Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
12.03.2016
0
264
0

Пифагор теоремасы

Қазақстан,ШҚО,Аягөз қаласы

«№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Математика пәні мұғалімі

Жангалиева Сымбат Альмуратовна

Сабақтың мақсаты: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі туралы білімдерін пайдалана отырып Пифагор теоремасын дәлелдеу және Пифагор теоремасының көмегімен есептер шығаруды үйрену.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, сызбаларды дұрыс сызуға, Пифагор теоремасын есептерге қолданудың тиімді тәсілдерін көрсету арқылы эстетикалық талғамдарын арттыру, ізденуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірме кестелер, сызба-суреттер, карточаклар, үшбырыш кеспелері, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезені.

ІІ.Психологиялық дайындық:

Балалар, біздің әр сабақтағы мақсатымыз – білім алу, міндетіміз – еңбектену.

 ІІІ.     Үй жұмысын тексеру.

1-ші слайд.  №138(2,4)      

Берілгені:  АВС – тікбұрышты.

ВС = 21; АС = 20; АВ = 29

Табу керек:

Шешуі: =  = ;       ;

=  = ;     

 

ІV. Өтілген барысын игерілу барысын тексеру. (графикалық  диктант) (дұрысын тап). Дұрыс жауап - __(1 мен 3 қатар)

Тік бұрышқа қарсы жатқан қабырға ол гипотенуза.

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы осы бұрыштың синусы деп аталады.__

Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы сол бұрыштың тангенсі деп аталады.

Тік бұрыш жасап тұрған қабырғалар катеттер  болып табылады.

Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы сол бұрыштың котангенсі деп аталады. __

Тік бұрышыты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің қарсы  жатқан катетке қатынасы сол бұрыштың косинусы деп аталады. __

∧__∧∧__.__.

2-ші қатарға жазба жұмысы (карточкалармен жұмыс).

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Оқушылырға тікбұрышты үшбұрыштар таратып беріп, үшбұрыштың катеттерімен гипотенузаларын өлшеп жазады, мысалы а=3см, в=4см, с= 5см.

Балалар, енді осы гипотенуза мен катеттердің квадраттарын тауып, қандай байланыс көріп тұрсындар?

а² + в² = с²              3² + 4² = 5².

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының арасындағы қатынасты өрнектейтін теореманы ашқан Пифагор, сондықтан осы теореманы Пифагор теоремасы деп аталады.

Теорема. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына тең.

Берілгені: АВС – тікбұрышты

Дәлелдеу керек: АВ² = АС² + ВС².

Дәлелдеуі: СД АВ

АВС ;    АСД ;

 = ;        АС² = АВАД.

АВС ;    ВСД ;

 =     ВС² = АВВД.

АС² = АВАД.

ВС² = АВВД.

АС² + ВС² = АВ(АД + ВД)

АС² + ВС² = АВ²

2-ші слайд.    а² + в² = с²

                           в² = с² - а²;     в =

                           а² = с² - в² ;     а =

VI. Оқулықпен жұмыс.

№141 1), 3); № 142 ; № 144

VII. Сабақты бекіту. Әр оқушыға жеке-жеке тапсырма беру.

 

       а

     в

     с

        5

     12

 

 

       5

          4

 

    4

 

  1. Үйге тапсырма № 142 (2)6 .№143
  2. Рефлексия.

 Балалар, бүгінгі сабақтан нені білдіңдер?

Бүгінгі тақырып түсінікті болды ма?

Нені түсінбей қалдыңдар?

Өздерінің көңіл-күйлерінді көрсетіңдер.

 

Х. Оқушыларды бағалау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения