Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
05.04.2016
0
145
0

Занятие по развитию речи. Тема : «Үй жануарлары»





Апсатова Жанна Казтаевна,

воспитатель, КГКП детский сад «Айналайын»,

село Толе би, Жамбылская обл., Казахстан

 

Білім беру салаасы: Қатынас
Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты:
1. Білімділік: Балаларды үй жануарларымен таныстыра отырып, олардың пайдасы туралы түсініктерін тереңдету. Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын меңгерту.
2. Дамытушылық: Дидактикалық ойын, мақал-мәтелдер, тақпақтар, жұмбақтар арқылы балалардың тілін, ой-өрісін дамытып, сөздік қорын молайту.
3.Тәрбиелік: Балалардың үй жануарларға деген сүйіспеншілігін ояту, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, д/о «Ненің төлі» арналған құралдар, ыдысқа салынған тағамдар: сүт, қаймақ, айран, құрт.
Әдіс-тәсілдер: комуникативтік технологиялар /көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мақтау, ойын, мадақтау, қорытындылау/ ;ақпараттық технологиялар / тұсаукесер, бейне таспа/;
Полилингвальды компоненттері: pig- шошқа-свинья, cow-сиыр-корова, horse-ат-лошадь, sheep- қой-овца, cat-мысық-кошка, dog-ит-собака

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотива-циялық қозғаушы.

Ұйымдас-тырушылық ізденушілік.

Рефлексивті кезен:

1.Сәлемдесу: 

Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түсті даламыз
Қайырлы таң балалар
Қайырлы таң апайлар
Жылулық шеңбері:
2.Атам мені «құлыным-дейді».
Әжем мені «боташым -дейді».
Әкем мені «шырағым - дейді»
Анам мені «қозым - дейді».
Ал шынында мен кіммін? Мен кәдімгі баламын.
Балалар, сендерді әке-аналарын, ата-әжелерін қандай сөздермен еркелетеді?
- Міне, балалар! Бізді еркелеткенде ата-әжелеріміз, әке-аналарымыз, төрт түлік малдың сүйкімді төлдерінің атын қолданады.
Полилингвальды компоненттері: cow-сиыр-корова, horse-ат-лошадь, sheep- қой-овца, cat-мысық-кошка, dog-ит-собака, pig- шошқа-свинья

Көркем сөз:
- Ал, қазір мен сендерге жұмбақтарды жасырамын сендер жауап беріңдер.
Тұсау кесер «Үй жануарлары»
Бейне таспа «Үй жануарлары»


1. «Жарысуға дайын,
менің қасқа... »
2. Моп – момақан өзі,
сүп – сүйкімді...
3. Тастан тасқа секіріп
ұзын салпақ құлақты
қайдан маза кетірген
кім білед...
Сөздік жұмысы: құлыным, боташым
Балалар, ал қазір біз көзімізді жұмып алдымызға қандай тағамдар тұр екенін білу үшін дәмін татып көреміз .
(Ыдыстарда: сүт, қаймақ, айран, құрт тұр).
- Жарайсыңдар, балалар!
Осы тағамдар денсаулыққа пайдалы ма?
- Балалар, тақтада қандай жануарлардың суретін көріп тұрсыңдар.

 


- Осы жануарларды бір сөзбен қалай атайды?
- Балалар, адамдар осы жануарларды неге, асырайды? Қандай пайдасы бар адамға?
- Сиыр не береді?
- Балалардың дені сау болама, сүт ішсе, ірімшік жесе?
Әр жануарлар туралы сурет бойынша әңгімелесу.
- Балалар, барлығымыз алдымыздағы суретке назар аударайық.
- Балалар, мына жануарды қалай атаймыз?
- Жылқының төлін қалай атаймыз?
- Мына жануардың атын білесіндерме?
- Сиыр, төлін қалай атаймыз?
Дидактикалық ойын.
Біз қазір сендер мен «Төлін тап» деген дидактикалық ойын ойнаймыз.
- Балалар мына жануарлардың кішкентай төлдерін біз атап өттік.
Олар серуенге шығып адасып кетіпті. Ал біз төлін табуға көмектесейік. Және осы үй жануарлардың дауыстарын дауыстайық.
- Сиыр қалай мөңірейді?
- Қой қайтып маңырайды?
- Жылқы қалай кісінейді?
- Түйе қайтып боздайды?
Сергіту сәті:
Құлыншағым құндызым,
Құлдырайды, шабады,
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
Көркем сөз:
- Балалар, кім үй жануарлар, туралы тақпақ оқып береді.
- «Құлыншақ»,
- «Мысық».

 

 


- Қандай тамаша!
- Бүгін біз төрт түлік, үй жануарлар туралы көп білдік. Біздің ата-бабаларымыз «Қойдың, сүті – қорғасын, қойды тепкен оңбасын», «Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл-көсір» - деген мақалдарды текке айтпаған.
Жесе-тамақ, кисе-киім болған жануарлар тіршілігіміздің мәні екен. Балалар, сондықтан біз үй жануарларына қамқор бола білейік.

- Балалар, бүгін бізде қандай оқу іс-әрекеті болды?
- Біз қандай жануарларымен таныстық?
- Біз не білдік?
- Біз ізденуші әрекетімізде қандай тағамдардың дәмін таттық?

 

 

Балалар шеңбер бойынша тұрып сөздерді қайталайды.

 

Балалар ата-анасының қалай еркелететінің айтады.

 

 

- тайым.

- қозы.

Жаңа сөздермен танысады

 


Балалар тұсау кесерді , бейне таспаны қарап, жауаптарды береді

- лақты.


Балалар тағамдарды татып көріп, дәмінен танып атайды.

- Ия, пайдалы.

- сиыр
- жылқы
- қой
- ешкі
- түйе
- шошқа.
- үй жануарлары.

- Былғары теріден киім тігеді, сүттің емдік қасиеті бар.
- сүт, май қаймақ, ірімшік береді.
- Ия.
Балалардың жауабы тындалады.

- мө-мө 

- мә - мә
- ми – оо
- бө - бө - о.


Балалар сөздермен бірге қимыл-қозғалыс жасайды.

 

- «Құлыншақ».
- «Шапқылауға тоймайды.
Жүйрік құлын бұл жеткен.
Тыным таппай ойнайды.
Өзіне, кім үйреткен».

Мақал – мәтелдерді қайталайды.

- тіл дамыту.

- үй жануарлармен.
- үй жануарлар өте пайдалы
- жылқы төлі
- құлын, ал түйе төлі бота.

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
Әрбір бала үй жануарларының пайдасын және қажеттілігін білуі керек.

Нені игереді:
Үй жануарлары туралы тақпақтар,
Мақал – мәтелдер үйренді.

Нені біледі:
Балалар үй жануарларымен танысып, оларды жабайы жануарлардан ажырата білді.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения