Абдулаева Жадра Маутхановна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
25.03.2016
0
160
0

Сыныптан тыс іс-шара "Наурыз-Думан!"

Тақырыбы: «Наурыз-думан»

 Мақсаты:  наурыз  мейрамы  жөнінде түсінік бере отырып, Қазақ халқының салт- дәстүрін   оқушылардың бойларына дарыту арқылы адамгершілікке ,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  Өтілу барысы:  Көңілді әуен  ойнайды.

Көрініс:

Залға бірін-бірі итеріп, қалжыңдасып Қожанасыр мен Алдар көсе шығады.
Қожанасыр: Ассалаумағалейкум, халайық! Алдар көсені көрмедіңдер ме? Мені алдап кетті. Қайда жүр екен, ә? Қазір кездессін бәлем! Алдар! Алдар! Қайдасың? Менің жаңа шапанымды алдап киіп кетіпті.
Алдар көсе: Ей, Қожеке не болды, сонша айқайлап. Неге шақырдың? Өзің бердің ғой сол шапанды.
Қожанасыр: Әкел шапанымды, Бер деймін шапанымды.
Жүргізуші: Қойыңыздар ағалар не болды сіздерге! Бүгін мейрам, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні адамдар ренжіспейді. Ренжіскен адамдар төс қағысып татуласады.
Алдар: Кешіріңіз Қожеке, келіңіз татуласайық, ренжімеңіз.
Қожанасыр:Татулассақ татуласайық. Тойға құтты болсын айтайық.
Арайы бар даланың,
Амансың ба, жаңа күн.
Сәлем, халқым, тірегім
Сендермен бірге жүрегім,
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың!

Алдар: Сәлем Наурыз күніміз
Мейман парқын біліңіз
Қыруар істі бастаймыз,
Қуанышты үніміз!
Қайтқан емес толайым,
Алдарыңа кеп тұрмын,
Айналайын, ағайын.
Жүргізуші: Ендеше әнші аталар
Шалқытып мерекеде ән салайық
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

  Жүргізушілер: 

1-жүргізуші:

Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.

2- жүргізуші:

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! ( бірге) Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

1-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады) Музыка қосылады.

 

 Би: «Қазағым менің!» ұлдар, қыздар

Қызыр ата келеді, сөзі: Аяулы халқым, қыстан аман-есен шығып, наурыз мерекесін үлкен қуанышпен тойлап жатқан  жұртым, Амансыздар ма!  22 наурыз мерекесі баршаңа жаңа бақытты өмір әкелсін! Бата:

Көк Тәңірі нұрыңды аяма,

Жер тәңірі ырысыңды аяма!

Әділ жанды тағынан тайдырма,

Әз халықты бағынан айырма.

Басыма бас қос,

Жасыма жас қос,

Асыма ас қос!

2 -жүргізуші

Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде. "Наурыз" сөзі парсы тілінен аударғанда "Жаңа күн" деген мағынаны береді.

Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған. 

Наурызмейрамы – дінимерекеемес. Бұлқалыңқыстанаман-есеншығып, күннұрынабөленіп, жаңажылдықарсыалумерекесі. Наурызмерекесіндекөріскенжандарбір-бірінқұшақжаяқарсыалып, игітілектерайтады.

            1926 жылданбастап, тоталитарлықжүйеніңықпалыменнаурызмерекесінтойлауғатыйымсалынды. Көпжылдарбойыұмытылып, сынынжоғалтқанмереке 1988 жылданберіқайтажаңғырып, Наурызмейрамынтойлаудәстүріөзжалғасынтапты.

Наурызмерекесі 1991 жылы, 15 наурыздаҚазақСРПрезидентініңқаулысыныңнегізінде мемлекеттікмәртебеге иеболды. Елбасынаурызайының 22 жұлдызын "Наурызмейрамы" депжариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев наурызайының 21, 22, 23 күндеріне "Наурыз мейрамы" деген атақ берді.

 

І кезең

 

1-жүргізуші

Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек. Ол үшін алдарыңыздағы конверті ашып сұрақтарға жауап берейік.

 

1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.

2.Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннанкейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.

 

1.Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.

2.Тілашар(дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап,шағын той өткізеді.

 

1( жеті ата(дәстүр). Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген.Олай болса жеті ата:Бала,Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.

2. «Сүйінші» деген не? (Қуанышты хабар жеткізу)


1. «Шашу» дегеніміз не? (Қуаныш айғағы ретінде жасалатын дәстүр. Үйлену тойында, құда келгенде, қоныс тойында, т. б.)
2. Бес қаруды ата? (Мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)

Дұрыс жауаптары слайдта көрсетіліп тұрады.

2-жүргізуші

      Қазақ халқының ғасырлар бойы күткен тәуелсіздігімен ілесе, оның төл өнері – айтыс та жаңғырып, жаңа сипатта халық өміріне енді. Бүгін сіздердің назарларыңызға айтыс тарихы туралы бірер деректерді келтіре кеткенді жөн көрдік.

Айтыс тарихы көнеде бермен қарай ұлтпен бірге жасасып келе жатыр. Оған мысал елдің ескі әдет-ғұрпына жататын тұрмыс-салт жырларындағы «Жұмбақ», «Қыз бен жігіт», мен «Бәдік», «Қайым»  айтыстары. Ал қазір айтыскер ақындарымыздың  өнерін тамашалайық.

5 «А», 5 «Ә» сыныптары – «Қыз бен жігіт» айтысы

6 «А» сыныбы – «Қайым» айтыс

6 «Ә» сыныбы – «Жұмбақ» айтыс

1-жүргізуші

Қазір бәріміз экранға назар аударайық

( ұлттық тағамдар туралы видео көрсетіледі)

Алдар көсе мен Тасша бала кіріп келеді, халықты алдап дастархандарындағы тағамдарын дорбасына жинайды.

2-жүргізуші

(Ұлттық ойындар тарихына тоқталады.)

Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.
Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал қазір кезекті ойынға берейік.

Ойын шарттарымен таныстырылады.

Сыныптар арасында «Аударыспақ», «Қыз қуу» ойнатылады

 

Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Аударыспақ кәзіргі кезде де шопандар тойында,  мерекелерде спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүр. 

Қыз қуу ойыны бір тегіс, жұмсақ топрақты жазық жерде өткізіледі. Мәренің қашықтығы 300 метрдей, ені 30-40 метрдей жер болуы шарт. Ойын өтетеін алаңнан қарама-қарсы жағында, бұрылыста жалауша қадалған бақылау пункті болады. Қызбен жігіттен екі-екіден жұптар жасақталады. Сөре желісінде қыз жігіттен 15 метрдей алда тұрады. Төрешінің белгісі бойынша ойыншылыр бір мезетте сөреден шаба жөнеледі. Ойының шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек. Егер жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жетсе, жеңімпаз ретінде қызды құшақтап, сүюге міндетті. Ал жігіт оған үлгермей қалса, бұрылыстан қайта шапқанда қыз көрермендердің гулеп қостауы үстінде шабандоз жігітті қамшының астына алады. Екеуі де осы жарыс үстінде өздерінің тапқырлыған, сынаптай сырғыған ептілікті, шабандоздық шеберлікті таныты білулері керек.

 

Ән: Гүлбарам Уатхановна

Би: «Қара жорға» + Жүргізушілер аяқтайды

Қызыр ата: Ал балапандарым. Жарайсыңдар, «Атаның сөзі –ақылдың көзі» дегендей ата салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы.Көсегелерің көгерсін, ырысымыз көп болсын деп Наурыз тойына бата берейін.
(Бата беріледі)
Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Еліміздің несібесі көп болсын.
Қош, сау болыңыздар, халайық!
Көріскенше күн жарық болсын!

1-жүрг:Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел арасындағы татулық пен бірлікті ерекше бағалаған. Келесі жылы да басымыз Аман, жұртымыз тыныш, жайлы болсын, халайық!
Жасай берсін жаңа күн!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения