Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
10.03.2016
0
238
1

Табиғат- тал бесігің, аялай біл

Қазақстан,Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы
«Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ
Өзін-өзі тану пәні  мұғалімі
Жунусова Эльвира Серикалдиновна

Сабақтың мақсаты:  оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін  кеңейту.

Міндеттері: оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту.

оқушыларды табиғатты сақтап-қорғауға, аялап-мәнелеуге баулу;

сүйіспеншілікке, мейірімділікке, ізгілілікке тәрбиелеу;

Көрнекіліктер:

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Қайырлы күн, балалар! Бүгін біз, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз. Табиғатты сүюді, қорғауды, табиғат-анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі. Ендеше, сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз. Барлығымыз орнымыздан тұрып, мына өлең жолдарын бірге айтайық.

2. Шаттық шеңбері:  оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, табиғатқа  деген жылы лебіздерін білдіреді. Табиғат!

                                    Тіршіліксің тұнып тұрған

                                     Сен күнсің!

                                     Көтерілген күліп қырдан

                                     Сен -көлсің, Сен –ормансың

                                     Сен- бұлақсың,

                                     Адамды сұлулыққа құнықтырған! 

3.  Әр түрлі жапырақшаларды алу арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді.

 - «Су» тобы

- «Ауа» тобы

- «Күн» тобы

4.Тыныштық сәті. Көздеріңізді жұмыңыздар. Өзіңізге енді атып келе жатқан таңды елестетіңіз. Сіз тау жолымен келе жатырсыз. Таза ауа, сылдырлаған бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл демаласыз, сіз күшке толысыз. Күн шуағы сіздің теріңізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіріп, қуат беріп тұрғанын сезуге тырысыңыз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз, Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.

5. Үй тапсырмасын сұрау (ой қозғау)

1.   Адам үшін қайсысы маңыздырақ?

. «Тіршілік көзі –су».

.  Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа. 

  Ал жылу мен жарықтың негізгі көзі - Күн

2. Табиғат дегеніміз не? Су,ауа,күн,өсімдіктер, құстар, хайуанаттар т.б.

 Табиғат байлығының бір тобы –жер  бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз?

 Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы.  Елімізде сонымен қатар « Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген істер атқарылып жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың маңызын саналы түрде ұғынбаса , біздің керемет жасыл бағымызды ешқандай тиым салу құтқармайды.  Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды  өз  өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын.

Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді.

Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар) -оқушы. Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің  қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.

Қазақстанда құтардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.Ертеде жоңғар    шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол   ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай,киіз үйін жықпапты.Қалмақтың әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды»  депті.Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен.

Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі –Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен. Ал еті өте тез сіңетін жеңіл тамақ болып табылады. Қазақта киікті «қасиетті аң, киелі аң» деп атауы осыдан болса керек. Бірақ осы қасиетті аң бүгінде өте аз қалды. 

Бүгінде ақбөкенді, жалпы қарақұйрық, құлан, арқар т.б аңдарды қорғау үшін

«Дарвин», «Интас» сияқты қорлар, түрлі қорықтар құрылып ,түрлі жұмыстар жасауда. Менің ойымша,  адамдардың осындай қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі аңдарға толатынына сенемін.

 6. Ал, енді, біздің тақырыбымызды ашу үшін бейнекөріністі көруді ұсынамын. Қалай ойлайсыздар, біздің бүгінгі тақырыбымыз неге бағытталған немесе қандай?

7. Қ. Мырза Әлидің «Табиғат тазалығы» атты өлеңін таныстыру.

Сұрақтар:

1.Табиғат тазалығын сақтауда адамның рөлі қандай?

2. Табиғат тірі жан сияқты, өзіне зәбір шектіргендерге қиналуы мүмкін бе?

3 топқа үш түрлі тапсырма беріледі.  «Біз табиғатты қорғаймыз»

1-топ. Табиғатты ластамаудың жолдары.

1. Қоқыс өңдейтін зауыт ашу

2.Дүкенде полиэтилен пакеттерді тоқтату

3. Экологиялық таза пакеттерді шығару

4. Қоқысты көшеге, жағажайға, орманға қалдырмау керек

  1. Ескі машиналарды тоқтату керек т.б.

  2- топ. Сурет салу.(табиғат тазалығы)

3-топ. Табиғат адамзатқа хат жазады.

Қорытынды шығару.

7. Мұғалім сөзі: Қазіргі уақытта қоршаған  ортаны ластанғаны, жоғалып, құру жағдайында екендігі жиі айтылады. Әйтсе де заттың рухани әлем мұны жою немесе түзету оңай шаруа емес. Егер де ғылымда табиғатты тазалауға арналған құрал ойлап табылса, мұның өзі сыртқы тазалықты сақтау болып қалмақ. Ал адамдарды улап жатқан газ, түтін, улы заттар адамзаттың рухани әлеміне де өз кесірін тигізуде. Адамдардың көпшілігі түрлі ауруға шалдығуда, бұл тек ауа, су, тамақтың ластануынан ғана болып жатқан жоқ. Адамдар ішкі ластанудан, яғни ойдың, сөздің, істің ластануынан басталады. Осы ішкі ластанудан сырттай көрініс табады. Демек, сыртқы әлем рухани әлемнің нақты бейнесі.

Сондықтан ауырмай, таза болу үшін адам ішкі тазалығына мән беруі керек. Яғни, ойы, сезімі, тілегі, мұраты таза болғанда ғана, сыртқы әлеммен үйлесімділік болады.

8. Сергіту сәті. «Көнілді күн»

9. Дәйексөз. «Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді» мағынасын ашу.  Дәптерге жазғызу.

Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Жарқырап шыққан күн, таза ауа, мөлдір су, ну орман адамға қуат беріп, оның жан дүниесін мейірлендіре түседі. Адам баласы жаратылысынан табиғатпен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзіне қажеттісінің бәрін табиғаттан алады. Табиғат деген адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктердің бастауы. Адамзаттың әлемде алатын орны зор. Сондықтан адамзат ғылым мен техниканы пайдаланудың жаңа стратегиясын жасамай, өзін-өзі құртып алуы мүмкін. «Табиғат тазалығы –адамзат амандығы» екендігін естен шығармау керек. Табиғат адамның асыраушысы, панасы, сондықтан оны таза ұстау, мейірімділік қатынас жасау адамның парызы.

10.Табиғат туралы мақал –мәтелдерді жалғастыр.

11. Ойын «Мейірімді жүрек» тілек айту

12. Жүректен жүрекке. Оқушылар кезекпен кезек төмендегі пікірді жалғастырып, табиғат-анаға ризашылықтарын білдіріп, ағашқа жапырақ пен алманы жапсырады.

Гүлдей бер, Жер-Ана! 
Аспаның ашық болсын! 
Аспаныңды бұлт торламасын! 
Тоғайың аң мен құсқа толсын! 
Суың мөлдір, таза болсын! 
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын! 
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!

Күнің жарық болсын!т.б. 
Табиғатты аялайық!

Біз  одан жақсылықты аямайық!

Жерімде әрқашан тыныштық болсын!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения