Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
03.04.2016
0
212
0

Урок предмета окужающий мир во 2-классе. Тема урока: «Күзде жапырақтар неге сарғаяды?»





Нсанова Акжамал Меллятовна,  учитель начальных классов

  средней  школы  имени  Абая, Атырауской  области,

Курмангазинского  района, село Ганюшкино, Казахстан

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Ганюшкин селосы

Абай атындағы орта мектебі

Нысанова Ақжамал Меллятқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

  Ұсынып отырған сабағым дүниетану пәні бойынша

Тақырыбы «Күзде жапырақтар неге сарғаяды?»  2-сынып

 

 

Тақырыбы: Күзде  жапырақтар  неге  сарғаяды?

Мақсаты: 1. Өсімдік мүшелерін, олардың атқаратын қызметін пысықтай отырып,    

                 жапырақтың күздегі сарғайып түсетін жағдайына тоқталу, түсіндіру.

2.Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту. Оқу-білімге деген құштарлықтарын арттыру.

           3.Туған жердің табиғатын аялау, оны  сақтауға, қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Жүру барсы:

І.Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал

Сабақ  оқып, білім  ап,

 Күнде  бестік  алайын.

                                                           Егеменді  елімнің

                                                            Пайдасына жарайын.

Тәуелсіздік мейрамы

      Құтты  болсын, ағайын!

ІІ.Тірек білім өзектілігі

а) Өсімдік тіршілігіне нелер қажет?

ә) Өсімдіктің  негізгі  мүшелері.

ІІІ. Үй тапсырмасы «Сұрақ-жауап сайты»

Жапырақ  мәтіні  бойынша

►Жапырақ – бұл жер үсті немесе жер асты мүшесі ме?

►Жапырақ өсімдіктің қай мүшесіне жалғас өскен?

►Жапырақ қандай газды жұтып, нені бөліп шығарады?

►Жапыраққа су мен  еріген  тұздар қалай келеді?

►Өсімдіктің өсіп жетілуіндегі жапырақтың  пайдасы қандай?

►Адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?

►Не себепті бөлме гүлдерін тазартып отырамыз?

►Жапырақтың пішіндері қандай?

►Қураған жапырақтың қандай пайдасы бар?

►Қандай  өсімдіктердің  жапырақтарын жеуге болады?

Кесте толтыру

Өсімдік мүшесі

Орналасуы

Маңызы

І топ

Тамыр

 

 

ІІ топ

Сабақ

 

 

ІІІ топ

Жапырақ

 

 


 

Жұмбақ  - өлең

Өрік, алма,

Шие, алша,

Жидек, жүзім  піседі.

Қауын, қарбыз,

Қияр, сәбіз –

Дүкендерге түседі.

 

 

Астық пісіп,

Орақ түсіп,

Қырман дәнге

толады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?

 

 

 

(Жыл мезгілі анықталады, күз туралы пікірлерін  ортаға  салады)

ІУ. Жаңа  сабақ (тақырыбымен, мақсатымен таныстыру).

  1. «Күзгі орман» бейне  таспадан сюжет көрсету
  2. Оқулықпен  жұмыс.  

Проблемалық сұрақ «Күзде  жапырақ  неге  сарғаяды деп ойлайсыңдар?»

 Мәтінді түсіндіру.

 - Күзде  ауа райы салқындайды;            

 - Топырақ тоңазиды;

 - Өсімдік тамырының суды  сіңіруі нашарлайды;

 - Жапыраққа қажетті күн көзінің жылуы азаяды;

- Жапыраққа жасыл түс беретін хлорофилл азаяды;

- Жапырақтың тыныс алуы төмендейді;

 - Нәтижесінде жапырақ сарғайып түсе бастайды;

      3. Маманмен  сұхбат

а) Хлорофилл  сөзіне  түсінік;

ә) Қосымша  мәлімет

   Өркеннен жапырақ  түспес  бұрын  оның  түп  жағындағы сабақпен  шектесіп  жатқан  жерінде    1  қабат тоз  тізіледі.Оның сыртында ажыратпалы  қабат  қалыптасады. Осы  жерде  жапырақтың  сағағы  ажырайды  да, жерге  түсіп  қалады.

     4. Дәптермен жұмыс (Жапырақтың сарғаю себебінің негізгілерін жазып алу)

Күн салқындағанда  топырақ  тоңазиды.

Өсімдік  тамырының  суды  сіңіруі  нашарлайды.

Жапырақтың тыныс  алуы  төмендейді.

Күн  көзінің  жылуы  азаяды.

Жапыраққа  жасыл  түс  беретін  хлорофилл азаяды.

      5. Сергіту сәті:         Тербеледі  ағаштар,

                                        Алдымнан  жел  еседі.

                                        Кіп-кішкентай  ағаштар

                                        Үлкен  болып  өседі.

                                        Бұлт  ағады  аулаққа,

                                        Күз  келіпті-ау бау – баққа.

                                        Жаздай  өскен  жапырақ

                                        Шашылады  жан – жаққа.

     6. Ойын  «Қай ағаштың  жапырағы?»

     7. «Бұл қызық?» айдарында

- Шиенің жапырағы жерге түсісімен қыс келеді.

- Қысы-жазы сарғаймайтын, мәңігі жасыл болып тұратын теректер бар. Олар: қарағай мен шырша.

     8. Тест

1.Өсімдіктер  неше  топқа  бөлінеді?

а) 3                   ә) 4                  б) 2

2.Тамырдың  орналасуы

а) жер  астында      ә) жер  бетінде     б) аспанда

3. Тамыр қандай  қызмет  атқарады?

а) жапырақты бекітіп ұстап тұрады           ә) өсімдікті жерге бекітіп ұстап тұрады                             б) ешқандай қызмет атқармайды

4. Сабақ өсімдікке  не  үшін  қажет?

а) әдемілік үшін       ә) қоректік заттарды жеткізу  үшін             б) желден қорғау үшін

5. Сабақтың  түрлері

а) біреу  ғана       ә) тек  қатты   түрі  болады         б) көп

6.Жыл бойы  жасыл болып тұратын өсімдіктер

А) емен, қарағаш       ә) шие, өрік        б) шырша, қарағай

 

7. Жапырақтың қызметі

а) оттегін бөліп шығарады, буландырады              ә) өсімдікті  шірітеді

б) көмірқышқыл газын бөліп шығарады

8. Қураған  жапырақтың пайдасы

а) шіріндісі өсімдікті жақсы өсіреді            ә) жеміс  береді                   б) пайдасы  жоқ

9. Өсімдікке  не  қажет?

а) ауа, жел, жаңбыр       ә) су, ауа, жылу, жарық, қорек             б) су, қорек, бөлме

10. Табиғатта  күзде  болатын  құбылыс

а) Күнде  жаңбыр  жауады    ә) жапырақтар сарғайып  жерге  түседі   б) теректер  көктеп, гүл, жеміс  береді

 

1 -            3 -            5 -             7 -             9 –

2 -            4 -            6 -             8 -             10 -   

 

   9. Өзіңді  өзің  тексер және бағала  .  Тест жауаптары

1 -  А          3 - Ә           5 - Б            7 - А            9 – Ә

2 -  А          4 - Ә           6 - Б            8 -  А          10 - Ә

   10. Шығармашылық жұмыстар көрмесі (Кепкен жапырақтардан жасаған аппликациялық жұмыстарын қорғайды)

   11. Бекіту «Бейне құрастыр»  ойыны

Қиылған бөлшектерден белгілі бір бейнені құрастыра отырып, онде берілген тапсырмаларға ауызша  жауап беру.

- Күзде жапырақтардың түстері қандай болады?

- «Табиғат – асыраушың, қамқоршың» мағынасын аш.

- Табиғатты қорғай біл!

- Өсімдікке  не  қажет?

- Табиғатқа қалай қамқорлық жасайсың?

- «Ер - елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі»  мағынасын аш.

- Күзде жапырақтар түспесе не болар еді?

- Жапырақ неге сарғаяды?

- Жапырақ қандай қызмет атқарады?

- Бөлме гүлдерін не үшін күтеміз?

- Қандай өсімдік жапырақтары сарғаймайды?

- «Бір тал кессең он тал ек» мағынасын аш.

       12. Бағалау

       13. Үйге тапсырма: Мәтін  бойынша  дайындалу;

 Проблемалық  сұрақ: Қураған  жапырақты  мал  жей  ме?

       14. Қорытынды.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения