Бажанова Сауле Омерханқызы
Должность:учитель физики - информатики
Группа:Посетители
Страна:Қазахстан
Регион:Алматинская , Карасайский, Турар
10.03.2016
0
568
0

Сабақ жоспары "Inkscape векторлық графиканың редакторы" 7 сынып





Сынып : 7а,ә,б,в.

Сабақтың тақырыбы: Inkscape векторлық графиканың редакторы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларға  Inkscape векторлық графиканың редакторы  туралы  толық  мәлімет беру;

Дамытушылық: Inkscape векторлық графиканың редакторымен жұмыс жасау қабілетін арттыру;

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденушілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, Inkscape векторлық графиканың редакторы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Оқушыларды журнал бойынша түгендеу.

Оқушылардың сабаққа қажетті құрал жабдықтарын тексеру, назарын сабаққа аудару.

ІІ.Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІІ.Жаңа сабақ

Inkscape – ашық коды бар векторлық графиканы өңдеу редакторы. Inkscape векторлық графиканың редакторы баяу жұмыс істейді,себебі ол компьютер ресурстарынан талап етіледі.

Inkscape векторлық графиканың редакторында баннерлер, визиткалар, кітаптың суреттерін және әртүрлі кескіндерді жасауға болады.

         Inkscape векторлық графиканың редакторын іске қосу әрекеттері:

         Басты мәзір - Inkscape векторлық графиканың редакторы – Ок.

         Inkscape векторлық графиканың редакторының терезесі  9  элементтен тұрады.

 

1.     Бас мәзір

2.     Құралдар

3.     Құралдар панелі

4.     Таңбалау элементтері: сызғыш, тор, бағыттауыштар;

5.     Жұмыс аймағы – кенеп (холст)

6.     Бұйрықтар панелі;

7.     Жабысу параметрлерінің панелі;

8.     Түстер үлгілері – бояу палитрасы;

9.     Қалып-күй жолы.

Жаңа құжатты бастамасы бұрын құжаттың  қасиеттерін анықтаймыз:

Файл – Құжаттың қасиеттері.

Жаңа құжатты құру үшін:

Файл – Құру  бұйрықтарын орындаймыз.

Түсті баптау үшін Құйма бояу мен жиектеу сұхбаты да қолданылады.Ол Нысан – Құйма бояу мен жиектеу бұйрығымен ашылады.

Файлды сақтау үшін:

Файл – сақтау бұйрығымен орындалады. Редакторды  сақталадын файлдардың типі – Inkscape SVG.

ІҮ.Сабақты бекіту.

Компьютерде тәжірибелік жұмыстарды орындау.

Оқулық 112 бет.

Ү.Қорытындылау

Не білдім?

Не білемін?

Не білмеймін?

 

ҮІ .Бағалау

ҮІІ.Үйге тапсырма: Оқулық 113 беттегі тестке жауап беру.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения