Есмаганбетова Мадина Казыккызы
Должность:бастауыш сынып мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Атырау қаласы
31.03.2016
0
224
1

Танымдық білім сайысы

Шараның тақырыбы: «Білім – жарық күнің» танымдық –білім сайысы

 

Мақсаты: Терең жан-жақты білім алуға , тез, шапшаң, нақты ойлап, әділ шешім айтуға үйрету, дүниетанымын, шығармашылық қиялын дамыту. Бірлікке, достыққа, ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: шарлар, жылжымалы тақта, бейнероликтер, ойыншықтар, шырша

 

Танымдық сайытың жүру барысы:

 

Шаттық шеңбері арқылы балалар бір – біріне сәттілік тілейді.

 

-         балалар алда қандай мереке келе жатыр?

-         Жаңа жыл

-         Ендеше, жаңа жылда біз нені безендіреміз?

-         Шыршаны.

-         Оны безендіру үшін бізге не керек?

-         Ойыншықтар

-         Ойыншықтар қайда?

-         Қорапшада

-         Ендеше, балалар, қазір қорапшадан өздеріңе ұнаған ойыншықтарыңды таңдап алыңдар!

Балалар таңдап алынған ойыншықтары шырша, аяз ата, ақшақар болып үш топқа бөлінеді?

 

Ән: «Кел, балалар, келіңдер!»

 

Сайысымыздың І айналымы «Сиқырлы әліппе» деп аталады.  Топтар өздері таңдаған ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді.

 

Ән: «Рахмет, саған әліппе»

 

ІІ айналым «Күніміз ашық болсын!» ойыны.

Оқушылар өздері таңдаған бұлттардағы есептерді шығара отырып, күннің көзін ашады.

 

6, 7, 8, 9, 10   сандарын өсу ретімен орналастырады және оларға қатысты тақпақтарын айтады.

 

Ән: «Таңмен бірге»

 

 

 

 

ІІІ айналым «Ойлы болсаң, озып көр»

 

Шырша тобы – «Ойлан тап» яғни берілген әріптерді қатыстырып, сөздер жазу

Аяз ата тобы – «Адасқан әріпер» яғни адасқан әріптерден сөздер құрастыру

 

Ақшақар тобы – «Орнымды тап», яғни шартты белгілерді сәйкестендіру

 

IV айналым «Ертегілер елінде»

 

Әрбір ұяшықта ертегілерден үзінді видеолар жасырынған, соларды табу қажет.

 

РЕФЛЕКСИЯ

 

Күн – күндей күлімде,

Гүл – гүлдей жайна,

Жұлдыз – жұлдыздай жарқыра,

Жүрек – шын жүректен тилейміз дей отырып, балалар өз қолындағы ойыншықтарымен шыршаны безендіреді.

 

Мадақтау:

Оқушыларға әрбір кәмпитке

әдемісің, сұлусың, ғажапсың, кереметсің, тамаша, озатсың, алғырсың, жарайсың, тапқырсың, талаптысың, мықтысың, батылсың, керемет, қымбатсың, ажарлысың, зерексің, сүйкімдісің, көшбасшысың, белсендісің, ең мықтысың, шыншылсың деген марапаттаулар жазып таратамын.

 

Ән: «Атамекен» орындайтын Алтайқызы Нұрсая және сынып оқушылары.

 

Мұғалім сөзі:

Ұнадыңдар балалар,

Құштарсыңдар білімге,

Аяқтап мен сайысты,

Рахмет айтам сендерге.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения