Буланова Асем Даданбековна
Должность:учитель-информатик, воспитатель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Алматинская область
05.04.2016
0
1949
3

Күзгі балға сценарий

Тақырыбы: Күзгі бал

Мақсаттары:

Ø  Күз туралы білімдерін бекіту

Ø  Оқушыларды мерекеге жауапкершілікпен дайыдалуға үйрету

Ø  Аталған тақырып бойынша оқушылардың есту, логикалық ойлау және  шығармашылық қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын молайту

Ø  Табиғатты, Отанын сүюге тәрбиелеу

Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.

Күз ханшайымы кіреді

Диалог «Күз береке»

Жүргізуші:

Баршаға өнер сүйер жар саламыз
Үкілі үміттерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз

Би «Вальс»

Жүргізуші:  Күзде жеміс-жидек, дәнді-дақылдар пісіп жетіледі. Олай болса бәріміз бірігіп күздік сорпаны әзірлейік.

Жұмбақтар

Жүргізуші:  Баршаға өнер сүйер жар саламыз
Үкілі үміттерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамызерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз

Би «Трости»

Жүргізуші:  Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатынберекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше халайық келіп отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпіз.
Жүргізуші: 

Алтын,сары,қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақтар күлімдеп

Көз тартады жалтырап

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

Жапырақтар жамырап

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді

Жапырақтар биі

Ойын

Жүргізуші: Салқын сыз, дымқыл тұман соңына ерген,

Жылауық бұлттары бар қанат көрген.

Күз келді мезгілінде арқаланып,

Күн барма байлығын ол тегін берген!?

Біз оны күтіп жүр ек әуел баста-ақ,

Кеттік те қызу істі дереу бастап

Астық жеміс, мақтасын …. –бар байлығын

Алып қалдық еңбекке айырбастап. Нағыз сары алтындай сары күз-қыркүйек айы. Ол-еңбек айы. Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай – мереке басы, өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.

ұлдар биі

Жүргізуші:  Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен 

Сән үлгісі

Жүргізуші:   Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап - сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая - мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылыс берген сыйдай

Тақпақтар айтылады

Ойын

Жүргізуші:   Алтын күз сізбен бірге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын
Бақ пен шаттық бірге қатар қонып
Береке бірлікпенен ортақтассын

Би «Гандгамстайл»

Ойын

Жүргізуші:   Қарсы алайық қол соға,
Өнерлі жас қаншама.
Мың бұралып билеген
Заманауи би ортада

Жүргізуші:   Мың бұралған өнермен,
Тамсандырған халықты
Азиз шықса ортаға
Грузин халқы биімен

Жүргізуші:   Кешіміз өтіп жатыр салтанатты
Төгілген күн нұрының шапағаты
Мың бұралып бишілер би билейді
Халайық қол соғыңыздыр мархаббатты

Жүргізуші:   Сиқырлы күз ханшайымы сіздерге өз байлығын алып келіпті.

Күз ханшайымы.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения