Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
01.04.2016
0
197
0

Етістіктің шақтары





Баймбетова Куралай Пердебаевна,

Бастауыш сынып мұғалімі

 Ақсу қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі

 Ақсу қаласы,Павлодар облысы,Қазақстан Республикасы

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Етістік туралы білімдерін кеңейту. Етістіктің өткен, осы және келер шақ түрлерімен таныстыру.
2. Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, мейрімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, суреттер, қима қағаздар, семантикалық кесте
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)
1. Оқушылармен амандасу.
2. Тілді жаттықтыру (сұрақтарға жауап беру)
- Бүгін қай күн? Қазір қандай сабақ? Біз қай тілде сөйлейміз? Бүгінгі күн қандай? Қазір көңіл - күйіміз қалай? ☺(жақсы)
- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл - күймен бастайық, әрбір ісімізге мұқият болайық.
- Балалар сабаққа дайынбыз ба? Үй тапсырмасына не берілді?
ІІ Үй тапсырмасы
ІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар жылдың қай мезгілі? (Қыс)
- Қыста ауа – райы қалай өзгереді?
Күн суытады, қар жауады, боран соғады, қырау түседі, аяз шымшылайды, су қатады.
- Енді өздерің айтып шыққан сөздерің заттың несін білдіреді? (қимылын)
- Қазақ тілінде заттың қимылын білдіретін қандай сөз табы? (Етістік)
- Етістік қандай сұраққа жауап береді?
- Етістік іс - әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Осыған байланысты бүгінгі біздің жаңа сабағымыз: Етістіктің шақтары деп аталады.
- Алдымен, балалар шақ деген сөзді қалай түсінеміз?
Шақ дегеніміз – мезгіл, кезең,
Бақытты балалық шақ
Шақ – іс – әрекетті, қимылды білдіреді.
Өріктің сүйегін шақ.
- Тақтаға назар аударайық.
1 - слайд (Етістіктің үш шағына байланысты суреттер көрсету)
Әр суретке сөйлем құрап, іс - әрекеттің қай мезгілде болғанын анықтау.
1 - суретте іс - әрекеттің нақты қазір болып жатқанын көрсетеді (осы шақ).
2 - суретте іс - әрекеттің болып кеткендігі көрсетіледі (өткен шақ)
3 - суретте іс - әрекет әлі жүзеге асқан жоқ, болашақта болатыны айтылады(келер шақ).
Ереже:
- Яғни, етістіктер іс - әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Етістіктің үш шағы болады:
2 - слайд
Етістіктің шақтары
Осы шақ, Өткен шақ, Келер шақ
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар.
Ақпанның он сегізі.
Сынып жұмысы.
Етістіктің шақтары.
Оқулықпен жұмыс.

23 - жаттығу жазбаша орындалады.
Етістіктердің астын сызады.

 

 

Топпен жұмыс.

Бұдан қандай қорытынды жасауға болады.

- Егер іс - әрекет қазіргі уақытта орындалып жатқан болса, онда оны осы шақ дейді. - Егер іс әрекет әлі орындалмағанын, келешекте орындалатынын білдірсе, онда ол келер шақ деп аталады.
- Ал егер іс - әрекет орындалып кетсе, онда ол өткен шақ деп аталады.
- Балалар, келесі сабақтарда етістіктің шақтарымен толық танысып өтеміз.
25 - жаттығу.

Оқушылар бұл тапсырманы бірлесе орындау, ауызша сұрау
Сергіту сәті.
Топпен жұмыс.

Берілген үлгі бойынша етістіктерді үш жақта жазу, сөйлем құру
Сөздер: сал, кел, бар, ал, жат, биле, секір, ойна
Слайдтан көрсету
Осы шақ, Өткен шақ, Келер шақ
Семантикалық кестені толтыру
№--- Мысалдар ---------- Осы шақ --------- Келер шақ ------------ Өткен шақ
1 Ол жазды
2 Сіз жазып отырсыз
3 Сұрақ қиын болды
4 Ол сонда оқымаған
5 Қар жауып тұр
6 Қыс суық болды
7 Ол келе жатыр
8 Кітап оқып отырмын
Слайдтан көрсету

III. Қорытынды. Сонымен балалар, етістіктің шағы дегеніміз не?
- Етістіктің неше шағы бар?
- Осы шақ іс - әрекеттің қай мезгілде өтіп жатқанын білдіреді?
- Өткен шақ пен келер шақ туралы не айтуға болады?

IV. Үйге тапсырма.  27-жаттығу Ереже жаттау.
V. Бағалау.

 

Тапсырмалары:

Сөйлемдерді іс-әрекеттің мезгіліне қарай бөліктерге бөлу.

  1.      Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттің мәртебелі рәміздері 1992 жылы қабылданды.
  2.      Біз Астанаға қол өнер бұйымдарының көрмесіне барамыз.
  3.      Төле би бала кезінен шешендігімен елге танылды.
  4.        Ата бабалардың өсиеті ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалады.
  5.      Марат ақын М. Мақатаевтың өлеңдер жинағын оқып отыр.
  6.      Сахнада «Айгүл» би ансамблі өнер көрсетіп жатыр.
  7.      Кешке теледидардан ақпарат хабарын тыңдаймын.
  8.      Шетелде тұратын қазақтар атамекеніне оралып жатыр.

 

      Етістіктің шақтары

 

Сөйлемдер

  1.      Іс - әрекеттің бұрын болып кеткенін білдіретін сөйлемдер:

 

 

 

 

 

  1.      Іс - әрекеттің алдағы уақытта болатындығын білдіретін сөйлемдер:

 

 

 

 

 

 

  1.      Іс - әрекеттің қазір болып жатқанын білдіретін сөйлемдер:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма №2

Берілген үлгі бойынша етістіктерді үш жақта жазу, сөйлем құрау.
Сөздер: сал, кел, бар, ал, жат, биле, секір, ойна

 

Етістіктің шақтары

 

 

Осы шақ

 

 

Өткен шақ

 

Келер шақ

Оқып отыр

 

оқыды

оқиды

 

 

 

 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения