Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
31.03.2016
0
207
0

Занятие по валеологии в подготовительной группе. Тема : «Менің отбасым, менің үйім және ондағы менің орным»





Ережепова Гульнар Зкриякызы, воспитатель, КГКП детский сад

«Асем», село Толе би, Жамбылская обл., Казахстан

 

 

Мектепалды даярлық тобында ұйымдастырылған ашық оқу  іс-әрекетінің конспектісі.

Білім беру саласы: Денсаулық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Валеология.

Тақырыбы: «Менің отбасым, менің үйім және ондағы менің орным».

Мақсаты:

1. Білімділік: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту.

2. Дамытушылық: Баланың үйдегі орны жәйлі түсініктерін қалыптастыру.  Үлкенді сыйлау,кішіге қамкор болу,жауапкершілік сезімдерін дамыту. Ата-анасына,тұған жеріне ,тұған туыстарына,баурларына сүйіспеншілік қасиетін қалыптастыру.Отбасындағы адамгершілік денсаулығынын түсінігін беру.

3.Тәрбиелік: Балаларды отбасымен сыйластыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.                                      

 Көрнекіліктер: Отбасы мүшелері туралы көркем сөздер, үлгі суреттер, интерактивтік тақтай /тұсаукесер/, шарлар, суреттер, карта, ватман,.

 

Әдіс-тәсілдер: Ақпараттық технологиялар / тұсаукесер/; комуникативтік технологиялар /көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мақтау, ойын, мадақтау, қорытындылау/

Сөздік жұмыс : Отбасы-семья –family,  әже- бабушка-grandmother, ата-дедушка-grandfather, әке-папа-father, ана-мама-mother, аға-брат-brother, әпке-сестра-sister

Оқу іс-әрекетінің  барысы:

 

1.Үйымдастыру кезеңі.Бөлме өтілетін сабаққа байланысты безендірілген.

 

Шаттық шеңбері.

Біз кішкентай баламыз

Өсіп-өніп толамыз

Күнге қарай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.

Жабырқауды білмейміз

Жалқаулықты сүймейміз

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Сәлеметсіз бе!

Здравстуйте!

Good morning!

 

 

Тәрбиеші: Балалар біз  ғарышта ғарыш кемесімен саяхаттап жүреміз.Қараңдаршы балалар біз ғаламшарларды көріп тұрамыз. Міне

Меркурий – Шолпан – Жер – Марс – Юпитер – Сатурн – Уран – Нептун

Ғаламшарды үш тілде санап беріңдерші! /бір-один-one, екі-два-two, үш-три-three, төрт-четыре-four, бес-пять-five, алты-шесть-six, жеті-семь-seven, сегіз-восемь-eight/ . Жер ғалмашарын көрсетіңдерші!

Біздің ғаламшары- Жер  .

-Ол қандай?

-Қай пішінге ұқсайды?

-Қандай түстерді байқап тұрсыңдар?

(көк,қоңыр,ақ..)

Көк түс-судың белгісі.

Мухиттар мен теңіздер.

Ақ түсіміз ол бұлттар.

Аспанда қалқып жүрер.

Ақ түсіміз құрлық дер.

Оның аты болар-Жер.

 

Жер ғаламшары:

1.Судан.

2.Құрлықтан.

3.Бұлттан тұрады екен.

 

Жерге жарығымен жылуын беретін- Күн жұлдызы.Күн жұлдызы ғаламшарлардағы  күн жүйесінің  орталығы.

Күнге арнап ән айтайық.

 

Ән: «Күн әлемі»

 

Тәр.:  Біз бүгін ұзақ саяхаттан кейін туған жерімізге ораламыз.

 

Психожаттығу: Көзімізді жұмып, бір-біріміздің қолымыздан ұстап төменге түсеміз. Міне, төмендеп кележатырмыз. Балалар туған  жерімізге келіп жеттік, терең дем алып көзімізді ашып,  жаң жағымызға қараймыз. Жерге аман оралғанымызға қуанып, бір- бірімізге қарап күлімдейміз.

Мұнда қараңдаршы, балалар, бізді жерде қонақтар қарсыалып отыр екен. Бәріміз қонақтармен сәлемдесейік.

 

Картамен жұмыс.   Әңгіме, сұрақ – жауап.

Тәр.: Міне балалар біздің Қазақстан мемлекетінің жері кең байтақ. Балалар мемлекетіміздің бас қаласы қалай аталады?    (Астана).

Ал, туған жеріміз туралы кім айтып береді?  (Жамбыл облысы, Шу ауданы,Төле би ауылы). Балалар осы Төле би ауылында әрқайсыларыңның үйлерің бар, сол үйде тұратын адамдарды біріктіріп айтқанда қалай атаймыз? (Отбасы).

 

 Санамақ

Mother, father, brother, sister

One, two, three, four

We are the family of four!

 

 Отбасы туралы жеке сұрақтар.

Тәр.:Үлкен саяхаттан кейін шаршаған шығарсыңдар , орындықтарға отырып демалыңдар.

Балалар сендер қай балабақшаға келіп жүрсіңдер («Әсем» балалар бақшасына).

Балабақшаға сендерді кім алып келеді? (әже - бабушка-grandmother, ата-дедушка-grandfather, әке-папа-father, ана-мама-mother, аға-брат-brother, әпке-сестра-sister)

Балалар дем алып отырып жұбақ  шешейік.

                   Мейрімді – жел жібек

                   Күндей істық құшағы

                   Ет жүрегі елжіреп,

                   Құлыным, деп құшады.        (Әже- бабушка-grandmother)

 

Тәр.: Кім тұралы айтылған, балалар. Кім айтады екен?Дұрыс айтасындар. Балалар бізге конақ келіп қалған секілді.

        

Ғажайып сәт. (Әже кіреді).

Сәлемдесу. Балалар әжені төрге апарып отырғызады. Отбасы туралы тақпақтар айтып береді.

                                                        Ата.

Айтады ертек жан атам

Ақсақалын салалап

Құмарымды таратам

Жер мен көкті аралап.

 

Менің анам.

Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.

Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды құмаймын.

Айтқан сөзді тындаймын

Анашым ды сыйлаймын.

 

Мен.

Атам не айтсам көнетін

Апам көңіл бөлетін

Мен осы үйдің еркесі

Бәрі жақсы көретін.

 

Тәр.: Ал енді, әже, сізге және балаларға отбасы туралы санамақ жұмбақ  айтып берейік. Қане кім айтады екен?

Біз қанша адамбыз?

Ал санаңдар, санаңдар

Бізде қанша адам бар?

Алдымда: Атам, әжем бар,

Алдымда: әкем, анам бар

Білмесендер, біліңдер

Тағы саусақ бүгіңдер

Алдымда: әпке, көкем бар.

«Аман жүрсін інім» -дер.

өзім бармын, інім бар

кіп-кішкентай күнім бар.

Қанша болдық бәріміз?

Қанша болдық? Біліп ал!

 

Әже сөзі:   Ал енді, менің санамағымды тыңдап көрсін балалар.

Тәр.: Әже, біздің балалар оңға дейін тура және кері санай біледі.

 

Балалар оңға дейін үш тілде  тура және кері санайды.

Әже: Жарайсындар балаларым! Сонда да менің санамағым тыңдап көріндер.

Сыңғыр, Сыңғыр, сырғалар

                   Құлағымда ырғалар

                   Оң қолымда білезік

                   Сол қомымда білезік,

                   Саусақтарда сақина

                   Қане санап көрсетші.

 

Балалардың жауабы.

 

Дид. ойын. «Кім жоқ?»,  «Кім қайда тұрады?».

Мақсаты:

 Тәр.:  Біздің балалардың ойыные көрдіңіз. Енді сөзжұмбақ шешкенін тамашалаңыз.  Енді сөзжұмбақ арқылы балалардың қандай болу керек екенін көрейік. Әдепті тақырыбында сөзжұмбақ шешеміз.

 

 

 

 

т

ә

р

т

і

п

т

і

 

 

т

ы

ң

д

а

у

 

 

 

 

 

 

 

 

р

е

н

ж

і

т

п

е

у

к

і

ш

і

п

е

й

і

л

 

 

 

 

 

 

ө

т

п

е

у

 

 

 

 

 

 

 

к

і

ш

і

г

е

 

 

 

 Сөзжұмбаққа арналған сұрақтар.

  1.      Балабақшада қандай болу керек?
  2.      Әке-шеше ақыл айтқанда не істеу керек?
  3.      Қыздарды біз қалай сыйлаймыз?
  4.      Үлкендер алдында қандай болу керек?
  5.      Үлкендердің жолына не істемеу керек?
  6.      Қамқорлықты кімге жасау керек?

 

Әже:  Балалар сөзжұмбақты, санамақты жақсы шешеді екен. Ал, үйде ата-аналарына тұрмыстық жұмыстарға көмек береді ме екен?

Тәр.: Әже, қәзіргі заманда балалар сегіз қырлы, бірсырлы болып өсулері керек.  Біздің балалардың қалай жұмыс істейтінін қарап отырыңыз.

 

Ұжымдық

 жұмыс.     Екі топқа бөлініп. Бірінші топ табиғат бұрышында жұмыс

істейді. Екінші тобымыз құрылыспен айналысады.

 

Гүл ексен терлеп

Бұның аты еңбек.

 

Балалар үлкендерге көмектесіп  зәулім үйде тұрғызады.  

Қалаушы да табылды,

Үй саланды, жабалды

Қосып құмға лайда

Сылақшылар сылайды.

Терезе, есік, едені

Қиюласты әдемі.

Құрылысшы боламыз

Зәулім үйлер саламыз.

 

 

Дид.ойын: «Біздің денсаулығымызға не керек?»

Мақсаты: Балалардың денсаулыққа қажетті заттар туралы білімдерін бекіту,

жылдамдыққа тәрбилеу.

 

Құралдар: Доп.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларды дөңгелете турғызып, десаулықты сақтауға қажетті заттарды естеріне түсіруін сурайды. Содан кейін тәрбиеші допты кезектеп балаларға лақтырады, ал балалар қажетті заттарды атап, керісінше допты тәрбиешіге қайтарады. Ал, шатасқан балалардың орнына басқалары жауап береді.

 

Дені саудың – жаны сау.

 

Қорытынды:  1. Балалар, бүгінгі сабақта не туралы айтық?

      2. Отбасы туралы не білдік?

 

Тәр.: Елімізге тініштық тілейміз, аспанымыз ашық болсын, нанымыз көп болсын, отбасымыз аман болсын. 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения