Самиева Балкенже Онгарбековна
Должность:учительница начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Республика Казахстан, город Уральск, поселок Шынгырлау
06.04.2016
0
124
0

Ашық сабақ «Орыс халқының музыкасы»

 

Шыңғырлау ауданы балалар саз мектебінің

 хор класының оқытушысы

Уразалина Айман Хасановна 

 

 Сабақтың тақырыбы:  «Орыс халқының музыкасы»

Мақсаты: Білімділік: Орыс халқының музыкасы және музыка аспаптарымен танысу.

Дамытушылық: Қазақ халқының музыкасымен салыстыру арқылы оқушылардың ойлау, тыңдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Орыс халқының музыкасына құрметпен қарауға және достыққа тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тыңдау, ән айту, би билеу т.б.

Көрнекілігі: Орыстың музыкалық аспаптары (бубен, трещетка, погремушкалар, маракастар, балалайка), суреттер, нота тақтасы, сөзжұмбақ, үнтаспа.

Сабақтың барысы: «Біз-бейбіт ел ұланы» әнін орындап, оқушылар сыныпқа кіреді. -Қандай музыка? -Марш! (есік қағылады) -Кіріңіз! (Буратино кіреді) Мұғалім:- О,Буратино, кіре ғой, қайдан жүрсің? Буратино:- Жаңа жолда кетіп бара жатқанымда, балалардың ән айтып жатқанын естіп қалып едім, олар осында ма екен? Мұғалім:- Иә, олар осы сыныпта. Буратино: -Бұл балалар көп біледі ме,мен жолдан мынандай кілттер тауып алдым, бірақ қандай кілттер, нені ашатынын білмей басым қатты. (бірнеше скрипка кілттерді көрсетеді) Мұғалім:-Буратино, бұлардың қандай кілттер екенін білмейсің бе? Буратино:-Жоқ! Мұғалім:- Балалар, бұл қандай кілт, нені ашады? (оқушылар жауап береді) - Ендеше мына тақтадағы сиқырлы ноталарды ашайық, осы кілт ашады ғой деймін. (ішіндегі жылтыраған ерекше скрипка кілтті көрсетеді) Буратино: – Таптым! Осы ерекше кілтпен мына ноталарды ашайық, қалған кілттерді кімде-кім сабаққа жақсы қатысып отырса, соған беріп отырамын, кімде көп кілттер болса, ол жақсы баға алады, келістік пе? Мұғалім:- Жарайды, келісейік пе, балалар? 1-ші нотаны ашайық, қандай нота «ДО»

Үй тапсырмасы ( «Ахмет Жұбанов» атты сөзжұмбақ арқылы үй тапсырмасы тексеріледі) – Келесі қандай нота? (Буратино «ми» деп айқайлайды) -Жоқ, Буратино қателесесің, «ре» нотасы. «РЕ»Жаңа сабақ -Қазақстан жерінде әр түрлі ұлттардың өкілдері тұрады.Қазақтар қай халықты болсын жатырқамайтын, кіммен болса да, достық пен сыйластықта өмір сүрген халық. - Біздің жерімізде қандай ұлттар тұрады? (оқушылар жауап береді) -Қазақстанның көршілес қандай мемлекеттер бар? - Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттері бар,бүгінгі сабақтан бастап, көршілес мемлекеттердің музыкаларымен танысатын боламыз.Республикамызбен шектесетін мемлекеттің бірі – Ресей Федерациясы. Біз Ресеймен ғасырлар бойы көршілес тату елміз.

Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Орыс халқының музыкасы». Орыстың музыкалық аспаптарымен таныстырып өтейін. (аспаптарды көрсетемін) Балалайка – 3 ішекті, домбыра тәрізді, көлемі жағынан кішкене, шанағы үшбұрыш. Гармонь – тілді, баян тәрізді аспап. Треугольник – үшбұрышты ұрмалы аспап. Бубен – ұрмалы, сылдырмақ аспап. Трещетка – ағаштан жасалған ұрмалы аспап. Свирель – сыбызғы тәрізді, үрмелі аспап. Маракастар – ұрмалы, қасық аспаптар. ( әр аспаптың қалай ойналатынын көрсету және оқушыларға қолдарымен ұстатып ойнату) «МИ» Музыка тыңдау Орыстың музыка аспаптарында орындайтын «Камаринская», «Калинка» атты халық әндерін тыңдау. -Қандай музыкалық аспаптың үндерін естіп тұрсыңдар, музыка көңілді ме? - Қазақтың домбыра аспабында күйші, әрі домбырашы Бақыт Қарабалина орыстың шығармаларын көп ойнаған, (портретінкөрсетемін) тыңдайық. «ФА»Ән орындау - Қазақ халқының әзіл айтыс өнері сияқты орыс халқында частушки айтылады. Алдарыңда частушки әнінің сөзі жатыр, 1 рет оқып шығыңдар.(әнді орындау, не жайлы екенін талқылап, көңілді, ойнақы орындауға үйрету) «СОЛЬ» Би билеу -Балалар, қазақтың «Қамажай», «Қара жорға» халық әндеріне билеп көрдіңдер ме? Орыстың «Во поле береза стояла» әніне билейміз деп биші қыздар қонаққа келді, тамашалайық. (орыстың ұлттық киімін киген қыздар билейді) «ЛЯ»

Сабақты бекіту

- Балалар бүгін сабақта не өттік? - Қай халықтың музыкасымен таныстыңдар? - Қандай шығармалар тыңдадыңдар? - Орындаған частушки ұнады ма?

Үйге осы әнді жаттап келесіңдер. «СИ» Бағалау - Буратино, оқушылар сабаққа қалай қатысты? Кілттерін санап бағалап жіберші. - Енді, Буратино соңғы нотаны өзің ашуыңды сұраймыз. «ДО» Сау болыңдар! (Буратино оқушылармен қоштасады)

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения