Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
30.03.2016
0
658
7

Д. Әбілов «Туған тілім» слайд және сабақ жоспары





Кабдуллина Динара Сериковна,

бастауыш сынып мұғалімі Ақсу қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі,

Ақсу қаласы,Павлодар облысы,Қазақстан Республикасы

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру

Білімін, ой-өрісін дамыту

Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:І.Бағдарлау-мотивациялық кезең.

Психологиялық ахуал туғызу.

Үй тапсырмасын сұрау:

Астана жаттау.

-Астана қаласы қай кезден бастап «Астанасы» қаласы аталды?

-Бұрынғы аты қандай еді?

-Қазақстан Респбуликасының Астана қалалары болды,ата?

Мақсат қою кезеңі:

Туған жер , Отан тақырыбына кіріспе әңгіме жүргізу.

Операциялық-орындаушылық кезең.

Жаңа сабақ.

Оқушыларды 4-топқ бөлу:1,2,3,4топ

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Дуйсенби Дарияның «Ана тілім» жас Жамбылдың өлең шұмағын жатқа

мәнерлеп айту.

-сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс.

1. Дихан Әбілевтің өмірбаянымен таныстыру(слайд)

Оның шығармашылығымен таныстыру: «Шалқыма», «Таудағы ту»,

«Алтай асулары», «Майданбек», «Дастандар», «Арнаулы өлеңдері».

1. «Туған тілім» оқып талдау.

-Алдымен мұғалім мәнерлеп оқиды.

-Әр оқушы ішінен оқиды .

-Әр топтың оқушысы мәнерлеп дауыстап оқиды.

Туған тілім

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім

Туған тілім-анам тілі-өз тілім!

Туған тілім-далам тілі-өз тілім!

Туған тілім-адам тілі-өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

-Өлең шұмағын қазақ тіл сабағымен байланыстырып, сұраулы,

хабарлы, лепті сөйлемдерді табу.

Ой шақыру.

*Ақынның туған тіл деп отырғаны қай тіл?

*Өлеңдегі туған тіл деген тіркестің орынына қазақ тілі деген сөзді

қойып, дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқы?

Дәптермен жұмыс.

Өлең шұмағын жазып алу

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

Сергіту сәті.(би)

Тапсырмалар:

1-тапсырма:3-мақал мәтелдер жазу(отар,тіл, туған жер)

2-тапсырма: шғырам жазу(5-8сөз)

3-тапсырма: «Сырлы қадам» (өлең құрастырып жазу)

«Сөзі жоғалған халықтың өзі де жоғалады»

(ұяшықтың таңдау арқылы берілген жағдаяттарды шешу)

Топтық жұмыс.

*Кубизм стратегиясы

*»Дұрыстап тап» ойыны.

Тілім-менің қазынам.

Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

-Бүгін не өттік?

-Нені үйрендік?

Білетінім Үйрендім Үйренгім келеді

Тіл байлығы-әр

елдің мақтанышы,

ол атадан қалған

мирас,баға жетпес

мұра.

Бағалау.

«Сиқырлы себет» бағалау, тілек жазу.

Әр топтың бір оқушысы сабақты қорытындылап, бағалайды.

Үйге тапсырма беру:

84 бет жаттау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения