Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
12.03.2016
0
173
0

Етістік райларынан өткенді қайталау

Қазақстан Республикасы,Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы
№96 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Наушабекова Алия

Жалпы мақсаты: Оқушылардың етістіктің рай категориясы туралы алған білімдерін бекіту, тұжырымдау, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың ойлау, қабылдау қабілеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Орындалатын тапсырмалар арқылы ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Ресурстары: Оқулық, интерактивті тақта,маркер,газет,кубик
Әдіс - тәсілдері: Тәсілі: жекелей, жұптық, топпен

Әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ - жауап, іздендіру, талдау, түсіндірмелі
Оқыту нәтижелері: • Ереже, қағидаларды еске түсіреді;
• Жұптық, топтық жұмыстар негізінде ынтымақтастыққа үйреніп, шығармашылықпен жұмыс жасайды;
• Өз бетінше талдау жұмыстарын жүргізуге дағдыланады;
• Өз ойларын қағаз бетіне түсіруге үйренеді;
• Өлеңге, поэзияға деген қызығушылықтары артады.

•  Жылдам тауып айтуға дағдыланады

•   Ғылыми ізденіске қызығушылығы артады
Түйінді идеялар: Етістіктің райлары, ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай, жасалу жолдары, жіктелуі,өткен тақырыптар
Дереккөздер: Оқулық, қосымша мәліметтер.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті Бағалау Модульдар
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

  Оқушыларды «Табиғатқа саяхат» әдісі бойынша 4  топқа бөлемін.

    Бағалау парағын топбасшыларға тарқатамын.

 1.Ашық рай   2.Бұйрық рай             3. Шартты рай                 4.  Қалау рай

 Міне , көктем айы да жақындап қалды, табиғатқа саяхат жасау үшін топ құруымыз қажет. Ол үшін ең бірінші топ басшы керек, оқушылар топ басшыны өздері сайлап тақтаға шығарады, топ басшыларды сайлап алғаннан кейін, ендігі   кезекте ақылшыны, кейін жол көрсетушіні ,  жүк көтерушіні топ басшылар өздері таңдап алады.Топқа бөлуде «Табиғатқа саяхат» әдісінің тиімділігі  сол топта үлгерімі жоғары, үлгерімі төмен оқушылар аралас болады.

1.  Әр топ өзінің атын қорғайды . Мысалы:    «Ашық  рай»  тобы ашық  райдың анықтамасын мысалымен дәлелдеп айтады.

2. «Иә, жоқ» әдісі  Топ бір –біріне сұрақтар қояды. Жауабы тек иә,жоқ болуы керек.

  Мысалы : Зат есімнің сұрағы қандай ? қай?     Жауабы: жоқ

  Топтағы оқушылар түгел қамтылуы үшін әр оқушының атын атап, сұрақты соған қаратып қояды.

3. «Сандар сөйлейді» әдісі. Топбасшы шығып,бір сан таңдайды.

Мысалы: 2,3,4,6,7

  Сол сан жайында тобымен бірге зерттеу жұмысын жүргізеді . 2-ні алса  зат есім құрамына қарай 2 –ге бөлінеді...

  Мұнда оқушылар  алған білімдерін өмірде қолдана алуы керек,өйткені бұл әдісте бір ғана тақырып қамтылмайды.

Сергіту сәтіі :  Биылғы жылы Ж.Жабаевтың 170 жылдығы және күні ертең М.Мақатаевтің туылған күні . Сергіту сәтін ұлы тойдың иегерлерінің   өмірі мен шығармалары жайында айтуды тапсырамын.

   Мысалы: Ашық рай тобы М.Мақатаевтің өмірі  мен шығармалары жайлы айтса, бұйрық рай  ақынның өлеңін мәнерімен жатқа айтады.

4 .Дәптермен жұмыс.

182-жаттығу,183-жаттығу    Етістіктерді тауып, қай рай екенін  анықтау

   Слайдта жазылған тапсырмаларды орындайды.

  Етістіктерді райдың 4 түріне бөліп жазып шығады.

 

5. «Қалдықсыз технология» әдісі .Оқушыларға газет,қайшы,клей тарқатылады. Газеттен осы шақ,келер шақ ,өткен шақ ты тауып ,қиып алып, параққа жабыстырады.  Мысалы: Келер шақ: барар , келмек

Топтар бір-бірінің қатесін тексеріп ,бағалап отырады.

6. Топбасшылар сайысы. Әр топ басшы өзінің тобының тақырыбына байланысты 1 шумақ өлең шығарады. 

  1. Бекіту:  «Тапқырлық» әдісі . Бұл әдіс оқушыларды кез келген жағдаяттан шыға білуге , тапқырлыққа , жылдамдыққа жетелейді.Кубиктің 6 жағына

 6 түрлі әріп  жабыстырылады.Әр топтан бір оқушыдан шығып кубикті айналдырады, қай әріп түссе сұрақтың жауабының барлығын сол әріптен бастап айтады . Сұрақты топтағы қалған оқушылар қояды.

Топ басшысының бағалауы
Бағалау: Оқушылардың үй тапсырмасына жауаптарын, топ басшыларының бағалауын және шығармашылық жұмыстарға қатысуы негізінде бағалау
Рефлексия:

     Әр топтан бір журналист оқушы шығып, келесі топқа барып сұхбат жүргізеді. Алған сұхбатының мазмұнын  келіп жариялайды.
Үйге тапсырма: Райларды қатыстырып, мәтін құрастыру.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения