Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
12.03.2013
0
1346
0

Ақша. Тауар. Дүкенде

Северо-Казахстанская область, Тайыншинский район

Мироновская средняя школа

Учитель казахского языка и литературы

Акбатаева Бакыт Сералиевна

Сабақтың тақырыбы:

Ақша. Тауар. Дүкенде

 

Сабақтың мақсаты:  әрбір оқушыны өз бетінше білім алуға үйрете отырып, жаңа сөздерді меңгерту, сөйлесім әрекеттерін жандандыруға арналған тапсырмалар орындау, мәтіннен  сурет бойынша оқушылардың өз өйын айта білетін дәрежеге жеткізу,

Қазақ тілінде сөйлеудегі танымдық белсенділігін арттыру.

Сабақтың барысы:

 

I. Ұйымдастыру кезеңі:

                                   1.- Оқушылармен сәлемдесу.

-         Кезекшімен сұхбаттасу.

-         Бүгін аптаның қай күні?                                                                           

-         Жылдың қай мезгілі?

-         Күздің нешінші айы?

-         Күз айларын ата.

-         Сендерге күз жыл мезгілі ұнайды ма?

II.Мотивация кезеңі:

  1. Көңіл-күйлерін қалай?

3. Басымызды сипаймыз жақсы ойлау үшін, құлағымызды сипаймыз жақсы есту үшін, көзімізді сипаймыз жақсы көру үшін, алақанымызды сипаймыз жақсы баға алу үшін. Ал, балалар сендерге бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.

Сабаққа қызығушылық ояту.

Сөздер, сөз тіркестерімен жұмыс.

4«Бинго» ойынын ұйымдастыру.Сөздерді қайталау.Мұғалім орыс тілінде береді, оқушылар аудармасын тауып, белгілейді.Бір оқушы тақтаға жазады.

Орыс тілінде: товар, магазин, деньги, рыба, сок, продавец, мясо, рис, нац.валюта, сахар, зарплата,  масло, мера стоимости, напиток,

Қазақ тілінде:Тауар, ет, балық, дүкен, ақша,күріш, сусын, шырын, май, қант, құн өлшеуіш, ұлттық валюта, сатушы,

III. «Бинго» ойынын ойнату.Сөздер орыс тілінде оқылады, оқушылар сөздерді аударып, белгілейді. Бірінші толтырған оқушы жеңімпаз болады.

 

 

Рыба

балық

 

 

   Молоко

сүт

 

 

       Товар

       тауар

 

 

 Зарплата еңбекақы

 

 

 

Рис

күріш

 

 

  Деньги

 ақша

 

 

     Продавец

 сатушы

 

 

 

 Нац.валютаұлттық валюта

 

 

Напиток

сусын

 

  Магазин

дүкен

 

    Масло

май

 

Мера стоимости

кұн өлшеуіш

 

 

 

4.Тыңдалым (Мұғалімнің даусымен жазылған мәтінді тыңдату)

Мәтінді түсініп  тыңдау

Ақша 6000 жыл бұрын өмірге келген еді. Көбіне түсті металл немесе қағаздан жасалған ақшалар қолданылады.

Он сегіз  жыл бұрын ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. Төрт алып «Ил-76» жүк ұшағы Алматыдан Лонданға ұшып шығып, Англиядан Қазақстанның ондаған тонна валютасын әкелді. Бұл құпия операция еді.

 

-Бұл мәтінде не туралы айтылған?Негізгі ойын дәптерге жазыңдар. 

 

5.Оқылым

«Ақша-халық байлығы». Ақша пайда болмаған кезде адамдар бір-бірімен зат айырбастау арқылы сауда жасасты. Жібек жолы заманында темір және ыстан жасалған ақшалар болған, оларды шелекпен тасып үрген. Олардың даңғырынан «даңғыр» деп аталып, «даңға» немесе түркі тіліндегі «таңға» сөзі шыққан. Ақша құнын, оның толығу жолдарын жақсы білген.

Соған орай мынадай мақалдар қалыптасқан. «Теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер», «Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады».

 

1. Іштей оқу   2. Дауыстап оқу  3. Мәнерлеп оқу                   

- Балалар, мәтінде не туралы айтылған?

- Кім мазмұнын айтып бере алады?

6.Жазылым.Дәптермен жұмыс 

Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Интербелсенді тақтамен жұмыс.

1-тапсырма. Сөздерді жұптастырыңыз және сөйлем құраңыз.

1

2

3

4

5

жарты 

Қап

Дана

Литр

Метр

Қорап

Килограмм

Қаймақ

Жіп

Анар

Картоп

Сіріңке

Сәбіз

 

 

 

 

2.Септік жалғауларын сәйкестіріңдер.

 

Теңге(Т.с), дүкен(Ж.с), еңбекақы(Б.с), тауар(І.с), ақша(К.с), байлық(Ш.с), азық-түлік(А.с)

3.Мына сөйлемге сатылай комплексті талдау жасаңдар.

 

Біз тауарды ақшаға сатып аламыз.

 

7.Сергіту сәті.

8.Тілдесім. Сөйлесу.

I - топ«Киім дүкенінде»

 II - топ «Азық-түлік дүкенінде»

 III -топ«Ұялы телефон керек еді...» жалғастыру

-         Сәлеметсіз бе?

-         Сәлеметсіз бе?

-         Маған ұялы телефон керек еді...

-         Түсінікті. Сізге қандай ұялы телефон керек?

-         Кешіріңіз, маған ең мықты заманауи телефон керек еді.

-         Жақсы. Қазір көрсетейін.

-         Қымбат емес пе? Маған өте қымбат қажет емес.

-         Олай болса, мына телефонды алыңыз.

-         Бұл қандай фирма?

-         «Nokia» фирмасынан.Бұл жақсы телефон.

-         Өте тамаша. Мен сізбен келсемін.

-         Алайын. Рақмет. Сау болыңыз.

-         Тамаша. Келістік. Сау болыңыз.

 

9.Айтылым.

Ой толғаныс кезеңі: 

Мына мақалдың  «Теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер» мазмұнын дәлелдеу.Өз ойларыңды айту.

Еңбек туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтып беру.

10.Тілдесім. Мына көріністі кім сөйлетеді?

Көрнекілік топамасын көрсету.

III.Үй жұмысын беру кезеңі:

1.Жаңа сөздерді жаттау.

2. Мәтінді оқып,әңгімелеу.

3. Шағын шығармаға дайындалу « Егер менде бір миллион ақша болса...»

IV.Бағалау кезеңі: Оқушылардың білім деңгейлерін бағалау.

 

Скачать

sabaty-tayryby-1.docx [27,25 Kb] (cкачиваний: 21)

 


Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения