Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
03.04.2016
0
178
1

5 сыныпқа арналған "Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу" тақырыбы бойынша ашық сабақ

Нургалиева Гульмира Талгатовна
Информатика пәнінің мұғалімі
"№2 Ұзынкөл орта мектебі" КММ
Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл селосы

Жалпы мақсат:

Құжатқа сурет қою тәсілдерін үйрете отырып, оқушылардың сыни ойлау арқылы ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру. 

Сілтеме:

Оқулық информатика 5-сынып  Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, Б.Қ. Әбенов«Арман-ПВ» баспасы, 2014 жыл

Оқу нәтижесі:

 Оқушылар Paint бағдарламасында жұмыс істей алады, WordPad бағдарламасында мәтіндерді теріп, оларды пішімдей алады, мәтінге сурет қосуды біледі.

Сабақта қолданылатын материалдар:

  ДК, ЭО, видео, тұсаукесер, оқулықтар, дәптерлер, технологиялық карта, ғаламтор.

Оқыту әдістері:

    Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер: АКТ, сын тұрғысынан ойлау, жас ерекшелігін ескеру.

    Жұмыс түрлері: топпен

Дерек көздері:

  •          Оқулық
  •          Сілтемелер
  •          Электронды оқулықтар

Тапсырмалар:

     Оқулықпен жұмыс, топпен  жұмыс, интернетпен жұмыс, ЦОР-мен жұмыс.

 

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының  іс-әрекеті

Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?

І. Оқушыларға психологиялық ахуал  туғызу

(2 мин)

- Сәлеметсіздер ме, достар! Сабағымызды ерекше түрдегі тілек-амандасудан бастауды ұсынамын. Ісіміз сәтті болсын!

- Тілек қысқа да нұсқа болуы керек және аз сөзбен.

      Амандасады, шаттық шеңберін құрып бір-бірлеріне допты лақтыру арқылы тілек айтады. «Сәттілік серік болсын!», «Арайлап атсын әр таңың!», «Баршаңызға мейірімділік тілеймін!»т.с.с.

ІІ. Топқа бөлу

(3мин)

    Кішкентай қоржынға  екі түрлі кәмпиттер салынады, оқушылар кәмпиттерді қоржыннан алып, кәмпиттің түріне қарай бөлінеді, топтарының басшысын таңдап алып, әр топ өздерін таныстырады. Топтар бір – бірлерін бағалайды.

I  - топ – «_______________»

II - топ – «_______________»

    Кезекпен қоржыннан   кәмпиттерді алады, топқа бөлінеді.

   Осы жерде  әр топ  өздерін  таныстыра  отырып, өздерінің  эмблемаларын көрсетіп, қорғайды.

ІІІ. Кезеңдер.

Берілетін уақыт

(40 мин)

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

 

 «Түсіну» теориясы

(10 мин )

Видео көрсетіледі.

   Сендер енді - суреттерді құруды және өзгертуді, мәтін теруді, оны түзетуді және безендіруді білесіңдер.

   Оқулықтың мәтініне назар аударыңдар. Ол көптеген безендірулермен толықтырылған. Осындай әдемі безендірілген кітапты оқу қызықты емес пе, келісесіңдер ғой? Енді сендердің мәтіндеріңді суреттермен безендірейік!

   WordPad-те суреттермен жұмыс істеудің бірнеше мүмкіндігі бар.

1 -тәсіл

   Мәтінге дайын суреттердің фрагменттерін қосу үшін алмасу буферін қолдануға болады.

2-тәсіл

   Егер сендер иллюстрациялар дайындап, оларды файлдарда сақтасаңдар, онда Кірістіру => Кескін бұйрығын пайдаланыңдар.

   Сурет мәтіннің символы сияқты болады:

 Мынау мәтіндегі сурет.

   Бұл «Машина және кеме» деп аталады. Сондықтан оған мәтіннің ерекшеленген фрагментімен орындалатын жылжыту, көшіру, жою сияқты амалдарды қолдануға болады.

   Бірақ, сурет - ол символ емес! Оны тышқанмен жай шерту арқылы ерекшелеуге,

ал мөлшерін ерекшелеу маркерін тышқанмен жылжыту арқылы өзгертуге болады.

    Қалай ойлайсыңдар, мәтінде түзетілген суретті көру үшін не істеу керек? Әрине, оны қайтадан мәтінге кірістіру керек!

3-тәсіл

    Егер сендер мәтінмен жұмыс істеу барысында кішкене

сурет қосуды шешсеңдер, он да Кірістіру => Paint суреті ( батырмасы) бұйрығын пайдаланыңдар. Графикалық  редактордың терезесі ашылады. Сендер суретті салып болып, Paint-ті жапқанда - сурет мәтіннің ішінде болады!

    Мына сұраққа жауап беріп көріңдерші: құжатқа осындай тәсілмен қосылған суретті түзетуге (өзгертуге) бола ма?

    Мұндай суретті енді өзгертуге болмайтынына көз жеткізесіңдер.

!Түйін

  • Мәтінге кескінді 3 тәсілмен кірістіруге болады:

1. Алмастыру буфері арқылы (суретті ашу, қажет фрагментті ерекшелеу, оны алмастыру буферіне көшіру, алмас­тыру буферінен мәтінге кірістіру);

2. Суретті файлдан кірістіру (Кірістіру => Кескін);

3. Мәтінмен жұмыс кезінде суретті Paint-те салу (Кірістіру => Paint суреті).

    Видео қарайды, Видеоны қарап болған соң екі топ бір-бірлеріне жаңа тақырыпты түсіндіреді. Негізгі түсініктер мен  анықтамаларды дәптерлеріне конспектілеп алады.

Интерактивті тақта, қалам, дәптерлер.

 «Қолдану» практикасы

 (10 мин)

 

 

 

 

   Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындайды. Оқулықтағы 185- 188 б.б.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

1-тапсырма.

  1.       Paint-mi іске

қосыңдар.

  1.       Жұлдызшаның

суретін салыңдар және файлды өз бумаларыңа «Жұлдызша» деген атаумен сақтаңдар.

  1.       WordPad-mi іске

қосыңдар.

  1.       «Мен мәтінге

файлдан сурет кірістіремін» мәтінін теріңдер.

  1.       Кескін

батырмасын  шертіңдер.

  1.       Жұлдызша файлын

таңдап, Ашу батырмасын шертіңдер.

  1.       Paint-ке ауысып, суретке

бейнесін қосыңдар. Файлды сақтаңдар.

  1.       WordPad-ке

ауысыңдар. Мәтінде сурет

өзгерген жоқ!

2-тапсырма

  1. WordPad мәтіндік редакторын іске қосыңдар.
  2. «Мен мәтінге сурет қосамын» мәтінін теріңдер.
  3. батырмасын шертіңдер.
  4.  фигурасының суретін салыңдар.
  5. Paint-mi жабыңдар.
  6. Мәтінді ерекшелеңдер.
  7. Әріп мөлшерін 36 етіп өзгертіңдер.
  8. Жүректі тышқанмен шертіп ерекшелеңдер.
  9. Оның мөлшерін өзгертіңдер.
  10. батырмасын шертіңдер.

3-тарсырма

  1.       Графикалық

редакторда

«Жалау»өлеңіне сурет салыңдар.

  1.       Мәтіндік

редакторда өлеңнің мәтінін теріңдер. Сызғыштың көмегімен өлеңнің екінші бөлігін оның бірінші бөлігінен 5 см оң га қарай жылжытып орналастырыңдар.

  1.       Өз суреттеріңді

графикалық

редактордан мәтінге көшіріңдер.

ЖАЛАУ

Жалғыз жалау желбіреп

Тұманды теңіз төрінде.

Жат жерде жүр не тыңдап?

Несі бар бөтен жерінде?

Ойнақтап толқын, жел гулеп,

Майысар діңгек сықырлап.

Ол жүрген жоқ бақ іздеп,

Қашпайды бақтан бойды ұрлап.

(М. Ю.Лермонтовтан)

   ДК-лер, оқулықтар.

Сергіту сәті

(2 мин)

    Тақтада көрсетілген қимыл іс-әрекеттерді орындарында отырып орындайды.

      Жаттығуды орындарында отырып орындау.

видео, ЭО, интерактивті тақта.

«Жинақтау» теориясы

(12 мин)

Технологиялық картамен жұмыс.

Екі топқа А4 қағазымен технологиялық карта беріледі.

1-тапсырма

Выровнять по ширине командасының белгісін көрсетіңіз

2-тапсырма

Дұрыс немесе бұрыс жауапты таңдаңыз

 

Дұрыс

Бұрыс

Құжат дайындаудың бірінші кезеңі – мәтінді форматтау.

 

 

Құжат дайындаудың екінші кезеңі – мәтінді енгізу

 

 

Құжатта қолданылатын қаріп Tahomaболуы қажет

 

 

Негізгі мәтінді туралау сол жағымен түзетілуі қажет (Выравнение слева).

 

 

«Картинка» батырмасы «Вставка» бөлімінде орналасқан

 

 

3-тапсырма

Төмендегі ұяшықтардағы сөздерді пайдаланып көп нүктенің орнын толтырыңыз

Сіз жаңа ғана ........ құжат жасадыңыз. Енді мұны ....... керек. Ол үшін WordPad батырмасын басып, тізімнің ішінен ....... батырмасын таңдаңыз. Сол кезде сақтау терезесі ашылады.

........... сақтайтын орынды таңдап, атын жазыңыз. Бұдан кейін Сохранить батырмасын басыңыз.

Құжатты

сақтау

құрамдастырылған

Сохранить

       Тапсырмаларды орындайды, орындап болған соң топтар бір-бірлерімен парақтарын ауыстырып, тақтада көрсетілген дұрыс жауаптар бойынша тексереді.  

1-тапсырма.

2-тапсырма

Дұрыс немесе бұрыс жауапты таңдаңыз

 

Дұрыс

Бұрыс

Құжат дайындаудың бірінші кезеңі – мәтінді форматтау.

 

+

Құжат дайындаудың екінші кезеңі – мәтінді енгізу

+

 

Құжатта қолданылатын қаріп Tahomaболуы қажет

 

+

Негізгі мәтінді туралау сол жағымен түзетілуі қажет (Выравнение слева).

 

+

«Картинка» батырмасы «Вставка» бөлімінде орналасқан

+

 

3-тапсырма

Төмендегі ұяшықтардағы сөздерді пайдаланып көп нүктенің орнын толтырыңыз

Сіз жаңа ғана құрамдастырылған құжат жасадыңыз. Енді мұны сақтау керек. Ол үшін WordPad батырмасын басып, тізімнің ішінен Сохранить батырмасын таңдаңыз. Сол кезде сақтау терезесі ашылады.

Құжатты сақтайтын орынды таңдап, атын жазыңыз. Бұдан кейін Сохранить батырмасын басыңыз.

  Технологиялық карта, тақта.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырмасын  беру 

(2 мин)

§25 оқу

   Қорытынды  жасайды, ой толғайды.

 

 Күнделіктер

«Бағалау»

 (2 мин)

   Топтар атқарылған жұмыстарына қарап,  бір-бірлерін бағалайды.

Күнделіктеріне баға қойдырады.

  Күнделіктер, бағалау парақтары

Рефлексия  

(2 мин )

 

 

 

    Сабақта не ұнады, не ұнамады?

       Сабақ туралы өз ойыңды, ұсынысыңды жасырмай  стикерге жазып тақтаға жабыстыр.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения