Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
12.03.2016
0
229
0

Модель түрлері

Қазақстан Республикасы,Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы,Жетісай қаласы
№122 жалпы орта мектебі
Информатика  пәні мұғалімі
Маханбетова Мақпал

Сабақ мақсаты:Модельдер түрлері мен модельдің жіктелуі туралы
 жалпы білім беру.
 

Білімділік: оқушыларды модельдер түрлерімен таныстыру;

Дамытушылық: объектінің ақпараттық және графикалық  модельдерін құрастыра алуға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету

Тәрбиелік:  жұптық жұмыс істеу кезіндегі ережелерді сақтау, ынтымақтастыққа жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты ұсыну

Құралдар: интербелсенді тақта, оқулық, дәптер, компьютер, тесттік тапсырма, суреттер,  слайд.

Әдіс-тәсілдер: «Сұрақ-жауап», «Қар көшкіні», «Ақпараттық диктант», «Блум таксономиясы», «Телеграмма», «Деңгейлік тапсырмалар»,  жұптық, топтық жұмыс әдістері, «Деңгейлік тапсырмалар».

 

Оқыту нәтижесі: оқушылар ақпраттық, графикалық, материалдық модельдер ұғымдарын меңгереді, деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін толықтырады

 

САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин

1. Оқушылармен сәлемдесу;

2. оқушыларды түгелдеу;

3. Түрлі-түсті конфеттер арқылы оқушыларды жұптастыру.

4. Сабақтың мақсатын айту:

 

 

ІІ. Сыныпта психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: 2 мин

Интербелсенді тақтамен видеоролик көрсету: «Бәрі өз қолыңда»

 

ІІІ. Үй жұмысын тексеру. 7 мин.  «Білу, тану». «Қар көшкіні» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қою және алгоритмдік логикалық сұрақтармен келтірілген суреттер тарату. Оқушылар алгоритмдік логикалық суреттердің жауабын табады.

 

 

 

 

АЛГОРИТМ
1. Суретте көрсетілген екі жасыл шеңбер мен екі қызыл шеңбердің орнын ауыстыру керек. Ауыстыру барысында тек 3-ші және 4-ші ұяшықтарға қоюға  рұқсат етіледі.

 

 

Алгоритм
2. Екі 5 тиынды 1-ші және 2-ші шеңберге орналастыр. Екі 10 тиынды 8-ші және 10-шы шеңберге орналастыр. 5 тиындар мен 10 тиындардың орнын ауыстыр. Жүру қадамы әр тиын үшін біреу ғана. Бір тиын қатарынан екі рет жүруге болмайды.

 

 

 

Сұрақтар:
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритмнің қандай түрлері бар?
3. Тармақталған алгоритм деген не?
4. Сызықтық алгоритм деген не?
5. Тармақталған алгоритмге мысал келтір.
6. Блок-сызбада алгоритмнің басы мен соңы қандай фигурамен беріледі?
7. Модель дегеніміз не?
8. Нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру не деп аталады?
9. Шартты тексеру блогын блок-сызбада қалай таңбалаймыз?
10. Толық және толық емес алгоритмдерге анықтама
11. “Ана” сөзін жаз, “Ана” сөзі жазылды-деген сөйлемде алгоритм бұйрығы қайсй?
12. Алгоритм орындаушы.
13. Кез келген алгоритмнің соңғы бұйрығы қалай аталады?

 

    

 

ІV. Жаңа сабақ. «Түсіну».  “Модель түрлері” 4 мин.

                            Таңбалық  және вербальдік  ақпараттық  модельдер.

       Объектіні немесе процесті сипаттайтын ақпараттық әр түрлі көлемде, көрсету тәсілі түрліше және әр түрлі құралдармен берілуі мүмкін. Әр адамның мүмкіндігі мен қиялы әр қилы болғандықтан алуан түрлілікке қойылар шек жоқ.

       Ақпараттық модельге вербальдік ( ағылшын тілінен аударғанда ауызша ) модель жатады. Бұл модель ойлау мен оның қорытындысы нәтижесінде алынады. Вербальдік модель ойда қалуы немесе сөзбен жеткізілуі мүмкін.

       Вербальдік модель дегеніміз- ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.

      Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтамыз.

     Геометриялық модель- графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.                 

Ауызша модель- иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.

Математикалық модель- объект немсе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.

  Құрылымдық модельдер- схема, графиктер мен кестелер т.б .

 Логикалық модель- ой қорытындысы мен  шарттарды талдау негізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.

Арнайы модельдер- ноталар, химиялық формулалар.

 

  1.      Деңгейлік тапсырмалар. «Қолдану» 8  мин

 

 

 

 

 

V. «Сергіту сәті». Мағыналы мультфильм көрсету. 2 мин.

 

  1.      Компьютерлік тәжірибиелік жұмыс. «Талдау». 10 мин


 А деңгейі
                    Графикалық редактор құралдарының                      

көмегімен сынып бөлмесінің

                    моделін    ұсыныңдар.
В деңгей
                   Графикалық редакторда өз        мектептеріңнің

моделін құрыңдар.
С деңгей
                   Сабаққа кешігу барысында       жазылатын        түсініктеменің сөздік       

                    моделін      құрыңдар.

 

VІ.  «Жинақтау». Тесттік тапсырмамен қорытындылау. 5 мин

1. Модель түрлері –

А) материалдық және ақпараттық

В) негізгі және қосымша

С) толық және толық емес

Д) толымды және толымсыз

2. Ақпараттық модель дегеніміз –

А) ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель

В) иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар

С) графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар

Д) нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы

3. Арнайы модель дегеніміз –

А) схема, графиктер мен кестелер

В)  ноталар,  химиялық формулалар

С) математикалық таңбалар

Д) обьект

4. Логикалық модель –

А) иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар

В) математикалық таңбалар

С) ой қорытындысы мен шарттарды талдаунегізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер

Д) нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы

5. Динамикалық модель –

А) уақыттың өтуіне байланысты нысан қасиеттерін көрсетеді

В) математикалық таңбалар

С) ой қорытындысы мен шарттарды талдаунегізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер

Д) нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы

6. Таңбалық модель түрлері –

А) компьютерлік, компьютерлік емес

В) негізгі және қосымша

С) толық және толық емес

Д) толымды және толымсыз

7. Компьютерлік модель –

А) уақыттың өтуіне байланысты нысан қасиеттерін көрсетеді

В) математикалық таңбалар

С) ой қорытындысы мен шарттарды талдаунегізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер

 

 

Д) программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельдер

8. Модельді сынақтан өткізу неге негізделген?

А) уақыттың өтуіне байланысты нысан қасиеттерін көрсетеді

В) модельдің жұмыс істеу қабілетін және дұрыстығын анықтайды

С) ой қорытындысы мен шарттарды талдаунегізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер

Д) программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельдер

9. Компьютерлік тәжірибие жүргізілгеннен кейін қандай кезеңге көшеміз?

А) иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар

В) математикалық таңбалар

С) ой қорытындысы мен шарттарды талдаунегізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер

Д) алынған нәтижені талдау кезеңі

10. Вербальдік модель –

А) ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель

В) иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар

С) графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар

Д) нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы

 

VIІ. Үйге тапсырма:   1 мин.
                                       Модель түрлері.
                                       Кез келген заттың моделін жасап келу.

 

 

VIІІ. Бағалау:   “Табыс критериі” бойынша
               Смайликтермен 2 мин

 

«Рефлекция» әдісі бойынша өз ойларын тақтада ілулі суреттерге сәйкесінше жабыстырады. 1 мин

  1.      «Нені үйрендім, білдім» - чемодан суретіне
  2.      “Сабақта қажет емес, артық болған дүниелер”- қоқыс жәшігіне

“Менің үйренуім керек” - ет тартқыш суретіне.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения