Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
25.03.2016
0
374
0

Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат ресурстары, халқы

Сапиева Г.Х.
География пәнінің оқытушысы
 №26 Жалпы орта білім беретін мектеп 
Орал қаласы,Қазақстан

 Білімділік- Орталық Қазақстан экономикалық ауданының  экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстарына, еңбек ресурстарына баға беру.

Дамытушылық-оқулықтағы сурет, сызба-схема, атласты, кестелерді пайдаланып қосымша деректермен тест орындау арқылы өз бетімен ізденуге дағдыландыра отырып, оқушы ойын, қабілетін дамыту.

Тәрбиелік – экономикалық байланыстарды қарастыра отырып, экологиялық мәселелерге тоқталу. Оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: 9-сыныпқа арналған атлас карта, Қазақстанның әкімшілік-территориялық картасы, дидактикалық материалдар, интерактивтік тақтаны пайдалану, интернет слайдтары ,А-3 парағы,флипчарт, стикерлер, оқулық.
Сабақ түрі:Дәстүрлі сабақ

Оқыту әдістері: Жаңа әдістер ,АКТ, СТО 
І.Ұйымдастыру бөлімі. 2 мин.

а)амандасу 
ә) топқа бөлу ,топ басшыларын сайлау, бағалау парағына бағаларын қою.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.6 мин

«Сұрақтар еліне» саяхат:

1.Географиялық еңбек бөлінісі дегеніміз не?

2. Экономикалық аудандастыру дегеніміз не? 

3.Қазақстанды  экономикалық аудандарға бөлген кім?

  1. Қазақстан аумағы неше экономикалық ауданға бөлінді?

5.Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының құрамында неше облыс бар?

6. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының құрамында неше облыс бар?

  1. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының құрамында неше облыс бар?
  2. Шығыс Қазақстанэкономикалық ауданының құрамында неше облыс бар?
  3. Орталық Қазақстан  экономикалық ауданының құрамында неше облыс бар?

ІІІ. Жаңа материалды меңгеруі 20 мин .

  1.       Ой шақыру.

 Мұқағали –географ ақын 
(Мұқағали өлеңдеріне саяхат) 
1.Армысың, аты әйгілі Қарағандым! 
Жылуым, қара алтыным қара наным, 
Кімдердің пальмасынан артық маған 
Бозарған көде, жусан, қарағаным, 
Балқаш пен Жезқазғанды екі жаққа ап, 
Алдында екі ініңнің бетің аппақ. 
2.Асау Ертіс ноқта ілді, тағаланды, 
Сусындатпақ шөлдерді, далаларды, 
Ертіс құлап келеді, сүйінші бар, 
Сүйінші бер, сүйікті Қарағанды. 
М.Мақатаев 

Осы өлен жолдарында қандай қалалар туралы айтылған? Бұл қалалар қандай экономикалық ауданда орналасқан ,атластан анықтайық.(Орталық Қазақстан эк. Ауд.)
Электронды оқулықтан Қарағанды шахталары көрсетіледі. 
Саяхатымызды Орталық Қазақстан жерінде жалғастырамыз. 
2.Мағынаны ашу.

Күн жадының, тақырыпты дәптерлеріне жаздыру.

Сабағымыздың тақырыбы:  Орталық  Қазақстан. Экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат ресурстары, халқы. 

 

Әр бір экономикалық ауданды мынадай жоспар бойынша танысамыз.

Жоспар:1.Эономикалық географиялық жағдайы.

2.Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары.

3.Халқы және еңбек ресурстары.

4.Шаруашылықтың аумақтық ұйымдастырылуы.

5.Ауыл шаруашылығының салалары

6.Экологиялық проблемалары.

7.Қалалары.

Мәтінмен жұмыс.Постер қорғау.

Орталық Қазақстан

Аумағы – 428 мың км2

Құрамы – Қарағанды облысы

Халқы –1332 мың адам

 

І топ Орталық Қазақстан ЭГЖ қолайлы және қолайсыз жақтарын ,табиғат жағдайын анықтап, карта бойынша түсіндіріңіз
1.Орталық Қазақстанның жер көлемін Еуропа елдерінің жер көлемімен салыстырыңыз. 
Осы ауданның барлық экономикалық аудандармен шектесуінің маңызын айтыңыз .
Осы э.а. ең үлкен облыс Қарағанды облысы бар, жерді игеру үшін қандай ұсыныс айтар едіңіз? 
Қолайлы жақтары, қолайсыз жақтарын айтып дәлелдейді. . 
Орталық Қазақстан республикамыздың орталық бөлігінде орналасқан. Жер бедері ұсақ шоқылы, қуаңшылық басым. Ауданның шығыс жағының жер бедері кейде көтеріңкі, аласа таулы, қыратты, адырлы болып келеді.  
Қарағанды облысының алып жатқан орны Үлытау қыраттарынан Қаркаралы, Қарағайлы, Қызыларай тауларына дейін 1000 км-ге созылып, Қазақтың үсақ шоқысы — Сарыарқаны түгелімен қамтиды. Климаты тым континентті, жазы ете ыстық. Шаңды дауылдар жиі түрады, суға тапшы.

3.Климатының қолайлы немесе қолайсыз болуының мәнін түсіндіріңіз .

ІІ топ Орталық Қазақстан табиғат ресурстарының кен орындарын анықтап, картадан көрсетіп талдаңыз 
Республикадағы көмірдің және шойын мен болаттың, марганец кенін 100% осы ауданда шығарады. Республикадағы вольфрам, мыс түгел осы ауданда шығарады.Дүние жүзінде теңдесі жоқ жоғары сапалы мыс кенін өндіреді, өйткені ... Дәлелдеңіз 

1. Орталық Қазақстан су тапшылығы болады ма, болса неліктен ? ? 

ІІІ топ Орталық Қазақстан халқы туралы мәліметтерді анықтап, картадан көрсетіп талдаңыз. 
1.Осыдан жарты ғасыр бұрын қала жағдайын, Орталық Қазақстан халқының көп ұлтты болуы, халқының шығыста сирек қоныстану себебіне қандай дәлел айтар едіңіз? Топтық және жұптық жұмыс 
Халқының саны — 1 358 мың адам. Баска үлттардан орыс, украин, неміс, татар, беларусь, корей, молдовандар түрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 3,2 адамнан келеді. 115 ұлт өкілінен 1,3 млн. адам тұрады.Ауданның орталық бөлігінде халық тығыз, ал шығысында сирек қоныстанған. 
Орталық Қазакстанда қала халқы басым (86%). Қала халқының басым бөлігі Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш өнеркөсіп тораптарында тұрады. 
ІҮ. Іскерлік пен дағдыны қолдану 5 мин Слайд 3 
Кескін картамен жұмыс .

Кескін картаға  Орталық Қазақстанмен :

1.Шектесетін облыстарды; 
2.Басты пайдалы қазбаларды; 
3.Халықтың тығыз қоныстанған бөлігі; 
4.Урбандалған қалаларды; 
Жеке жұмыс .Әр оқушы жеке жұмыс жасайды.

Ү.Көп ізденсең, көп білерсің.(Шығармашылық ізденіс).

І топ Қарағанды қаласын қорғайды.

ІІтоп Жезқазған

ІІІтоп Теміртау.

ҮІ.Аумақтың дамуындағы Қ.И.Сәтбаев зерттеулерінің маңызы.

ҮІІ.Жаңа білімді бекіту.6 мин

«Ізденген жетер мұратқа» Тест сұрақтары: 
1.Орталық Қазақстанмен шектесетін облыс саны: 
А) 9 В)10 С) 4 
2.Орталық Қазақстанда халықтың сирек қоныстанған ауданы 
А)Солтүстігі В) Батысы С) Шығысы 
3.Орталық Қазақстан мына пайдалы қазбаға бай 
А)мұнай-газ,көмір В) көмір,мыс,маргенец С) хром-никель 
4. Орталық Қазақстан орналасқан облыс 
А) Жезқазған В) Қарағанды С) Теміртау 
5.Аудан халқының орташа тығыздығы (1 км ²). 
А)3 адамнан аз  В)3 адамнан көп  С)5,5 адам

 6.Қазақстанда неше экономикалық аудан бар?

А)3 в) 5 с)4

  1. Орталық Қазақстанның ең көп қоныстанған  аймағы

А) солтүстік в)оңтүстік с)батыс.
Жауаптары: 1 а, 2с, 3в, 4в, 5в.6в,7а.

ҮІІІ.Бағалау :4 мин

Топ басшылары тобындағы оқушыларға баға береді,сыни пікірлер айтады.

 ІХ. Үйге тапсырма : 2мин

§41

Х..Рефлексия. Бүгінгі сабақ ұнады ма? 
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения