Калиева Айнур Рысбековна
Должность:Учитель технологии
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, Павлодарский район, село Ефремовка
03.04.2016
0
324
1

"Технология сабақтарындағы жобалау әдісі" оқу-әдістемелік құрал

 

 

Павлодар  педагог кадрларының

білліктілігін арттыру институты

 

«ЖОБА» БӨЛІМІ БОЙЫНША ТЕХНОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

5-9 СЫНЫПТАР

 

ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДАҒЫ ЖОБАЛАУ ӘДІСІ

  

Калиева Айнур Рысбековна

Павлодар, 2011

Құрастырған: Қалиева А.Р., Потанин жалпы орта білім беру мектебінің технология пәнінің мұғалімі

Рецензия беруші: Павлодар педагог кадрларының біліктілігін арттыру институтының әдіскері – Жунусова А.Р.
 
Бұл жұмыс технология пәнінің мұғалімдеріне арналған және шығармашылық жоба бөлімі бойынша ақпарат жинақталған
 

Түсінік хат

Он жұмысты шала істегенше, біреуін жетік істеген артық.

Аристотель

 

Қазіргі кезде мектептерде оқу-тәрбие ісінің негізгі бағыттарының бірі жобалау әдісі болып табылады. Бұл әдісті қолдану оқушылардың жеке дамуына бағытталған.

Заманауи педагогикада жобалау әдісі дәстүрлі пәндік оқытумен бірге қолданылады. Солай «Технология» білім саласында «жобалау негіздері» модулін қарастырады. «Технология» бағдарламасында жобаларды орындау үшін жалпы оқыту уақытының 25٪бөлінген. Ал ұзақмерзімді жобаларға оқу уақыты оқудан тыс уақытпен толықтырылады.

Технология мұғалімдерінде қазіргі уақытта оқушылардың технологиялық білімін жетілдіру үшін осы әдісті пайдаланудың қажеттілігі жайлы күмән туғызбайды. Жобалау әдісін қолданатын технология мұғалімдерінде бір қиыншылық бар – ол оның теория-әдістемелік материалдың жете зерттелмегендігі.

Осындай жағдайда мұғалімнің жобалау әдісіне деген қызығушылығын қолдау қажет. Бұл мәселені шешудің бір жолы – технология сабақтарындағы жобалауды ұйымдастырудың әдістемелік және дидактикалық материалдар қорын құру болып табылады.

Бұл оқу-әдістемелік құрал – жобалау әдісі негізінде оқушылардың технологиялық білімін жетілдірудің бір қадамы болып табылады.

Мақсаты: Оқушының өз бетімен мақсатты іздене отырып, нәтижеге жету жолында әдіс-тәсілдер тауып, зерттеп қорытындылай алуды үйрету. Білімді қабылдау, мағыналы ету, өмірде іске асыру, кез келген мәселені шығармашылықпен шешу арқылы оқушыларда коммуникативті және интеллектуалды қажеттілікті қалыптастыру.

Қойған мақсатқа жету және оқушылардың шығармашылық қабілетін іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу керек.

Міндеттері:

<!-- [if !supportLists]-->Ø<!--[endif]-->оқушының жаңалықты білу, іздену қалауларын, қызығушылығын арттыру.

<!-- [if !supportLists]-->Ø<!--[endif]-->теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануды қалыптастыру.

<!-- [if !supportLists]-->Ø<!--[endif]-->оқушыларда пәнге деген қызығушылығын, өз күшіне сенімділігін, үлкен нәтижелерге жетудегі қызығушылығын тәрбиелеу.

Жобаны орындаған оқушыда еңбексүйгіштік, мәселені өздігімен шешу қабілеті, жауапкершілік, қарым-қатынасы, жағымды қажеттіліктер мен қызығушылықтар қалыптасады.

 

 

 

 

 

Оқушылардың технология сабағындағы жоба жұмысы

 

Жоба – бұл кез келген пәндегі сабақтарда және сыныптан тыс жұмыстарда қолданыла алатын оқыту әдісі. Ал бұл әдіс технология бағдарламасына енгізілгендіктен, біз оқушылармен жобалауды іске асыруды міндеттіміз. Бірақ осы әдісті қалай іске асыруды көбі білмейді, сондықтан істемейді немесе қысқа түрде орындайды және де осындай қателіктер жібереді: бірінші, жоба кезеңдерін қарапайым түрге дейін қысқартады және екінші, оқушылар алдымен бұйымды дайын технологиялық карталар арқылы жасап алады, содан кейін жоба күнделігін толтырады. Бұл жағдайда оқушылардың қызығушылықтары ескерілмейді, шығармашылық қабілеттері мен жобалау дағдылары дамымайды, оларда жобалау жұмысы қосымша, керексіз жұмыс деген кері әсер пайда болады.

Жоба – бұл мұғалімнің жетекшілігімен орындалатын қорытынды шығармашылық жұмыс. Жобаның орындалу сапасы, негізінен,  оқушылардың алдыңғы сабақтарды қаншалықты игергендіктеріне, білімдеріне, іскерліктеріне байланысты болады.

Қазіргі уақытта «жобалау және технология» ағылшын мектептерінде ең танымал пән болып табылады. Жұмысқа алушылардың көбі осы әдістің кез келген кәсіпке жақсы дайындық екенін айтады. Осы әдіс арқылы мұғалім оқушының ғылымилығын, шығармашылық қабілетті дамытады, іскерлікті, ізденімпаздықты, шеберлікті арттырады, дарындылықты ерекшелейді. Ол жоспарлай алатын, өз жұмысына есеп беретін, тез шешім қабылдайтын, өз жұмысын бағалайтын, жұмыстың қорытындысын шығара алатын, нәтижесін тәжірибе арқылы тексеретін, еңбекқор, ісмер, өнерлі, техникалық сауатты, икемді, ой-өрісі жан жақты, төзімді ХХІ ғасыр тұлғасын қалыптастырады.

Жоба – бұл оқушы мен мұғалімнің бірігіп істелінетін жұмыс. Оқушы мен мұғалімнің әр кезеңдегі жобаны орындау жоспарын келесі кестеден көруге болады.

 

Оқушы мен мұғалімнің жобаны орындау жоспары

 

Мұғалім

Оқушы

1 – іздестіру (жобаға ену)

Қалыптастырады:

Іске асырады:

жоба мәселесін;

жеке мәселені қалыптастыру;

сюжеттік жағдайды;

жағдайды түсіну;

мақсат пен міндеттерді

мақсат пен міндеттерді қою

2 – конструкциялық (іс-әрекетті ұйымдастыру)

Іс-әрекеттті ұйымдастырады – кеңес береді:

Іске асырады:

топтарды ұйымдастыру, топ ішіндегі қызметтерді бөлу;

топ ішінде бөліну, топ ішіндегі қызметтерді бөлу;

әр-түрлі ой-нұсқаларды іздестіруді ұйымдастыру;

жоба міндеттерін шешу (әр-түрлі ой-нұсқаларды қарастыру);

ең жақсы ой-нұсқаны таңдауды;

ой-нұсқалардың ішінен тиімдісін таңдау;

жобаның міндеттерін орындаудағы іс әрекетті жоспарлауды;

жұмысты жоспарлау;

жоба міндеттерін шешудегі материал мен құралдарды таңдауды;

материал мен құралдарды таңдау;

білмеген материалды іздеудің жолдарын беру;

білмеген материалды «табу»;

Жобаны қорғаудың бірнеше тәсілдерімен таныстыру.

Жобаны қорғаудың тәсілі мен формасын таңдау.

3– технологиялық (жобаны іске асыру)

Қатыспайды, бірақ:

Белсенді және өздігімен жұмыс жасайды:

Қажет жағдайда кеңес береді;

әр оқушы өз жұмысын жасайды және бірігіп жасайды;

арасында бақылайды;

қажет жағдайда кеңес сұрайды;

оқушылармен жобаны қорғаудың репетициясын жасайды.

Жобаны қорғауды дайындайды.

4 – қорытынды (презентация)

Есеп алады:

Көрсетеді:

Оқудың қорытындысын жасайды;

мәселені, мақсатты және міндеттерді түсінуін;

білімдерін және біліктерін бағалайды;

жұмысты жоспарлауды және іске асыруды білуін;

жалпы қорытындыға және топта жұмыс істей алуларына көп көңіл бөледі.

мәсәні шешудің тапқан тәсілін;

 

іс-әрекеттің және қорытындының рефлексиясын.

Әр кезеңде мұғалім мен оқушының белсенділігі әр түрлі. Жобалау кезінде оқушылар өздігімен жұмыс жасауы керек және олардың өздігімен жұмыс жасау деңгейі олардың жас ерекшеліктеріне емес, жобалау бойынша білім дағдыларының қалыптасуына байланысты болады. Оқушылардың жоба жұмысында бастапқы және соңғы кезеңдерде мұғалімнің атқаратын рөлі үлкен.

Жоба жұмысы 4 кезеңнен құралады:

     1. Іздестіру  (Жобаға ену. Тақырып таңдау)                

     2. Дайындық  (Іс-әрекетті ұйымдастыру)

     3. Технологиялық  (Іс-әрекетті іске асыру)

     4. Қорытынды  (Презентация)

Жобаның 1-ші кезеңі – қысқа, бірақ жоба технологиясы бойынша нәтиже алу үшін өте маңызды.

1. Іздестіру кезеңі  (Жобаға ену)

- Мәселені қарастыру

- Нұсқаларды дайындау және оларға талдау жасау

- Жобаның тақырыбын таңдау

- Жобалаудың мақсаты мен міндеттерін анықтау

2. Дайындық кезеңі: (Іс-әрекетті ұйымдастыру)

- Жұмысты жоспарлау

- Тақырып бойынша ақпаратты жинау және өңдеу

- Мәселені шешудің бірнеше нұсқасын қарастыру және тиімдісін таңдау

- Материал мен құралдарды таңдау

- Өзіндік құнды есептеу

- Қорытындыны қорғауды

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения