Бекенова Ардак Бекайдаровна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
31.03.2016
0
483
0

«Геодезия» пәнің ашық сабақтың әзірлемесі «Теодолиттік түсіріс»





Ашық сабақты өткізу жоспары

 

Өткізілу күні: 27.11.2015 ж

Өткізілу орны және уақыты: 46 ауд,сағат 10:40

Тобы: 2С-214

Пәні: Геодезия

Тақырыбы:«Теодолиттік түсіріс»

Мақсаты:теодолиттік түсіріс кезіндегі жұмыс  тәртібін үйрену.

Білімділік: теодолиттік түсіріс

Дамытушылық: студенттерге  жедел ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: студенттерді жауапкершілікке тәрбиелеу

Педагогикалық технологиясы: дуалдық оқыту технологиясы, өзіндік жұмыстарды қолдану технолгиясы, әріптестік технологиясы (топпен жұмыс)

Сабақтың түрі: тәжірибелік жұмыс

Оқыту әдістері: дедуктивті әдіс

Көрнекі құралдары: теодолит

Пәнаралық байланыс: ИПЖД, Геодезия

 

Сабақтың барысы

 

Ұйымдастыру кезеңі: 3 минут

Өткен тақырыпты тексеру: 10 минут

Тәжірибелік жұмыстың шартын түсіндіру: 5 минут

Өзіндік жұмысы: 20 минут

Нығайту: 3 минут

Үй тапсырмасы: 2 минут

Қорыту: 2 минут

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

Студенттермен амандасу, дәрісхананың тазалығын, оқушыларды түгендеу.

 

Өткен тақырыпты тексеру

 

Теодолиттерді тексеру және түзету. Теодолиттердің құрылысы, типі. Теодолитті қолданудың негізгі ережелері. Теодолитті жұмыс жағдайына келтіру.

(2 топқа тапсырма беріледі)

Әр топқа теодолитті жұмыс жағдайына келтіру мен оны тексеру ережелерін орындау тапсырылады.

Әр топтан бір студент теодолитті жұмыс бабына келтіру тәртібін айтады, оны әріптесі орындайды. Келесі студент тексеру ережелерінің орындалу ретін айтады, оны басқа әріптесі орындайды.

 

 

Тәжірибелік жұмыстың шартын түсіндіру

 

Өткен тәжірибелік жұмыстарда горизонталь бұрыштарды өлшеп, дирекциондық бұрыштарды және румбтарды есептедік.

Түзетілген өсімшелер мен нүктелердің координаталары бойынша жүйелі түрде полигонның барлық ұштарының координаталарын есептеп шығарады.

Теодолиттік  түсірістегі камеральдық  жұмыстар есептеулер мен сызу жұмыстарынан тұрады. Есептеулер нәтижесінде пункттердің координаталары анықталып,ал графикалық жұмыстар арқылы белгіленген масштабта теодолиттік түсірістің планы жасалады.

Теодолиттік жүріс пункт координаталарының есептеу жұмыстары өзара мынандай түрлерге бөлінеді:

1)өлшенген бұрыштарды өңдеу ;

2)дирекциялық бұрыштарды есептеу;

3)өлшенген ұзындықтардың горизонталь проекцияларын есептеу;

4)координаталар өсімшелерін есептеу ;


5)пункттердің координаталарын есептеу.

Осы айтылған есептеулер арнайы ведомоста жүргізіледі. Тұйықталған және тұйықталмаған полигондар пункттерінің координаталарын есептеудің ерекшеліктері бар. Сондықтан оларға екі бөлек  тоқталамыз.

Енді тұйықталған теодолиттік жүрістегі нүктелердің  координаталарын есептеп шығару жолын қарастырайық. Есептеп шығарулар арнайы ведомость бойынша төмендегі ретпен орындалады:

1.Бұрыштарды өлшеу журналынан 2-бағанға горизонталь бұрыштардың орташа мәнін жазып алады.

2.Ведомостың 6-бағанына өлшенген ұзындықтардың горизонталь салындылары (проекциялары) енгізіледі.

3.Өлшенген бұрыштарының қосындысын есептеп,полигонның бұрыштық үйлеспеушілігін мына өрнекпен анықтайды:

 

Мұндағы,  QUOTE   өлшенген бұрыштардың практикалық қосындысы;

 QUOTE   -полигонның ішкі бұрыштарының теориялық қосындысы .      Тұйықталған теодолиттік жүріс бұрыштарының теориялық қосындысы мына формуламен есептеледі:

 QUOTE   180 QUOTE   (n-2)

мұндағы , n –көпбұрыштың ішкі бұрыштарының саны.

4.Бұрыштық үйлеспеушіліктің   анықталған шамасы ықтимал шеткі үйлеспеушілікпен     QUOTE      Салыстырылады.   Бұрыштық үйлеспеушілік  бұрыш өлшеудің  дәлдігін көрсетеді және ол төмендегі шектен шықпауы керек :

Мұндагы n-өлшенген бұрыштар саны .

 

5.Егер бұрыштық үйлеспеушілік шектен аспаса, онда бұрыштарды өлшеу сапасының жоғары болғаны .

Бұл жағдайда бұрыштық үйлеспеушіліктің таңбасын теріс етіп барлық өлшенген бұрыштарға бөледі, яғни бұрыштарға кері таңбамен  түзетулер енгізіледі.     

                                                     

Түзетулерді  минуттың ондық бөлігіне дейін дөңгелектеп енгізеді.

6 .Өлшенген бұрыштарды есептелінген тузетулермен алгебралық қосып түзетілген бұрыштарды табады.

 

 

7.Бұрыштар үйлесуінің дұрыстығын тексереді,сол үшін түзетілген бұрыштардың   QUOTE      қосындысын есептейді,сонда бұрыштық өлшеулерді өңдеудің  дұрыстығын мына теңдік бойынша тексереді.

 

 

8.Бастапқы белгілі қабырғасының алғашкы дирекциялык бұрышы мен полигонның түзетілген ішкі бұрыштарының мәні бойынша жүйелілікпен ішкі полигонның барлық қалған қабырғаларының дирекциялық бұрыштарын мына формуламен есептеп шығарады.

 

 

Немесе:

 

 

Мұндағы QUOTE    сол жүрістегі оң  және сол жақтарға сәйкес тузетілген бұрыштар: QUOTE    QUOTE    –келесі қабырғанын  дирекциялык бұрышы:   QUOTE      бастапкы кабырғанын дирекциялық бұрышы.

9.Дирекциялык бұрыштарды анықтауды тексеру.Бұл тұйықталған теодолиттік жүрісте бастапқы қабырғалардың дирекциялық бұрышын табу есептеулері болып табылыды.

10.Румбалардың мәндері мына формулармен есептеледі:

1-ширек r QUOTE   

2-ширек r2 QUOTE   

3-ширекr3 QUOTE   

4-ширекr4 QUOTE   


11.Теодолиттік жүріс қабырғаларының горизонталь проекциялары есептеп шығарылады. Егер қабырғаларының ұзындығын өлшеу кезінде көлбеулік ұзындық D және көлбеулік бұрыш V анықталса,  онда горизонталь  ұзындыктарды   мына өрнектің   көмегімен анықтауға болады:

                                                         

12. Тура геодезиялык есептің формулалары  пайдаланып, координата өсімшелері  есептеп шығарылады:

                                     QUOTE   

                                     QUOTE   

Координата өсімшелерінің таңбалары берілген бағыттың қай ширекте жатқанына байланысты болады, яғни қабырғаның дирекциялық бұрышының мәнімен анықталады.

Координата өсімшелерінің есептеп шығарылган мәндерін координаталар ведомосының 7және 8 бағандарына жазады.

13. X және Y осьтеріндегі координата өсімшелерінің үйлеспеушілігін   ( QUOTE    және   QUOTE    ) мына формулаларды колданып анықтайды .

 

 

Осы мақсатпен 7 жане 8 бағандардағы оң және теріс өсімшелерді жеке-жеке қосады, содан соң алгебралық қосындысын есептеп, оның нәтежесін қорытынды сызықтың астына жазады.


14 .Теодолиттік  жүрістің периметріндегі  абсолюттік  ұзындық үйлеспеушілігін табады.

 

15. Теодолиттік жүрістегі абсолюттік ұзындық өлшеулердің дәлдігі  салыстырмалы  ұзындық үйлеспеушілігінің шамасымен бағаналады.Ол абсолют ұзындық  үйлеспеушілігіне абс  тура пропорционал,ал полигоннын периметріне  Р кері пропорционал болады,оның мәні периметрдің 1/2000болігінен аспауы тиіс.

 

16.Егер салыстырмалы ұзындық үйлеспеушілік шегінен аспаса ,онда координата өсімшелерін теодолиттің жүріс кабырғалардың ұзындығына пропорционал етіп, кері таңбамен түзету енгізіледі;

 

 

 

Мұндағы   QUOTE   ,    QUOTE    -X және Y  осьтеріндегі координата өсімшелерінің тиісті түзетулері.

Табылған түзетулерді мертдің жүз бөлігіне дейін дөңгелектеп,оларды ведомостың 7және8-бағдарына тиісті өсімше мәндерінің үстіне жазады.

17.Тексеру максаты   QUOTE   ,мен   QUOTE     түзетулерінің қосындыларын табады:олар тиісті үйлеспеушіліктерге кері таңбамен тең болуы тиіс ,яғни;

                                                              

 

 

18.Есептеп шығарылған координата өсімшелері мен түзетүлері бойынша координаталардын түзетілген өсімшелерін  анықтайды (9және10-багандар)

 

 

Әр бір осьтегі түзетілген координата өсімшелерінің алгебралық қосындысы нөлге тең болуы тиіс;

 

 

 

19.Түзетілген өсімшелер мен нүктелердің координаталары бойынша жүйелі түрде полигоннын барлык ұштарының координаталарын есептеп  шығарады:

Xi+1 =Xi+∆Xm.i  QUOTE  

Yi+1 =Yi+∆Y m.i  QUOTE  

 

Мұндагы, Xi+1,Yi+1. –Х және У  осьтеріндегі келесі нүктелердің тиісті координаталары;

 QUOTE   ,  QUOTE   -Х және У осьтеріндегі алдынғы нүктелердің тиісті координаталары;

           QUOTE   ,   QUOTE 

«Геодезия» пәнің ашық  сабақтың әзірлемесі «Теодолиттік түсіріс» «Геодезия» пәнің ашық  сабақтың әзірлемесі «Теодолиттік түсіріс» «Геодезия» пәнің ашық  сабақтың әзірлемесі «Теодолиттік түсіріс»
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения