Ибраева Асылтас Калиаскаровна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
30.03.2016
0
223
1

Сыныптан тыс «Ел тірегі-елбасы»

«Ел тірегі-елбасы»

 

Мақсаты:

а) Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру;

ә) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
б) Оқушыларды  елін, Отанын сүюге, ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсап жеткен егемен ел болуының қаншалықты қымбатқа түскенін түсіне отырып, еліміздің Тәуелсіздігін құрмет тұта білуге тәрбиелеу;


Әдіс-тәсілдері мен көрнекілігі:өлеңдер оқыту, деректі фильм көрсету,ән-күй мен би шығармаларымен көркемдеу т.б.

 

1-жүргізуші

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

2-Жүргізуші:

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.

1-Жүргізуші:

Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.

2- жүрг.

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

 


1- жүрг.

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Ел тірегі- Елбасы» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші: 

Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

1-жүргізуші:

 Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.

   Анасының аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.  1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.

 

 

 

 

 

Жасұлан

Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,

Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.

Айша

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың

Ілияс

Ұл едің қатарынан артық туған,

Еңбекке жастайынан белін буған.

Танытып әрбір елге белін буған,

Жастарға жалын бердің білім қуған.

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Даулетбеков Ануарбектің орындауында

 

2 жүргізуші:

        Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттігімізді орнатып,елін де әлемге жария етіп заманының аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Н.Ә. Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынды, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс.

 

Сахна төріне елбасына арналған өлеңін оқу үшін сахнаға 3 «А»сынып оқушысы Шахметова Жанаргүлді шақырамыз!

 

 

Сахнада  биімен 3 «Г» сынып оқушылары.  Қарсы алыңыздар!

 

1- жүргізуші:

     Елбасының негізгі мақсаты – ел бірлігін сақтау деп түсінемін. Оның әр сапарынан, әр кездесуінен осыны аңғаруға болады. Елбасы сайланғалы  міне жиырма  төрт жылдай уақыт өтті. Осы жылдар ішінде асқан төзімділікпен қыруар шаруа атқаруда. Ең әуелі өзге ұлт өкілдерімен қазақ елі арасындағы саяси тұрақтылықты сақтай отырып, халықтың өз қазынасын өзіне қайтаруға тырысты.

 

2 жүргізуші:

Ендеше бүгінгі айтулы мерекеде елбасымызға қандай тілек арнасақ та жарасады. Олай болса елбасына  өздерінің жүрекжарды өлеңдерін 3 сынып бүлдіршіндері  де арнағалы келіпті. Қошеметпен сахна төріне шақырайық!

3 «А» сынып оқушыларының

1.Гилаж Нұрболат және Тлеуғабыл Бауырданның орындауында

«Жаса,Қазақстан» әні орындалады.

 

2.Аскарова Мадиана .............................................................................................

 

3.Үш бақытым  3 «Б»сынып ...............................................................................

 

4.Ешманов Темирланның орындауында...........Ән........................................................................................

 

5.Ша

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения