Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
03.03.2013
0
2024
0

Қазақтың ұлттық-спорт ойындары

Кызылординская область,г .Аральск
Аральский многопрофильный колледж
преподователь предмета  физической культуры

Галия Жусупова

Арал көпсалалы колледжінің дене тәрбиесі

пәні оқытушысы

Ғалия Жүсіпова

 

Қазақтың ұлттық-спорт ойындары


Бүркітпен аң аулау- бұл қазақтарда кең тараған ежелден келе жатқан аңшылықтың бір түрі.

       Ұрпақтан-ұрпаққа аңшылар бүркіт сияқты  жыртқыш құсты үйрету, баптау тәсілдерін тұқымдарына үйретеді.Бұл алып, қыран құс.Қатал тартыста түлкі, қасқырды да алады.Қанатты жыртқыштың жемтігіне шабуыл кезінде аңшыны толқу мен шынайы мақтаныш сезімі билейді.

Тымақ ұру-бұл ойында атты адам бойынан аспайтын қазық ұшына тымақ деп аталатын бас киімді байлайды.Ойыншыға қазық тұрған орнын көрсетіп, қолына қамшы беріп көзін байлайды.Сосын атты адамды орнында айналдырып, «Ал енді тымақты ұр» деп жібереді.Егер үш мүмкіндіктен ұра алмаса, ән салып немесе өнерін көрсетіп, ойынға қайта кіруге болады.Ойыншылар саны шектелмейді, атты адам болса бағын сынап көруге болады.

Көкпар-бұл ойын атқа мінген топ жігіттің қатысуымен өтетін жарыс.Көкпар болатын күні ауыл жігіттері жарысқа дайындалады.Төреші белгісі бойынша жарысқа қатысушылар 50-60 қадам жерге тасталынған ешкіге ұмтылады.Жерден бірінші болып тушаны алған жігітке қарсыластары шабуылдап, қуып жетіп көкпарды алмақшы болады.Мұндай тартысты дода деп атайды.Тартыс түстен кешке дейін созылады және жеңіске соңғы көкпарды алған епті, мықты адам жетеді.Жеңімпаздар көкпарды сыйлы үйге апарып, алғыс, сыйлықтар алған.

Аударыспақ-бұл қазақтың ұлттық ойындарының бірі.Аударыспақ-ат үстінде болатын тартыс ойын.Бұл ойында өзінің қарсыласын аттан құлатқан адам жеңіске жетеді.Ойында жігіттерге тек күш қана емес жеңіске деген талпыныс, ептілік, ер үстінде әр түрлі қиын жағдайда өзін ұстай білу керек.

Қыз қуу-бұл ойын сақ тайпалары кезінен-ақ танымал болған үйлену тойының бір салты болған.Халық жиналғанда немесе мерекелерде жігіттер мен қыздар жүйрік атқа мініп шығады.

       Төрешінің белгісі бойынша қыз жігіттен алға шығып шаба жөнеледі, ал жігіт қуа бастайды.Келесі белгіге дейін жігіт қызды қуып жетіп сүйе алмаса, кері шабуы керек.Ал егер қыз қуып жетсе, жігітті қамшының астына алады.Бұл ойын қойылым сияқты, жиналған халық бақылап, тамашалап тұрады.

Алтыбақан-бұл ойында айлы түні ауыл шетіне алтыбақан әткеншегін құрады.Алтыбақан ауыл өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып, ән салатын, әзіл-оспақ, көңіл көтеретін ойын-сауығы болған.Алтыбақанда жұбымен жігіт пен қыз тербеледі.Жиналғандар халық әндерін айтып, әзілдеп, алтыбақанда тербеліп тұрған жастарды қолдап тұрады.Алтыбақан құру үшін 3-4 метр болатын 6 ағаш және 3 арқан керек.

 

Скачать

azaty-ltty-oyyndary-zhspova.doc [33,5 Kb] (cкачиваний: 28)



Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения