырған
Естіген ел тамсанған

5. Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй!

Жүргізуші:
Мектептің әдемі ғой, әр сабағы
Қызық - ау, әсіресе, ән сабағы
Шарипа Шара болып би билесе
Күлипа Күләш болып ән салады
Бәріміз бұл сабақта тамашамыз
Үкілі бөрік киіп жарасамыз
Апайға ән үйреткен риза болып,
Үйді - үйге өлең айтып тарасамыз

Жүргізуші: Жеке орындаушы - музыкалық шығарманы бір өзі орындайтын әнші
Ендеше алдарыңызда «Ана туралы жыр» әнімен Бекжанға қошеметтеріңіз!
ән орындап болған соң, « қай әншіге ұқсап жеке орындауда ән шырқағың келеді» деген сұраққа әнші өзі ойын айтады

Жүргізуші: Дуэт – толық үндестікпен орындайтын екі адамға арналған шығарма. Итальян тілінен аударғанда duetto және латынша duo - екі музыкалық шығарманы, екі адамның екі түрлі аспапта, немесе екі бірдей аспапта орындауы екі адамның қосылып екі дауыста орындауы. Олай болса, «Аруана» әнін екі әншіміздің орындауында тыңдап көрейік! Сымбат және Азизаны қарсы алайық! ән орындап болған соң, «эстрада жұлдыздары арасында қандай дуэтті топты білесіңдер» деген сұраққа әншілер өз ойларын айтады

Жүргізуші: Трио – үш орындаушыдан құралған әншілер тобы (итальян тілінен ауд. trio. tre - үш) М. Шахановтың сөзіне жазылған Ш. Қалдыаяқовтың «Арыс жағасында» әнін
Дамир, Әлішер, Әли орындап береді
ән орындап болған соң, « қай топтың орындауындағы әндерді көбірек тыңдайсыздар» деген сұраққа топтағы орындаушылар өз ойларын білдіреді
Жүргізуші: Квартет (итаquartetto - төртінші) төрт орындаушыдан құралған әншілер тобы
Абай атамыз қазақ халқының көзі ашылып, алдыңғы қатарлы мәдениетті елдер қатарына қосылуын, еңбекті, білім мен өнерді, татулық бірлікті жырлаған. Олай болса, «Көзімнің қарасы» әнін Аяулым, Аружан, Нұрболат, Мейіржан шырқап береді
ән орындап болған соң, « алдағы уақытта топ құратын болсаңыздар топқа қандай атау бересіздер» деген сұраққа ойларын айтады
Жүргізуші: Хор - (грек. choros) ежелгі грек театрларындағы комедия мен трагедияларда өнер көрсететін орындаушылар тобы
А. Шамкеновтың сөзіне жазылған Ә. Еспаевтың «Ұстазым менің» әнін орындауға хор ұжымын шақырамын. (хор орындалады)
Жүргізуші: Гүлдер бойынша топқа бөлінген қонақтар әр әншіге тілек ниеттерін білдірсе деймін, құрметті қонақтар, өз заманында ең көбірек айтылатын әндерді естеріне түсіріп жіберсеңіздер де болады.
Жүргізуші: 2 айда 3млн 28 мың адам тыңдап көрген ел арасында танымал әнге айналған «Алло, бұл кім?» әнін бәріміз жатқа білеміз, қыз балалар мен ер балалар тобына бөлініп бұл әнді бірге шырқайық! (әншілерге ең жаңа әндер топтамасы сыйға таратылады)
Жүргізуші: Өнер қарлығаштары ән аспанында қалықтай берсін!
Ән кешімізге келіп тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Жүздескенше!

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения