Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
12.03.2013
0
2750
0

«Астрономия негіздерін» қайталау

   Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

№103 Қ.Пірімов атындағы орта мектептің 

Физика пәні мұғалімі

Өмірзақ Маржанкүл Қаршығақызы

 

Сабақтың тақырыбы: 

«Астрономия негіздерін» қайталау

 

                                          Уақыт талабына сай әр баланы жеке тұлға ретінде дамуына 

                                          физика-астрономияны  оқытудағы қызығушылығын

                                          қалыптастыруда , есте сақтауға қабілетін шыңдау, ой-өрісін

                                          кеңейту.

                                          9 сыныпта  «Астрономия негіздері» тарауы бойынша

                                          астрономиялық шамаларды, құбылысты сипаттайтын өрнектерді ,

                                          өлшем бірліктерді қаншалықты меңгергендігін бақылау

Сабақтың тақырыбы: Астрономия негіздерін қайталау

Сабақтың мақсаты:  Астрономия негіздері тарауы бойынша аспан, шоқжұлдыздар,

                                       планеталар, Күн менАй туралы, Кеплер заңдары, жұлдыздық

                                       шамалар жайында қаншалықты меңгергендіктерін бақылауЕсте

                                      сақтау және шығармашылық қабілетін шыңдау, өздік ізденісінің

                                      дамуына ықпал ету.

 

 

Сабақтың түрі:  Қайталау 

Сабақтың   әдісі:    Сұрақ жауап, жұмбақтың шешуін тап, мақалды жалғастыр

Көрнекіліктер:  Ж.А.Ж К , Жұмбақтар ,мақал-мәтелдер,тест материалдары, слайд

 

Барысы: Оқушылар екі топқа бөлінеді «Жұлдыздар»     «Ғарыш»

 

 І  « Бәйге»

 

Екі   топқа

Әр сұраққа 1 балдан

 

1.Шоқжұлдыз деген не?

2. Аспанда    қанша шоқжұлдыз  бар?

3. Көрінерлік жұлдыздық шама деген не?

4.Аспан сферасы дегеніміз не?

5 Зенит дегеніміз не?

6. Эклиптика   - аспан экваторына қалай орналасқан?

7.Экваторлық координаталарды атаңдар?

8.Аспан мередианын жұлдыздар тәулігіне  неше рет кесіп өтеді?

9 .  Уақыт бірліктері

10. Қазақстан жері арқылы қанша және қандай сағаттық белдеулер өтеді?

11.Надир дегеніміз не?

12. Аспан   сферасының  негізгі элементтерін атаңдар?

13.Жыл мезгілдерін атаңдар?

14.Жер планатасына ұқсас планета?

15. Алғашы   ұшқыш-ғарышкер ?

 

 

ІІ   тапсырма

«Жұлдыздар»  тобына

1.Жұлдыздарды  бақылағанда телескоптар не үшін қолданылады?(телескоп көп жарық жинап және әлсіздеу жұлдыздарды көру үшін пайдаланады)

2.Күннің  шығу және бату  нүктелерінің орны бір жыл ішінде не себепті өзгереді ? (Күннің ауысуы өзгеруіне байланысты)

3.Барлық жырақтар бір тәулікте қандай аспан дөңгелек екі рет қиып өтеді? (Аспан меридианын )

4. Кеплердің І заңын тұжырымда (барлық планеталар Күнді айналады, оның фокустарының бірінде күн орналасады )

5. Кәбиса жыл-ден қандай жылды айтады?

ІІ «Ғарыш» тобына

1.Шырақтың көкжиектік пороллоисы деген не?

2. Күнтізбе деген не, оның қандай түрлері бар?

3. Сидерлік ай деген не , оның ұзақтығы (Айдың жұлдыздарға қатысты өз орынына қайта келу уақыты- 27,32 тәулік)

4. Бүкіл әлемдік уақыт ретінде не алынған (Нөлінші сағаттың белдеу, Тринвич меридианында орташа күн уақыты)

5. Планета афелийден перигелйге орын ауыстырғанда, оның жылдамдығының мәні қалай өзгереді?(Планеталар перигелийге үлкен жылдамдықпен, кіші жылдамдықпен афелийде қозғалады)

 

ІІІ  тур «Кім ақылды»...мақалды жалғастыр екі топқа

1.Сүмбіле туса,......(су суыр)

2.Жаздың бір күні,қыстың......(мың күні)

3.Қаз келсе,жаз келер.

   Қарға келсе,......(қатқақ келер)

4.Сәуір болмай,......(тәуір болмас)

5.Үркерлі айдың,....(бәрі қыс)

6.Алпыс күн тасыған су,....(алты күнде қайтар)

7.Таң атпайым десе.....(күн қоймайды)

8.Қыс-арбаңды

   Жаз-.....(шанаңды дайарла)

9.Күн-ортақ,......(Ай ортақ Жер ортақ)

10.Туған ай,.....(тураған етпен тең)

 

ІV. «Жұмбақты шешуін тап»

1.Бір түкті кілем,

   Бір түксіз кілем (Аспан,Жер)

2.Көк жиекті шай табақта,

   Алтын алма тербеледі.

   Кейде бүркер алма жүзін,

   Ұлпа мақта перделер. (Күн)

3.Там басына тары жайдым.(Жұлдыз)

4.Бір емен жеті терек,алты қайың,

   Бұтағы толып жатыр дайым-дайым

   Ішінде шынар терек үш қарағай,

   Өңгесін айта беріп не қылайын. (Шолпан, Жетіқарақшы, Үркер, Үш таразы)

5. Ұзын-ұзын сырғанақ

    Ұшығына кім жетер

    Алтын бесік күйкентай

    Жұмыртқасын кім табар ( Күннің батуы, шығуы)

6. Жабық астында жарты күлше(жарты ай)

7.Жер үстінде бір бәйтерек

   Оның бар он екі бұтағы

   Әрқайсында отыз жапырақ

   Отызының бір жағы ақ, біржағы қара ( Бәйтерек- жыл, он екі бұтақ- он екі ай, отыз жапырақ-бір ай, бір жағы ақ-күндіз, бір жағы қара- түн)

8. Шақырса келмес, жаяу жүрмес( жаз)

 

V тур « Кім жүйрік»

«Жұлдыздар»тобына

Күннің горизонталь параллаксы 8,8"-қа тең. Юпитердің горизантал параллаксы 1,5" болғанда, ол Жерден қандай қашықтықта болады?   

 

«Ғарыш» тобына

Төменгі қосылыс мезетінде  Шолпанның горизанталь параллаксы неге тең? Күннің горизанталь параллаксы 8,8", ал Күннен Шолпанға дейінгі қашықтық 0,7 а.б.

 

 VI . Қорытынды

 

Скачать

astronomiya-negz.doc [57 Kb] (cкачиваний: 95)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения