Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
31.03.2016
0
205
0

Аман болшы, ақ мамам!

Рахметулина Гульнара Жакановна

Бастауыш сынып мұғалімі

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Комсомол жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Екібастұз ауданы, Павлодар облысы, Қазақстан

Сабақтың мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы мерекелерімен құттықтау.ананың мейрімін, махабаттын,жақсылығын түсініп, оған балалық сүйіспеншілікпен жауап бере білуге баулу.

Көрнекілігі: плакаттар,гүлшоқтары.

 

Барысы: Кіріспе сөз.

-Қош келдіңіздер,құрметті аналар, ұстаздар,қыздар!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейрім шуағын шашып жүре беріңіздер. Бүгін қыздарыңыз сіздердің алдарыңызда алғашқы рет өз өнерлерін ортаға салғалы отыр. Қыздарды қошеметпен қарсы алайық!

Жүргізуші: Қыздардың аналарға арналған өлең жолдары.

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің,

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.

Сейілмесін жанарынан ананың,

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.

Аялайық аналарды әрдайым,

Қуанышқа бөлейікші өздерін.

Әжелердің, аналардың, қыздардың

Мұн шалмасын күлім қаққан көздерін.

Ана –барлық өмірдің бастауы.Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді.Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды.ана-ұлы адам,Ана-құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!

Мың бұрылған арулар аңдып басып,

Келеді міне, ортаға толқып-тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.

 

Қыздырдың орындауында «Көктем» биі

 

Анам менің-аялаған ақ гүлім,

Анам менңн –бақытым мен шаттығым.

Анам менің-өмірдегі тірегім,

Анам менің-кеудемдегі жүрегім.

Егер менің қасымда сен болмасаң,

Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

Алтын анам жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған

Сабақтан шаршап үйге келгенімде,

Бал сөзі-жаным деген сая маған.

Құтты болсын , ардақты ана,

Асыл анам мерекең,

Құтты болсын теңдік алған,

8 наурыз мерекең.

Көрсетемін күллі елді,

Жарық етем түндерді.

Өсіріп мен сыйлаймын,

Жұрт көрмеген гүлдерді.

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып,

Мәпелеген ақ мамамды,

Жүрсем деймін шаттандырып.

Еркелесем,күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым,күнім»-дейтін.

Айналайын анашым,

Көкте нұр боп жанасың.

Ет жүрегің елжіреп,

Құшағыңа аласың.

Көктемде көңілді,

Құстар кеп жатқанда.

Ққұлпыртып өңірді,

Гүл ектік бақтарға,

Гүл ектік аулаға,

Көктемде көңілді.

Бақта да, бауда да,

Ақ гүлдер өрілді.

-Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас жас сәби де жарқылдап.

Ана деген –бәйтерегі өмірдің,

Ана деген-алтын қазық, алтын бақ,-дей отыра, кезекті оқушылардың аналарына  арнаған әнін береміз.

Ойын: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Әртүрлі сұрақтар жасырылады ,аналар «А» әрпінен басталатын сөзбен жауап берулері керек. ( Ойын ойналады)

1.Сіздің есіміңіз?

2.Балаңызды қалай еркелетесіз?

3. Сіз жұмыс жасап отырсыз, ал балаңыз маза бермей жатыр, не деп айқайлайсыз?

4.Жақсы көретін мерекеңіз?

5.сүіп ішетін тағамыңыз?

6.Қандай санды ұнатасыз?

7.жақсы көретін әніңіз қандай?

    Ойын нәтижесін қорытындылау.

Анамызға мың алғыс,

Аялаған ,баптаған,

Асыраған, сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен,

Анамызға мың алғыс!

Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін.

Еркелеткен біздерді,

Аналарға мың алғыс!

Құтты болсын ардақты анам,

Асыл анам мерекең

Құтты болсын теңдік алған,

Құанышты мерекең.

«Кім шапшаң?»  ойыны, аналармызы қойылған сұрақтарға лезде жауап  беруі керек.

1.Балдан тәтті не? (Бала(

2.Қара шаңырақ иесі кім? (Кенже ұл)

3.Балаға кім сыншы? (ата)

4. Әкеден балаға берілетін зат. (Мұра)

5.Үйдегі алтын адам кім? (ана)

6. Тәрбие мен білімнің ордасы, (Мектеп)

7. 18 жасқа толмаған адам, (бала)

8. екі адамның бір-біріне деген адалдығы. (Достық)

9.Бес асылды атңыз. (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

10.Үш арсызды ата? (ұйқы, тамақ, күлкі)

Сегізінші наурызда,

Құттықтаймыз ананы.

Теңеп оны жұлдызға-сый тартамыз бағалы!

Бәрі: Бәрі жақсы ананың,

Бәрі де оның керек-ау...

Бірақ әрбір баланың

Өз анасы бөлек-ау!- деп отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді құрметті аналарымызға береміз.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения