Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
12.03.2016
0
209
0

Ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыптарына есептер шығарту

Қазақстан,ШҚО,Аягөз қаласы

«№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Математика пәні мұғалімі

Коржымбаева Эльмира Тлеубергеновна

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыптары  бойынша білім дәрежесін анықтап, алған білімдерін тиянақтап, қорытындылау.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін қарапайым ұғымдарын күрделіге қарай дамытуға бағыттау.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, батыл шешімге келуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау – сабақ

Сабақтың әдісі: ойын-сабақ.

Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру  кезеңі: түгендеу, топқа бөлу,сабақтың мақсатын   айту,сабаққа ынталандыру. 2-3мин
2.Дөңгелек тапсырмасы:Үй тапсырмасын тексеру.Өткенді қайталау.

( топтық жұмыс) 7мин
3.Үшбұрыш тапсырмасы: Жұптық жұмыс .Сәйкестендіру.10мин

  1. Сергіту сәті.(Ырғақты жаттығулар) 3мин

5.Ромб тапсырмасы: Деңгейлік тапсырма   15мин

  1. Тіктөртбұрыш тапсырмасы:Математикалық  домино.  5мин
    7.Қорытындылау,рефлексия. 3мин

8.Бағалау    1 мин
9.Үйге тапсырма 1мин

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

 а) оқушылармен сәлемдесу ;

ә) оқушыларды түгендеу;

 боқушыларды топқа бөлу:Оқушылар стол бетінде ондық бөлшектер,жай бөлшектер және аралас сандар жазылған жасырын карточкалар арқылы 3 топ болып бөлініп отырады.

в) Тренинг :Сабақ басындағы көңіл күйлерін  барлық топ көрсетеді.

г)Оқушыларға сабақтың мақсатын айту.Топ жетекшілері алдында бағалау парақшасы жатыр.Сол  парақшаны уақытында толтырып отыруларың сұралады.

  1. Бүгінгі сабағымыздың бөлімдерінің атауын геометриялық фигуралармен атап отырмын.

Олай болса,алдымен дөңгелек тапсырмасын орындалық.Ол үйге берілген тапсырмалар.

Ал,енді балалар үйге қандай тапсырма беріліп еді?

№1300                                                      №1301

1) 10                                                              1)27

2) 30                                                              2) 14,55

3)19

Қастарыңда отырған оқушылар бір-біріңнің дәптерлеріңді алып үй жұмысының қате не дұрыс екенін тақтамен  тексере қойыңдар.

Енді сендерге 3 топқа табақпен тапсырмалар  беріледі осы табақты өткен тақырыптарда алған білімдеріңді қолдана отырып толтырыңдар.Әр топ жетекшілері келіп тапсырма алыңдар.

1 топ тапсырмасы:Жай бөлшектерді ондық бөлшектерге айналдыру.

2 топ тапсырмасы:Ондық бөлшектерді қосу.

3 топ тапсырмасы:Ондық бөлшектерді азайту.

Әр топтан оқушылар шығып тапсырмаларын қорғайды.Қалған топтар қорғаған топтың жауабын бағалайды.(шапалақты салют арқылы)

 Жақсы,балалар, сендердің  дөңгелек тапсырмасын жақсы орындадыңдар.Онда тақтаға дөңгелекті ілейік.

  1. Келесі ,бізде ,үшбұрыш тапсырмалары.Бұл бөлімде қатар отырған екі оқушыдан бөлініп жұптық жұмыс жасаймыз.Сендерге сәйкестендіру тапсырмалары берілді ,әр оқушы алған тапсырманы орындап қасындағы жұптарымен дұрыс не қате екендігін тексереді.
    Үшбұрыш тапсырмасын орындап болдық,онда тақтаға үшбұрышымызды ілейік.

4.Енді бәріміз орнымыздан тұрайық  біраз шаршағанымызды басып жаттығулар жасайық.

Шаршағанымыз басылса онда А,В,С тобы болып бөлініп отыра қалайық.

5. Келесі бізде кезекте ромб тапсырмасы: Деңгейлік тапсырма.Бөлінген топтар бойынша тапсырмалар үлестіріледі.

I деңгей  А  Әр есепке 1 ұпайдан
№1285
1)    *,2*                     2)  *6,*2*                   3)    4*5,6*

-                                        -                                    -

       2,*8*                          *,0*                             *48,*5      

       1,447                        26,865                           27*,28

Жауаптары:

1)4,23-2,783=1,447;     2)26,925-0,06=26,865;    3)425,63-148,35=277,28

II деңгей Әр есепке 2 ұпайдан
№1289

1) 6,2-(а+в);мұндағы а =2,25; в=3,7;
2) а-9,37+в; мұндағы а =16;  в=0,27;
3)17,892+ (а-в) ;мұндағы а=15,108; в=4
4) а+в -10,25-3,05 ; мұндағы а=11,36;  в=2,14

Жауаптары:

1)6,2-(2,25+3,7)=6,2-5,95=0,25

216-9,37+0,27=6,63+0,27=6,9

3)17,892+(15,108-4)17,892+11,108=29

4)11,36+2,14-10,25-3,05=13,5-10,25-3,05=3,25-3,05=0,2

III деңгей Әр есепке 3 ұпайдан
 №1302

1)   Х+(                 3)(7,43-2)+х=7;

2)   У+(9,31-7)=8,2;                            4)(8,61-3)+у=12,1.

Жауаптары:

1)х+(6,4-4,91)=5,35                             2)у+(9,31-7,25)=8,2

   Х+1,49=5,35                                         у+2,06=8,2

   х=5,35-1,49                                           у=8,2-2,06

  х=3,86                                                     у=6,14

3)(7,43-2,12)+х=7                                 4)(8,61-3,75)+у=12,1

    4,31+х=7                                                4,86+у=12,1   

    х=7-4,31                                                  у=12,1-4,86

    х=2,69                                                     у=7,24   

 

Ромб тапсырмаларын да орындап болдық,онда тақтаға ромбты ілейік.

 

6.Тіктөртбұрыш тапсырмасы:Математикалық домино.

Әртопта отырған оқушылар жеке –жеке жұмыс жасап,болған соң өздерінің жұптарын тауып ,орындаған тапсырмаларын тексереді.

7.Қорытындылау,рефлексия.

    Сонымен,балалар,бүгінгі сабағымыздың өту барысы бойынша біз не құрастырдық.

                         

 

 

 

 

 

 

 

 Жеке тұлға.

Олай болса,сендердің әрқайсысың білім алу барысында жеке тұлға болып қалыптасасыңдар.

Бүгінгі сабағымыз ұнады ма алдыларыңдағы смайликтеріңді көтереміз.

Сендерге ұнаған болса ,біздің алып шыққан жеке тұлғамызға да ұнапты.(Тұлға бетіне күлімсіреген смайлик жапсыру)

8.Бағалау .Тақтадағы бағалау критериі арқылы, оқушыларды бағалау.
9.Үйге тапсырма  №1307,1308

 

Iтоп

Анықтамасы

Мысалы

Жай бөлшек дегеніміз  түріндегі сан.

 

 

 

 

 

 

1,8+0,7=2,5

 

Санның бөлігін табу үшін санды осы бөлшекке көбейту керек.

 

 

 

 

 

2,71,9

 

Бөлімдері 10,100,1000 т.с.с жай бөлшектердің ондық бөлшек түрінде жазылуы.

 

 

 

 

Iтоп

Анықтамасы

Мысалы

 

 

 

Ондық бөлшектерді қосу үшін аттас разрядтарды бірінің астына бірін жазып ,үтірді үтірдің астына жазып қосу керек.

 

 

 

 

12

Ондық бөлшектердің қайсысының бүтін бөлігі үлкен болса,сол сан үлкен болады.

 

 

 

 

 

 

0,07   

 

IIтоп

Анықтамасы

Мысалы

 

 

 

Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан аралас сан деп аталады

 

 

 

 

Ондық бөлшектерді азайту үшін аттас разрядтарды бірінің астына бірін жазып ,үтірді үтірдің астына жазып азайту керек.

 

 

 

 

 

9,129,3

 

IIтоп

Анықтамасы

Мысалы

Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу үші ,бөлімдерін ең кіші ортақ бөлімге келтіріп бөлімге жазады,ал алымдарын толықтауыш көбейткіштеріне кбейтіп қосып алымына жазады.

 

 

 

 

2

Бөлімі 2 болатын жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру үшін бөлшектің алымын да бөлімін де 5 ке көбейтіп ,шыққан нәтижені ондық бөлшек түрінде жазу керек

 

 

 

 

9,8-3,5=6,3

Бүтін бөліктері тең ондық бөлшектерді салыстыру үшін ,оның ондық таңбаларын салыстыру керек.

 

 

IIIтоп

Анықтамасы

Мысалы

Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу үшін бөлімін бөлімі етіп сақтап, алымдарын қосып алымына жазу керек.

 

 

 

 

6-1,2=4,8

 

Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан ондық бөлшек деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

Бөлімі 25 болатын жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу

 

 

 

 

IIIтоп

Анықтамасы

Мысалы

 

 

 

Натурал саннан ондық бөлшекті азайту үшін натурал санның онық таңбасын азайтқыштың ондық таңбалар санымен теңестіріп азайту керек.

 

 

 

 

23,4  ;   4,5    ;0,01  ;7,9

 

Бүтін бөліктері тең ондық бөлщектерді салыстыру үшін оның ондық таңбаларында тұрған разрядтарды салыстыру керек

 

 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения