Мұхамбетқалиева Гүлдана Бауыржанқызы
Должность:Студент-практикант
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Акмолинская область, г. Кокшетау
04.04.2016
0
140
0

Судың химиялық қасиеттері. Су және сулы ерітінділердің маңызы. (8-сынып)

 

Сабақтың тақырыбы: Судың химиялық қасиеттері. Су және сулы ерітінділердің маңызы. (8-сынып)

 

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділігі:Су туралы оқушылардың түсінігін кеңейту, халықтық педагогиканы және ойын элементтерін қолдану арқылы судың тіршілік үшін маңызын және химиялық қасиеттерін ұғындырып, реакция теңдеулерін сауатты жазуға үйрету, судың табиғаттағы айналымын түсіндіре отырып, оқушылардың логикалық ойлау және шығармашылық ойлау дағдыларын кеңейту.
Дамытушылығы: Білімді жүйелеу арқылы алған білімдерін тереңдету, танымдық тапсырмалар  арқылы есте сақтау қабілеттерін, сындарлы ойлау дағдыларын жетілдіру.

 

Тәрбиелігі: Ұжымдастыққа, ептілікке, жағдаяттан шыға білуге, көшбасшылыққа тәрбиелеу.

 

Міндеттері:
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: Диалогтық оқыту, сын тұрғысынан ойлау, АКТ.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, танымдық тапсырмалар, плакаттар, маркерлер, стикер, смайликтер.

 

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Пәнаралық байланыс: биология, география, математика, экология, педагогика

Сабақтың барысы:

 

І Ұйымдастыру кезеңі:

 

-         оқушылармен амандасу

 

-         сынып оқушыларын түгендеу

 

-         жағымды психологиялық хал-ахуал орнату

 

-         топқа бөлу

 

-         мақсат қою

 

ІІ Сабаққа дайындығын тексеру

 

«Кім жылдам?» (үй тапсырмасы бойынша сұрақтар)
1. Бірі жанып, бірі қолдап жануды,
Екі элемент бізге бұрын танылды.
Өрт болып еді сөндіруге көп адам,
Қосылысын алып соған ағылды.
(2Н2 + О2 = 2Н2О)
2. Судың физикалық қасиеті қандай? (түссіз, дәмсіз, иіссіз сұйықтық. Табиғатта 3 агрегаттық күйде кездеседі. Қайнау t0 – 1000, қату t0 – 00С.)
3. Мұз неліктен суға батпайды? (мұздың тығыздығы судың тығыздығынан төмен)
4. Судың құрамы, формуласы. (формуласы Н2О сутек және оттек атомдарынан тұрады )
5. Жердің су қабаты.(гидросфера)
6. Ерітінді дегеніміз не?(еріткіш пен еріген заттан тұратын біртекті жүйе)
7. Сутегі жанғанда алынатын зат (су)
8. Бір адам ( 1 тәулікте, 1 аптада, 1 айда ) қанша литр су пайдаланады?
9. Ерітіндінің концентрациясы дегеніміз не? (еріген зат шамасының ерітінді шамасына қатынасымен анықталады)
10. 1 литр суды залалсыздандыру үшін 0, 5 мг қажет болса 10литр суды залалсыздандыруға қанша хлор қажет?

 

Су туралы жұмбақтар шешу.
1. Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,
Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ
Айтыңдаршы осыны кім біледі? (су)

Мұғалім: Балалар осы суды хлорлау судың қандай қасиетіне жатады, кім айтады?
Оқушы жауабы: Химиялық қасиетіне
Мұғалім: Дұрыс. Олай болса, балалар сабағымыздың 1 кезеңін қорытындылап бүгінгі тақырыбымызға көшейік.

III  Жаңа сабақ.

 

 a) сабақты баяндау (реакция теңдеулері, химиялық тәжірибе, интерактивті тақта)
Жай заттармен әрекеттесуі.
1) Металдардың электрохимиялық кернеу қатарында магнийдің сол жағында тұрған белсенді металдар сумен тікелей әрекеттеседі:
2 Na + 2H2O = 2NaOH + H2↑
2) Белсенділігі орташа металдарға жататын магний Mg мен қорғасын Pb арасындағылар тек жоғары температурада су буымен әрекеттесіп, металл оксиді мен сутек газын түзеді:
Zn + H2O = ZnO + H2↑
3) Су кейбір бейметалдармен әрекеттеседі. Мысалы, жоғары температурада ол көміртекпен реакцияға түсіп, көмірқышқыл газын және сутек түзеді:
C + 2H2O = CO2 + 2H2↑

 

Судың күрделі заттармен әрекеттесуі.
4. Белсенді металл оксидтері сумен тікелей әрекеттесіп, металл гидроксидтері негіздерді түзеді:
Na2O + H2O = 2NaOH
5. Судың негіздік оксидпен әрекеттесуі.
CaO + H2O = Ca(OH)2 (тәжірибе) оқушы

 

6. Судың бейметалл оксидтерімен әрекеттесуі.
SO3 + H2O = H2SO4
7. Белсенді металл гидредтері сумен әрекеттесіп сілті және сутек газын түзеді:
NaH + 2NaOH + H2↑
ІV «Көбелек аулау» Тақтада ілінген әр түрлі көбелектерді теріп генетикалық қатар құрастырып, реакция теңдеулерін жазады.           

 

V «Кім білімпаз?» (Үш топқа 3 плакат беріледі. 1- топ судың қолданылуы туралы, 2- топ  су туралы мақал - мәтелдер мен тыйым сөздер, 3-топ судың физикалық және химиялық қасиетін жазып қорғайды)

VI  Сабақты бекіту
«Есептер әлемі»  (есептер шығару)

 

1.     Массасы 31 г натрий оксиді сумен әрекеттескенде қанша грамм натрий гидроксиді түзіледі

 

2.     72 г суды айырғанда бөлінетін сутек пен оттектің массасын табыңдар.

 

3.     Су натриймен әрекеттескенде 4 г сутек бөлінді. Реакцияға түскен судың массасын табыңдар.

 

 

VII  Қорытындылау

 

Оқушылардың бүгінгі сабақ туралы ой-пікірлері

а) Оқушыларды бағалау
ә) Үйге тапсырма

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения