Буланова Асем Даданбековна
Должность:учитель-информатик, воспитатель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Алматинская область
05.04.2016
0
251
0

Экологиялық ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Жануарлар әлемін қорғау

 Мақсаты:                  

1.     Оқушылар жануарларды қорғау жайлы ой-пікірлерін қалыптастыру, қызыл кітапқа енген жануарлар туралы білімдерін кеңейту;

2.     Оқушылардың ойлау, есте сақтау, есту қабілеттерін дамыту, дыбыстарын қадағалау, өз бетімен жұмыс істеуге бағыттау, суреттер арқылы байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту;

3.     Оқушылардың жан- жануарларға деген аяушылық сезімдерін ояту

Өту барысы:

І. Ұйымдастыру

1. Бүгін аптаның қай күні?

2. Сыныпта кім кезекші?

3. Қазір жылдың қай мезгілі?

4. Көктемнің қай айы?

5. Көктемде қандай өзгерістер болады?

6. Бүгін ауа райы қандай?

ІІ. Өткен материалды  еске түсіру

1.     Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?

Үй жануарлары және дала жануарлары

2.     Үй жануарларын қалай  қорғаймыз?

Малдарға шөп, су береміз, астын тазалап, қыста жылы қораға қамаймыз.

3.     Мультфильм /Білімділер елі/

Бұл қандай кітап?

Бұл Қазақстанның қызыл кітабы

Жануарлардың суреті қызыл кітапқа неліктен салынған?

Бұл кітапта Қазақстанда өте аз қалған жануарлар мен өсімдіктердің суреті салынған

Неліктен жануарлар мен өсімдіктер өте аз қалған?

Адамдар өсімдіктерді жұлады,жануарларды аулайды, сондықтан олар азайып кеткен.

Қызыл кітапқа енген жануарларды ата

Жыланбүркіт, Пілмай, Қар барысы, Балықшы, Ілбіс, Құмай, Қызыл қасқыр, Ақиық, Балқы, Сабаншы, қоңыр аю тағы да басқа жануарлар

Қызыл кітапқа енген жануарлар қайда өмір сүреді?

Олар тек қорықтарда өмір сүреді

ІІІ. Әлемдегі қорықтар

1.     Дүние жүзінде қанша құрлық бар? көрсет (6 құрлық бар: Евразия, Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Африка, Австралия, Антарктида)

2.     Европадағы ең үлкен қорықты ата. Печеро Ильчский Ресейде 7213мың км квадрат

3.     Азиядағы ең үлкен қорықты ата.  Вьетнамдағы Там Кок паркі

4.     Африкадағы атақты қорықты ата. Намакуа ұлттық паркі

5.     Оңтүстік Америкада  Йеллоустоун ұлттық паркі бар. Ол Америка Құрама Штатында орналасқан

6.      Австралида  Намаджиет ұлттық паркі.  Канберра қаласында орналасқан

7.      Антарктидада өмір сүру деңгейі өте төмен болғандықтан материк қорық ретінде саналады  . Антарктидада пингвиндер мен ақ аюлар мекендейді.

IV. Қазақстандағы қорықтар

1 Ақсу-Жабағылы қорығы

2 Наурызым қорығы

3 Алматы қорығы

4 Барсакелмес қорығы

5 Қорғалжың қорығы

6 Марқакөл қорығы

7 Үстірт қорығы

8 Батыс Алтай қорығы

9 Алакөл қорығы

10 Қаратау қорығы

1 Ақсу-Жабағылы қорығы1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131  мың гектар жерді алып жатыр. сүтқоректілердің 51 түрі бар.

2 Наурызым қорығы1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 191 мың гектар жерді алып жатыр. Онда қабанеліксуырлар, ақ қояндар,  қарсақтүлкіборсықкүзен, ақкіс кездеседі.

3 Алматы қорығы1964 жылы құрылған. Аумағы 71 мың гектарға жуық. Шыршалы орманда бұғыелікТянь- Шань сілеусінібарысборсықтүлкіқасқырлар мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар мен таутеке көп. Соңғы уақыттарда корықта тиінсасық күзен өсірілетін болды.

4 Барсакелмес қорығыАрал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 160  мың гектар. Ондағы мақсат - жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрыкты қорғау болды.

5 Қорғалжың қорығы1968 жылы құрылған. Қорык Ақмола облысының 259 мың гектар жерін алып жатыр.Суырдала алақоржынысу егеуқұйрығықосаяқтар және басқалар мекендейді.

6 Марқакөл қорығы1976 жылы құрылған. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың гектар. Аюсілеусінбұғыарқарқасқыр  мекендейді

7 Үстірт қорығыPеспубликадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223,3 мың гектар республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы койдың ерекше түрі - устірт муфлоны және қарақұйрықұзын тікенді кірпішұбар күзентөрт жолақты қарашұбар жылан.

V. Мақал-мәтелдер.   Жалғасын тап

Түйе — шудасын,
Жылқы жалын,
Сиыр мүйізін төсейді.

 

Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді.

 

Ел көркі — мал,

Өзен көркі— тал.

 

Түйе байлық,

Жылқы мырзалық.

 

Әр таудың түлкісін,

Әдісін білген тазы алар.

 

Жақсы ат жанға серік,
Жақсы ит малға серік.

 

Құнанның жайылымы бір,

Жусауы басқа.

 

VI. Өлеңді жатқа жазу

Қызыл кітап

Аңшылыққа қалай жұрт қызығады,

Қан жуады олардың ізін әлі.

Көргеннен-ақ мылтықты менің үшін

Дүниенің дидары бұзылады.

VII. Жеке тапсырмалар

1.     Сурет бойынша әңгімелеу

2.     Қай жануар артық

а)қасқыр, қоян, түлкі, жылқы, қой, елік, ақбөкен, керік, піл, арыстан

б)жыланбүркіт, пілмай, балықшы, ілбіс, құмай, жолбарыс, қызыл қасқыр, ақиық, балқы, сабаншы

VIIIЭкологиялық есептер.

1. Борсықтар орманда мекен етеді. Бұл пайдалы жануарлар. Олардың қорегі – орман зиянкестері. Егер бір борсық бір күнде 1кг жәндіктер мен тышқандарды жейтін болса, 1аптада қанша зиянкестерді жей алады? (7кг)

2. Қорықтағы маралдарға шөп берілді. Егер бір марал 12кг шөп жесе, үш маралға неше кг шөп керек? (36кг)

 

Қорытындылау

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения