Дузелбаева Мирагул Дусуповна
Должность:преподаватель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Атырауская область, Макатский район, поселок. Доссор
15.03.2016
0
352
0

Скважиналық штангілі сорапты қондырғының саға жабдығы. Теңгергішті станоктар түрлері, топтасуы.

Дүзелбаева Мирагүл Жүсіпқызы

І санатты  арнаулы пән оқытушысы

Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі

 

Сабақтың тақырыбы :      Скважиналық штангілі сорапты қондырғының саға жабдығы. 

Теңгергішті станоктар түрлері, топтасуы.

 

 

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: білім алушыларға  скважиналық штангілі сорапты қондырғының сағасын саңылаусыздандыру жабдықтары туралы түсінік беру, сальник пен теңгергішті станоктың  қызметін түсіндіру. Алған білімдерін қорытындылау

Дамытушылық:  оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге дағдыландыру

Тәрбиелік:оқушылардың жауапкершілік сезімдерін арттыру, өздігінен жұмыс істей білуге, өз ойын еркін айта білуге  баулу

 

Сабақтың түрі:   аралас сабақ

 Сабақтың әдісі:  түсіндіру, көрсете баяндау, СТО технологиясының элементтері, ойын элементтері

 

Сабақтың көрнекілігі:   слайд, бейне материал, интернет желісінен алынған суреттер

 

Техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

Пайдаланылған әдебиеттер:

 1) Ғ.М Нұрсұлтанов. «Мұнай және газды өндіріп өңдеу».

2)А.Тоқпанова «Мұнай-газ скважиналарын пайдалану».

3) В.М.Муравьев «Эксплуатация нефтяных и газовых скважин»

 

Сабақтың жүру тәртібі:

1)Ұйымдастыру:    1.Топ оқушыларымен амандасу

                                 2.Оқушыларды түгендеу және құрал жабдықтарын тексеру

                             3.Оқушылардың зейінін жаңа тақырыпқа аудару

 

2. Үй тапсырмасын сұрау («Бинго» ойыны арқылы сұрақтарға жауап алу)

 

 

  1. Сорапты тәсіл кезінде мұнайды жоғарыға көтеру қалай жүзеге асады?
  2. Скважиналық штангалық сорап қондырғысының жер үсті жабдықтарын ата?
  3. Скважиналық штангалық сорап қондырғысының жер асты жабдықтарын ата?
  4. Штангалы терең сораптың құрылысын схема түрінде көрсетіңіз?
  5. Штанга дегеніміз не, атқаратын қызметі қандай?
  6. Штангалық сораптың қандай түрлері бар?

 

3. Жаңа сабақ жоспары

1.Штангілі терең сорапты скважинаның саға жабдықтары

2.Теңгергішті станоктар, түрлері

1. Сорапты штангалы сораптың саға жабдықтары құбыраралық кеңістікті саңылаусыздандыру және ұңғы өнімін бағыттауға арналған саға жабдығына саға сальнигі, тройник, ілмекті крандар және кері клапандар жатады. 

 

Сальник

 
Сағалық сальник саға штогының ары-бері қозғалысын сальник басы арқылы саңылаусыздандырады және өнімнің өтуін тройник арқылы қамтамасыз етеді. Тройник сорапты-компрессорлы құбырдың муфтасына бекітіледі.
Саға жабдығының  көптеген құрылысы  сораптық скважиналарды заводтарда және мұнай газ  өндіру басқармаларында  кездеседі. Солардың ішіндегі көп жылдан бері таныс СГН  саға жабдығы.  Азинмаш заводында  осыдан 20 жыл бұрын   құрылған. Уақыт өткен сайын арынды мұнай мен газды жинақтау  жүйесі кең қолданылуда.  Сол   себептен  скважина  ауызында  жоғары  қысымға арналған  саға жабдығы қолданылады. Сол мақсатпен     СУСГ-1 және СУСГ-2 сальнигі қолданылады.

 

манжет

2. Мұнай өндіру кәсіпорындарында  Азинамаш конструкциясы  бойынша редукторлы теңселмелі  станоктар жұмыс жасайды. Бұл теңселмелі станоктардың конструкциялық  ерекшеліктері мынадай.:

1.Барлық станоктардың жабық екі сатылы редукторлары бар. Редуктордың кіргізуші  цилиндрлі шестерняларында  майлы ваннада жұмыс жасайтын шевронды  фрезерлі тістері бар. Редуктор білігінің тіректері барлық қабырғаларында  теңселмелі  подшипниктермен орындалған.

2. Редукторлар, қозғалтқыш ажыратылғаннан кейін кез келген күйде балансирді тоқтату үшін  екі науалы  тежеуішпен жабдықталған.

3.  Қозғалтқыштан редукторға қозғалыс сына  ремендер арқылы беріледі. Олар су өткізбейтіндіктен кез келген климаттық жағдайда жұмыс істей алады.

4.Балансир  басының тік өсінің айналасында 1800 С –қа қайырылады, ол скважинада жөндеу  жұмыстарын жүргізгенде таль  жүйесінің  еркін өтуін  қамтамасыз етеді.

5.Барлық станоктарда  қанат аспасы қолданылады

Қазіргі кезде  тереңдік сораптардың 65%-і мұнай  кәсіпшілігінде  СКН (СКН2-615, СКН3-1515, СКН5-3015, СКН10-3315)  типтес теңселмелі  станоктармен  жабдықталған. Олар бір-бірімен және жұмыс ұзындығымен ажыратылады. Теңселмелі станоктардың шифры мынаны білдіреді. Бірінші үш әріптер-қалыпты қатардағы теңселмелі станоктар, әріптерден кейінгі сан-штанганың аспалы нүктесіндегі  ең үлкен салмақ, сызықтан кейінгі сандар-диаметрмен өлшенгендегі  штанганың аспалы нүктесінің ең үлкен жүру ұзындығы; соңғы сандар минутындағы балансирдің ең үлкен теңселу саны. Бұл теңселмелі станоктар үшін редукордың жетекші білігіндегі жіберілетін бұраушы моменті мынаны құрайды: теңселмелі станок СКН2-615, СКН3-1515, СКН-3015, СКН10-3015.

 

Теңселмелі станок   

1 —  саға  штогының ілгіші; 2 —  тірегіші бар тербелгіш; 3 —  бағана; 4 — шатун; 5 — кривошип; 6 — редуктор; 7 —  жетектелу шкиві; 8 — ремен; 9 — электр қозғалтқыш; 10 — жетек шкив; 11 —  қоршау; 12 —плита; 13 — рама; 14 — қарсы салмақ; 15 — траверс; 16 —тежегіш; 17 —  арқанды алқа.

 

4.Білімді бекіту:

1.«Кубизм» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу

1.Сальниктің атқаратын қызметі?

2.Теңселмелі станоктың қандай түрлері бар?

3.Қозғалтқыштан редукторға қозғалыс қалай беріледі?

 

 

4. Сызбада не бейнеленген? Элементтерін ата

 

5.Сабақты қорытындылау.

 

 

6.Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

 

7.Үйге тапсырма: А.Тоқпанова «Мұнай-газ скважиналарын пайдалану»106-106бет. Интернет желісінен қосымша материал жинақтау.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения