Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
11.03.2013
0
2335
3

Кривошипті-шатунды механизм

Казахстан, Кызылординская область, г.Аральск

Аральский многопрофильный колледж

мастер производственного обучения
 Косбармаков Женисбек Махшатович

 

Өндірістік оқудың сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:

Кривошипті-шатунды  механизм

 

Сабақтың білімділік мақсаты: Кривошипті-шатунды механизмнің  мотор қаңқасы, цилиндр-поршень топтары, кривошипті-шатунды топтар, кривошипті-шатунды механизмнің негізгі ақаулары  таныстырылады.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:өзін –өзі қадағалауға, оқуға, білуге, еңбекке деген ынта-ықыласын ояту.Өмірге деген талпынысын, болашаққа деген сенімін арттыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, өз мамандығына деген құрметті, жауапкершілікті сезінуге үйрету.

Сабақтың түрі:тәжірибе жүзінде  оқып-үйрену тәсілдерін  көрсетіп үйрету.

Пәнаралық байланыс:тракторлар мен автомобильдер, материалтану, физика, химия.

Сабақтың материалды-техникалық жабдықталуы:интерактивті тақта, оқулық, технологиялық нұсқау карталары, тест сұрақтары, слайдтар, кривошипті-шатунды механизмнің бөлшектері, суреттер т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі  5 мин.

1.1. Оқушыларды тізім бойынша тексеру

1.2. Оқушылардың арнайы киім кигендігін тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау 45 мин

2.1 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Жаңа сабақты бастамас бұрын теориялық білім деңгейлерін пысықтап, өткен сабақты ауызша сұрақ-жауап арқылы анықтау.

а)Топ  оқушыларының бір бөлігіне  тест сұрақтарын тарату.

б)Топ оқушыларының екінші бөлігіне ауызша сұрақтар беру:

1) Автомобиль моторларында қандай жанғыш қоспа қолданылады?

2) Дизельді моторда жанғыш қоспа цилиндр ішінде қалай тұтанады?

3) Бензинді моторда жанғыш қоспа цилиндр ішінде қалай тұтанады?

4)Енгізу және шығару клапандарының қызметін атаңыз?

5)Дизельді мотордан бензинді мотордың жанғыш қоспаны қалыптастырудағы айырмашылығы?

6) Поршеньнің жоғарғы  шеткі нүктесі (ЖШН) мен төменгі шеткі нүктесі (ТШН) қайда орналасады?

7) Поршень жүрісі, жану камерасы, цилиндрдің жұмыстық көлемі (V), цилиндр диаметрі, цилиндрдің жұмыстық көлемі және поршень жүрісі дегеніміз не?

8) Сығылу дәрежесі (Е) деп нені атайды? Карбюраторлы, инжекторлы бензин және дизельді моторларда сығылу дәрежелерінің шамасын айтыңыз?

9) Төрт тактілі бензинді мотордың жұмыс циклдерін атаңыз?

10) Екі кактілі бензинді мотордың жұмыс циклдерін атаңыз?     

(Оқушылар  слайдтар бойынша сұрақтарға  рет- ретімен  жауап береді.)

2.3 Жаңа тақырып материалдары бойынша нұсқау беру

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Жаңа сабаққа назар аудару.

Арнайы дайындалған слайдты  көрсету.

-Оқушылар өткен сабақта үй жұмысы ретінде «Кривошипті-шатунды механизмнің» технологиялық картасын жасау тапсырмасы берілген болатын, бүгін сол картамен жұмыс жасаймыз.

Осы тақырыпқа байланысты технологиялық сұлба дайындалды, соны талқылап, іс жүзінде көрсетейік.

 Технологиялық сұлба бойынша кривошипті-шатунды механизмнің  мотор қаңқасы, цилиндр-поршень топтары, кривошипті-шатунды топтар, кривошипті-шатунды механизмнің негізгі ақаулары  таныстырылады.

2.4 Жаңа сабақтың материалдарын пысықтау

   Кривошипті-шатунды механизмнің  мотор қаңқасы, цилиндр-поршень топтары, кривошипті-шатунды топтар, кривошипті-шатунды механизмнің негізгі ақаулары  слайд  бойынша оқушылардан пысықталынып сұралады.

ІІІ. Құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын көрсету30 мин

-Жұмыс орнын ұйымдастыру

- Кривошипті-шатунды механизмнің  мотор қаңқасы, цилиндр-поршень топтары, кривошипті-шатунды топтар, кривошипті-шатунды механизмнің негізгі ақаулары көрсетіліп,  қауіпсіздік ережелері айтылады.

-Оқушыларға тапсырмалар бөліп беру.

ІV.Ағымдық нұсқау 30 мин

4.1  Оқушыларды тексеру мақсатында , жұмыс орындарын аралау.

    1-аралау                  Оқушыларды жұмыс орындарына  орналастыру.

    2-аралау                  Жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау.

 3-аралау                Іс -қимылдарының және жұмыстың дұрыс орындалып

жатырғандығын қадағалау.

    4-аралау                  Жұмыстың орындалу ретін қадағалау.

    5-аралау                  Техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

  6-аралау                  Дайын болған жұмыстарды қабылдау, жұмыс орнын    жинастыру, тапсыру.

V.Қорытынды нұсқау 15 мин

5.1. Орындалған жұмысты қабылдау және бағалау.

5.2. Сабақты қорытындылау және бағаларын хабарлау.

5.3. Сабақ барысындағы кемшіліктерді талдау және ең жақсы жұмыстарды атап өту, насихаттау.

5.4 Үйге тапсырма беру.

Газ тарату механизмінің  технологиялық картасын дайындап  және қайталап келу.

 

 

Скачать

zhenisbek-1-2003.doc [54 Kb] (cкачиваний: 63)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения