Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
04.04.2016
0
180
0

Урок казахской литературы в 9 классе на тему "Күлтегін" жыры.





Муханбетжанова Жазира Мизамхановна,

учитель казахского языка и литературы КГУ Ростовская основная школа,

с.Кумсуат, Жаркаинский район, Акмолинская область, Казахстан

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ежелгі дәуір әдебиеті, көне түркі жазба ескерткіштерін оқыту арқылы өз мәдениетіміз бен дүниетанымымыздың тамыры тереңде екенін, елдік дәстүріміз бен рухани бітіміміздің бастауы берік екенін таныстыру, дәлелдеу. Ескерткіштің батырлар жырымен үндестігіне тоқталу.
Дамытушылық: Жырларды талдай отырып, оқушы білімін жинақтау. Оларды өзіндік пікірін қалыптастыруға жетелеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, өмірмен байланыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: көне түркі алфавиті, күлтегін ескерткіші, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Сабақты бекіту
Ү. Білімдерін бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма
І.Ұйымдастыру кезеңі
• оқушылармен амандасу;
• оқушыларды түгендеу;
• оқушылардың оқу-құралдарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (тест әдісі арқылы)
1.Әдебиетіміздің ежелгі дәуіріне қатысты мұраларды зерттеген ғалымдар кімдер?
А) М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Мағауин
В) М.Жолдасбеков, Х.Сүйінішәлиев, Н.Келімбетов*
С) Ә.Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари
2. Ежелгі дәуір әдебиеті неше топқа бөлінеді?
А) 2
В) 3*
С) 5
3. Б.з.д. ҮІІғ. – б.з.ІХғ.-ларды қамтитын ежелгі дәуір әдебиетінің бөлімі
қалай аталады?
А) «Ислам дәуіріндегі әдебиет»
В) «Тәңірлік дәуір әдебиеті» *
С) «Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет»
4. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет кезеңіне жататын шығарма?
А) «Атилла» дастаны
В) Хорезми «Махаббатнама»*
С) А.Яссауи «Диуани Хикмет»
5. Саиф Сараидың «Гүстан бит-Турки» шығармасы ежелгі дәуір әдебиетінің
қай кезеңіне жатады?
А) «Тәңірлік дәуір әдебиеті»
В) «Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет»*
С) «Ислам дәуіріндегі әдебиет»
6. «Ежелгі әдебиет, бұл дәуір ҮІ-ХҮ ғасырлар аралығын қамтыды» деген пікірдің иесі кім?
А) Н.Келімбетов
В) Б.Кенжебаев*
С) А.Қыраубаева
7. Ежелгі әдебиетке жататын ескерткіштер мен шығармалардан ең алғашқы және негізгілеріне қандай шығармаларды жатқызамыз?
А) «Диуани Хикмет», «Махаббатнама»
В) «Оғызнама», «Қорқыт ата» кітабы*
С) «Алып Ер Тоңға», «Атилла» дастаны
8. «...Жақсы сөз – аққан су,
Қайда ақса, сонда гүл өсер» үзінді кімнің шығармасынан алынған?
А) Махмуд Қашқари
В) Жүсіп Баласағұн*
С) Саиф Сараи
9. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуіріне қатысты әдеби ескерткіштер қай ғасырларды қамтиды?
А) Х-ХІІ ғғ.
В) ҮІ-ХҮ ғғ.*
С) ХІІІ-ХҮ ғғ.
10. Түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткішеріне жататын шығарманы ата:
А) «Махаббатнама», «Түркіше Гүлстан»
В) «Оғызнама», «Қорқыт ата» кітабы*
С) «Алып Ер Тоңға», «Атилла» дастаны
ІІІ. ЖАҢА САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН ТАБУ (Үй тапсырмасын қорыту арқылы)
Сөзжұмбақ

Сұрақтары:
1.“Ежелгі әдебиет, бұл дәуір ҮІ-ХҮ ғасырлар аралығын қамтиды” деген пікірдің авторы кім?
2. Хорезмидің Алтын Орда дәуіріне жататын дастаны.
3. “Құдатғу білік” туындысының авторы кім?
4. Б.з.д.ҮІІ-б.з.ІХ ғасыр уақыт аралығында жазылған дастан?
5. “Жүсіп пен Зылиха” дастынының авторы кім?
6. Қыпшақ тілінде жазылған ежелгі әдебиет туындысы?
7. Әдебиетіміздің ежелгі дәуірін зерттеуші ғалымдар басқаша қалай атаған?
8. Түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткішіне қандай шығарма жатады?
ІІІ. Жаңа сабақ
Әдебиет тарихына қысқаша тоқталу. Күлтегін кім?
ҚҰТЫЛЫҒҰЛЫ КҮЛТЕГІН (684-731ж.ж.)
Күлтегін (684-731) – Қапаған және Біле қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы. Құтлұғ қағанның кенже баласы. 7 жасында жетім қалып, 10 жасында ер атанады, 16 жасында қару-жарақ асынып, ел намысын, халық кегін қуып табғаштарға аттанған. 47 жасында дүниеден өткен . Ол дәуірдегі ақын-жырау «Иоллығ-тегін жоқтамадық» жырын жазады. Жыр 53 шумақтан тұрады. Ескерткіш Монғолия астанасы Ұланбатордан 400 шақырым Орхон өзенінің бойында орналасқан. Күлтегін – түркі халықтарының ерлік туралы ұғымының жиынтық бейнесі. Оның тұлғасында түркілерге тәне ержүрек, өршіл, қайсар, қайтпас мінез бар. «Сондай батырым болса» деген ел арманы Күлтегін ерліктерін сипаттау арқылы берілген. «Күлтегін» қазақ батырлар жырына жақын үлгілердің бірі.

 

 

 

 

 

 

 


Орхон ескерткіштерін, яғни «Күлтегін» жырын кім зерттеді, кім ашты, кім аударды? Деген сұрақтарға жауап беріп көрейік.
1893 жылы 25-қарашада Копенгаген университетінің профессоры, Дания ғалымы Вильгельм Людвиг Томсен белгісіз болып келген Орхон-Енисей ескерткіштерінің әліппесінің кілтін тапты. Алғаш рет “Тәңгір” деген сөзді оқыған. Одан кейін Радлов, Малов орыс тіліне аударса, А.Аманжолов, Мұсабеков, Айдаров зерттеп, қазақ тіліне аударған.
«Мақала сыр шертеді»
1970 жылы “Жұлдыз” журналының 3 санында Қадыр Мырзалиев “Күлтегін” жырының үзіндісін аударып жариялаған. Мырзатай Жолдасбеков те аударған. И.Тасмағамбетов, М.Құл-мұхамед, М.Жолдасбеков, ҚР Монғолиядағы өкілі Иманғалиев “Күлтегін” жырының көшірмесін Жапонияда жасатып Астанаға әкелген.

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс. а) Үзінділер оқыту
ә) Венн диаграммасы арқылы батырлар жыры мен «Күлтегін жырын» салыстыру.

 

 

 

 


“Күлтегін” жырында:
“Әкем қағанның қосыны бөрідей
Жаулары қойдай бопты”.
“Қобыланды” жырында:
“Қойға тиген қасқырдай
Сойып кетіп барады”.
“Алпамыс” жырында:
“Қойға шапқан бөрідей
Талқандап қуып бөледі”.
б) «Ат – батырдың сенімді серігі» (салыстыру)
Қобыланды Алпамыс Күлтегін

Тайбурыл Байшұбар Боз ат, торы ат, кер ат
Алып тамшы бозат, Қарагер

ІҮ. Сабақты бекіту. «Шығарма кестесін» толтыру

Қорытынды:
Батырлар жыры - ерлікті, "Күлтегін" жыры - елдікті, Ұлт-азаттық көтерілісі - еркіндікті, Желтоқсан көтерілісі - тәуелсіздікті ту етті, сол үшін күресті.
Ү. Білімдерін бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма. "Күлтегін" жырын оқу, әңгімелеу. «Қабылдаңдар қазынаны біз берген» (Бабалар аманаты) эссе жазып келу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения