Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
08.03.2013
0
3427
1

Кім жомарт? Не жомарт?

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

№103 Қ.Пірімов атындағы орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі

Утаралиева Айгерім Сайфуллақызы

 

Ашық сабақ

 

Мерзімі:

Тақырыбы:

Кім жомарт? Не жомарт?

 

Мақсаты: Оқушыларға жомарттық жайында түсінік беру.

Оқушылардың анна тілі сабағына деген қызығушылықтарын дамыту.

Оқушыларды адамгершілікке, жомарттыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелесу,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: интрактивті тақта, кітап

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Түгендеу.

 

ІІ. Мақсат қою кезеңі:

Ей,перзентім, егер сен жомарт адам сияқты халқыңа қызмет етуді ұнатсаң, әуелі жомарттықтың не екенін білгін.

   Жомарттықтың негізі үш нәрседен тұрады: бірі-айтқан сөзіңді қалытқысыз орындау; екіншісі-туралыққа(әділдікке) нұқсан келтірмеу; үшіншісі-қайырымдылықты естен шығармау.

                                                                («Қабуснамадан»)

                           Жомарттық

 

 Жомарттық дегенді қалай түсінеміз балалар? Барлығымыз бірге мына сызбаны толтырып көрелік.




 

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:

Сараңда бар болса да-жоқ,

Жомартта жоқ болса да- тоқ.

-Мына мақалды қалай түсінеміз?

-Қане жауап беріп көрелік.

-Сараң адам бай болып тұрса да дүниесін ешкімге қимайды екен.

-Ал жомарт- өзі кедей болса да үйне келген қонағына барын алдына өойып риза қылып жібереді екен.

 

Кім жомарт? Не жомарт?

-Кім жомарт?

-Батыр жомарт-

Халық үшін жанын берген!

Кім жомарт?

-Ұстаз жомарт-

Бар балаға тәлім берген.

-Не жомарт?

-Жер жомарт-

Адамзатты асыраған!

Не жомарт?

-Күн жомарт?

-         Жерге нұры шашыраған!

                                                      Мұзафар Әлімбаев

 

ІҮ.Жаңа білімді меңгергенін тексеру:

Оқушыларға тізбектеп оқыту.

Кім жомарт? Не жомарт?- дегенді қалай түсінеміз?

-Балалар сендер осы екеуінің қайсысына жатқызар едіңдер өздеріңді?

 

Ү.Бекіту:

Үзілісте балалардың барлығы асханаға тұра жүгірді. Ақшасы жоқ Асан   ғана сыныпта қалып қойды. Бірге оқитын Мұрат оған өзіне алған бәліштің жартысын әкеліп берді. Мұраттың іс-әрекетіне баға беріп көр.

 

ҮІ. Үйге тапсырма беру:

Кім жомарт? Не жомарт? өлеңін жаттау.

Өз бетіңше осы сұрақтарға жауап беріп, өлеңді жалғастырып көр.

 

Бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

 

 

Скачать

kim-zhomart-ne-zhomart-ashyk-sabak.doc [220,5 Kb] (cкачиваний: 95)


Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения