Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
11.03.2013
0
3283
1

Газ тарату механизмі

Казахстан, Кызылординская область, г.Аральск

Аральский многопрофильный колледж

мастер производственного обучения
 Косбармаков Женисбек Махшатович

 

Өндірістік оқудың сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: 

Газ тарату механизмі.

 

Сабақтың білімділік мақсаты: Газ тарату механизмінің (ГСМ) жұмысы, газ тарату механизмінің бөлшектері, газ тарату фазасын басқару, газ тарату механизмінің ақауларын таныстыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:өзін –өзі қадағалауға, оқуға, білуге, еңбекке деген ынта-ықыласын ояту.Өмірге деген талпынысын, болашаққа деген сенімін арттыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, өз мамандығына деген құрметті, жауапкершілікті сезінуге үйрету.

Сабақтың түрі:тәжірибе жүзінде  оқып-үйрену тәсілдерін  көрсетіп үйрету.

Пәнаралық байланыс:тракторлар мен автомобильдер, материалтану, физика, химия.

Сабақтың материалды-техникалық жабдықталуы:интерактивті тақта, оқулық, технологиялық нұсқау карталары, тест сұрақтары, слайдтар, газ тарату механизмнің бөлшектері, суреттер т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі  5 мин.

1.1. Оқушыларды тізім бойынша тексеру

1.2. Оқушылардың арнайы киім кигендігін тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау 45 мин

2.1 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Жаңа сабақты бастамас бұрын теориялық білім деңгейлерін пысықтап, өткен сабақты ауызша сұрақ-жауап арқылы анықтау.

а)Топ  оқушыларының бір бөлігіне  тест сұрақтарын тарату.

б)Топ оқушыларының екінші бөлігіне ауызша сұрақтар беру:

1) Автомобиль мотор қаңқасының ішінде және сыртында қандай бөлшектер, механизмдер мен жүйелер орналасады?

2) Ауамен салқындатылатын моторлардың сұйықпен салқындатылатын моторлардан айырмашылығы?

3) Моторды рамаға қалай бекітеді?

4) Цилиндр-поршеньқұрамын айтыңыз?

5) Цилиндр гильзасының блокқа орнатылған жері қалай нығыздалады?

6) Поршень бөлшектерін атаңыз?

7) Поршеньнің компрессиялық және май сыдырғыш сақиналарының қызметтері және олардың орналасуы?

8) Поршень саусағы мен шатунның орналасуы?

9) Поршень саусағына май қалай беріледі?

10) Иінді біліктің подшипниктері қандай материалдан жасалады? 

11) Иінді біліктің осьтік ығысуы немен шектеледі?

12) Иінді біліктегі шатун мойнының қуысында болатын май қалай тазартылады?

13)Маховик моторға не үшін орнатылады?

14) Мотордың сығылу дәрежесін қалай өзгертуге болады?

15) Кривошипті –шатунды механизмнің негізгі ақаулық белгілері қандай?  

(Оқушылар  слайдтар бойынша сұрақтарға  рет- ретімен  жауап береді.)

2.3 Жаңа тақырып материалдары бойынша нұсқау беру

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Жаңа сабаққа назар аудару.

Арнайы дайындалған слайдты  көрсету.

-Оқушылар өткен сабақта үй жұмысы ретінде «Газ тарату механизмінің» технологиялық картасын жасау тапсырмасы берілген болатын, бүгін сол картамен жұмыс жасаймыз.

Осы тақырыпқа байланысты технологиялық сұлба дайындалды, соны талқылап, іс жүзінде көрсетейік.

 Технологиялық сұлба бойынша  газ тарату механизмінің (ГСМ) жұмысы, газ тарату механизмінің бөлшектері, газ тарату фазасын басқару, газ тарату механизмінің ақауларын таныстырылады.

2.4 Жаңа сабақтың материалдарын пысықтау

   Газ тарату механизмінің (ГСМ) жұмысы, газ тарату механизмінің бөлшектері, газ тарату фазасын басқару, газ тарату механизмнің негізгі ақаулары  слайд  бойынша оқушылардан пысықталынып сұралады.

ІІІ. Құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын көрсету30 мин

-Жұмыс орнын ұйымдастыру

- Газ тарату механизмінің (ГСМ) жұмысы, газ тарату механизмінің бөлшектері, газ тарату фазасын басқару, газ тарату механизмнің негізгі ақаулары көрсетіліп,  қауіпсіздік ережелері айтылады.

-Оқушыларға тапсырмалар бөліп беру.

ІV.Ағымдық нұсқау 30 мин

4.1  Оқушыларды тексеру мақсатында , жұмыс орындарын аралау.

    1-аралау                  Оқушыларды жұмыс орындарына  орналастыру.

    2-аралау                  Жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау.

 3-аралау                Іс -қимылдарының және жұмыстың дұрыс орындалып

жатырғандығын қадағалау.

    4-аралау                  Жұмыстың орындалу ретін қадағалау.

    5-аралау                  Техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

  6-аралау                  Дайын болған жұмыстарды қабылдау, жұмыс орнын    жинастыру, тапсыру.

V.Қорытынды нұсқау 15 мин

5.1. Орындалған жұмысты қабылдау және бағалау.

5.2. Сабақты қорытындылау және бағаларын хабарлау.

5.3. Сабақ барысындағы кемшіліктерді талдау және ең жақсы жұмыстарды атап өту, насихаттау.

5.4 Үйге тапсырма беру.

Салқындату жүйесінің  технологиялық картасын дайындап  және қайталап келу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения