Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
03.03.2013
0
6096
6

Слесарь ісінің модульдік оқыту технологиясы

Казакстан, Қызылорда облысы,Арал қаласы

                                               Арал көпсалалы колледжі

Өндірістік оқу шебері

Қыдырбай Каленов Ниязович

       Слесарь   ісінің   модульдік  оқыту  технологиясы.

                                     (әдістеме)

< < Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемілекеттің жаңа саяси бағыты>>атты жолдауын басшылыққа ала отырып кәсіби мамандарды дайындаудағы техникалық және кәсіптік білім беру жүиесін жаңғырту тақырыбына    Білім туралы заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқаулық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдердің өндіріс оқу шеберлерінің өзіне оңтайлы нұсқауын қолдануға  тіпті авторлық үкімін құруға мүмкіндік береді. Модульдік технология мен оқыту оқушылардың өз бетімен сабақтың мақсатын түсіне алады, танымдылық әрекетке белсене араласады. Модульдік оқыту технологиясының тұлға қажеттіліктеріне қанағаттандыруда және оны дамытуда ықпалы зор. Модульдің негізгі мақсаты  сабаққа жаппай оқушының қатысуы арқылы дәрісті, негізінен  диалог түрінде ұйымдастырып, есте сақтау қайталау мен оқушының сөздік қорын молайтуды оң жолға қою болып табылады. Жаңа заманға жаңаша маман қажет болғандықтан кәсіптік білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын әрбір оқытушының міндеті- білікті, білімді, толыққанды қалыптасқан маман даярлау. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, өндірістік оқу сабағының бағдарламасына сай, слесарь ісі пәнінен  102-сағат жоспарын модульдеп әріптестеріммен ой бөлісу мақсатында   іс-тәжірибемді ұсынып отырмын                                                                                    

 

                                                 Бекітемін.

                                                                       Директордың оқу – өңдірістік жұмыстары

                                                    жөніндегі орынбасары:______________Қ . Нұрқожаев

Оқу өндірістік жұмыстар тізбесінің 2012 – 2013 оқу жылының 102-сағат  слесарь  ісіне       оқу   жоспары.

Мамандығы:1201000   Автокөлікті жөндеу пайдалану және қызмет көрсету.

Біліктілігі:1201072   Автокөлікті жөндейтін  слесарь.

                                                І. Модуль

1.1

       Кіріспе.

 

 

 

24 сағат

1.2

Слесарь  ісі  туралы  негізгі  мәліметтер.

6 сағат

1.3

Жазықта  белгі салу.

6 сағат

1.4

Металдарды  шапқымен  кесу.

6 сағат

1.5

Тойтару  қоспаларының  түзілуі.

6 сағат

         

                                                   ІІ. Модуль

 

 

 

 

 

24 сағат

2.1

Металды  түзету  және  ию.

6 сағат

2.2

Металдарды   кесу. 

6 сағат

2.3

Егеп   өңдеу.

6 сағат

2.4

Кеңістік  белгі.

6 сағат

         

 

                                                       III. Модуль:

3.1

Бұрғылап тесу  тесікті  дәл  өлшемге  келтіру.

         6  сағат

 

 

24 сағат

3.2

Тесікті  станокпен  бұрғылау.

6 сағат

3.3

Буранды   тілу.

6 сағат

3.4

Егеулеу  мен  қабыстыру.

6 сағат

 

                                                           IV. Модуль: 

4.1

Шабрлеу     (қырнау)

        6  сағат

 

 

30 сағат

4.2

. Қырғылау  мен  жөнге  келтіру

6 сағат

4.3

Дәнекерлеу, шарпу және  желімдеу

6 сағат

4.4

Слесарь өңдеудің технологиялық процесі. 

6 сағат

4.5

Бақылау  байқау жұмысы  (тест)

6 сағат

 

                    Өндіріс   оқу   шебері :          Қыдырбай   Каленов   Ниязович.

 

 

МОДУЛЬ ҚҮРЫЛЫСЫ

 

САБАҚ САНЫ

 

                МОДУЛЬ   МАЗЫМҰНЫ

 

УАҚЫТЫ

 

Кіріспе бөлім

 

1-ші сабақ

1Оқушыларды тексеру.

2.Модульге кіру.

3.Техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру,

4.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

 

45.мин

 

Жаңа сабақты бекіту

 

2-ші сабақ

Өткен сабақтың тақырыбын қайталау, оған байланысты сұрақтар  жаздыру .

Жалпылама сұрақ-жауап  жүргізу, оқушылардың

жауаптарын  бағалау. 

 

 

 

45 мин

 

 

  Пікір алмасу  бөлімі

 

 

 

3-4 ші сабақ

Жаңа сабақтың тақырыбы  мен  оның сұрақтары, жаңа сабақта кездесетін жаңа сөздер

терминдерге  түсінік  беру.

Оқушыларды әр топқа бөліп, оларға қойлатын

талаптарды таныстыра отырып, берілген

жаттығулардың қалай орындалатынын түсіндіру.

 

 

60 мин

 

 

  Пікір алмасу бөлімі

 

 

4-5 ші сабақ

 

Сабақ барысында  денгейлік  тапсырмалар

бойынша  сұрақ-жауаптар.

Балдық  жүиемен  бағалау .

Топтардың өз-өдерін бағалау.

 

 

60мин

 

 

Қортынды бөлім

 

 

6-шы сабақ

Оқушылардың жұмысын сараптай келе

жаттығуларды уақытылы және ұқыпты орындаған-дардың жұмысын  бағалау.Қате кеткен оқушылардың кемшілігін көрсете отырып үирету.

Үи  тапсырмалары.

 

 

 

45 мин

ӨНДІРІС ОҚУ САБАҒЫНА МОДУЛЬ  ДАЙЫНДАУ  ТАБЛИЦАСЫ

 

 

                                                                                                                            Бекітемін:  

                                                                                             Аға шебер: _________________   Садақбаев   Е

                                                                                             Өткізілген күні: ______________

 

С а б а қ    ж о с п а р ы

 

Топ :  ___70_____   Курс 1        Мамандығы: Автокөлікті жөндеу,пайдалану қызмет көрсету.

 

Тақырыбы: ____Слесарь  ісі  туралы  негізгі  мәліметтер._________________

Сабақтың түрі:_______Модульдік оқыту.______________

Сабақтың мақсаты,  мағынасы: ______Жеке тұлғаның қабілеттілігін ыңғайлау, икемділігін қамтамасыз ету, оның базалық деңгейін  дайындау._Жоспарға сай оқушылармен жеке жумыс жүргізу.

Сабақтың әдісі: _______Ұжымдық топтап оқыту әдісі. Зертханалық жұмыс.Әркім толық өз бетінше жұмыс орнын ауыстыруы,бір – бірімен қарым - қатынастық_әдістері._________________

Сабақтың тәрбиелік мәні: 

-          еңбекке қатыстырылады;

-          еңбек сүйгіштікке тәрбиеленеді;

-          оқушының еркі дамытылады;

-          өзіндік танымдылығы,жауапкершілік,адалдық,жолдастық қасиеттері қалыптасады.

Сабақтың оқу – материалдық    жабдықталуы:  

  • Тех. Қауіпсіздік ережелері               
  • Слесарьдың  жұмыс орнын  жабдықтау.
  • Технологиялық нұсқау карталар
  • Тест – тапсырмалар,жүйелік тапсырмалар,Ашық журнал
  • Оқушылардың қызығушылығын арттыруға арналған (шығармашылық тапсырмалар даярлау).

 

                                                                           С а б а қ   б а р ы с ы:

 

                                              Кіріспе бөлімі.   45 минут

 

А) Оқу  модулінің жалпы құрылымы және мазмұнымен таныстыру.

Б) Оқушылардың танымдық қызметінің мақсаты мен міндеттерін анықтау.

В) Модуль бойынша қысқаша оқу материалын түсіндіру.

                             Модульді дайындау:

  І – кезең         пікір алмасу құрылымын дайарлау,оқыту теориясын практика

                             жүзінде меңгеру және пайдалану  анықтау.

II – кезең       

3-деңгей  тапсырмалары  “Жеңіл”  білімді қабылдаумен түсінуге арналған.

2-деңгей тапсырмалары    Мемлекеттік стандарт талабына сай.

1-деңгей тапсырмалары      шығармашылық жұмыс.

 III - кезең                              Қорытынды бөлім.

   Оқушы білімін әділ бағалау үшін деңгейлік тапсырманың 2-3 түрін дайярлау

   сол арқылы оқушылардың жақсы баға алуына мүмкіндік беру.Оқушылардың  қызығушылығын арттыруға арналған шығармашылық тапсырмаларын дайярлау.     

 

                                                             ІІ – кезең  

Оқыту модулінің пікір алмасу бөлімі  (синептикалық)  180 минут

2.1  Слесарь ісінің материалының негізгі  мазмұнын шығарып алу.

2.2  Оқыту материалын толық, жинақты, жүйелі «өсу» бағытымен беру және талқылау бойынша жеңіл деңгейде  және стандарт талабына сай дайындау

2.3  Слесарь  ісі  туралы  негізгі  мәліметтер.

2.4  Оқушылардың қызығушылығын арттыруға  арналған шығармашылық  тапсырмалар даярлау.

2.5  Жаңа сабаққа пікір алысуды қамтамасыз ету.

 

 

р/с

Деңгейлік тапсырма – сұрақтар

 

І деңгей

1

Кіріспе    бөлім.

5 бал

 

        12 бал жүйе

 

 

 

 

 


              12 бал жүйе

 


 

 

 

 

                12 бал жүйе         

2

Слесарь  мамандығы.

4 бал

3

Негізгі  слесарьлық  операциялар

3 бал

 

 

ІІ деңгей

1

Слесарьлық  жұмыстар  кезіндегі  техника  қауіпсіздігі.

4 бал

 

2

Слесарьлық  шеберханалар  мен  учаскелерді  жабдықтау.

3 бал

3

Слесарьдың  жұмыс  орнының  жабдықтау.

 

 

5 бал

 

 

     ІІІ  деңгей

1

Слесарь—мантаж  құрал-саймандары.

3 бал

 

2

Слесарьлық  қысқаштар  ж/е  струбциндер.

5 бал

 

3

Бақылау  байқау  жұмыстары.

4 бал

 

 

                                             

Кіріспе нұсқау

 

Бүкіл халық шаруашылығындағы техникамен жабдықтауындағы түрлі бұйымдарды өңдеудің механикалық процестерін кеңінен енгізуге әкеліп соғып отыр.Дегенмен слесарьлық жұмыстар әлі де болса кең өріс алуда.

Техникалық дамуының алғашқы кезеңінен бастап мамандықтардың,соның ішінде слесарь мамандығының бөлінуі,ерекше жүріп келе жатыр.

  Слесарьлық істер деп, оқылып үйренетін слесарьлық жұмыстардың сан алуан машиналардың, аппараттар мен аспаптардың металл бөлшектерін механикалық өңдеуді толықтыра түсетін әр түрлі, негізінен, қол жұмыстарын айтады.

   Слесарьлардың  қайсысы болсын, слесарь – жинаушы немесе мантажшы, слесарь – аспап маманы немесе сантехник болсын слесарьлық саймандармен – егеу, шапқы, балға, шебер, бұрғымен жұмыс істеп негізгі слесарь лық  операциялардың мамандығының ерекшеленуі басталады.Құрастырушылар, жөңдеушілер автослесарьлар т.б пайда болады.

    Сондықтан да барлық слесарьларды дайындау жалпы слесарьлық курста оларға оқылып үйретілетін негізгі слесарьлық операцияларды оқытудан басталады.   Осыған  сәйкес  слесарь оқуының бағдарламасы екі бөлімнен тұрады, жалпы слесарьлық курс және арнаулы технология  мұнда нақтылы обьектілерде жұмыстарға жұмсау үйретіледі.Слесарьлық оқыту бағдарламасы да барлық басқа мамандар сияқты мамандық мінездемесі  негізінде  құрылады. Мамандық  мінездеме-ресми  документ, осының  негізінде  жұмысшыларға  аттестация  жасалады. Бұл  документте  жұмыс  тиісті  разряд  алуы  үшін  жұмысшы  игеруге тиіс  негізгі практикалық дағдылар,  сондай-ақ  осыған  қажетті  теориялық  білімдер  көрсетіледі.

    Оқу міндет аумағын кәсіби мектепте немесе кіші мекемеде жұмыс істеуіне, оның бір топқа немесе бір оқушының жауапкершілігіне байланысты.Болашақ  жұмысшылар таңдап алынған мамандығы бойынша белгілі бір дағды мен шеберлікке ие болуы тиіс.Олардың үиренетін маман-дығын саналы түрде, терең ж/е мықтап үирену үшін, өндірістік маманды-ғын одан әрі жетілдіріп кәзіргі заманғы техника мен техналогияның негіздерін білу де талап етіледі. Бұның барлығы мамандық бойынша белгілі бір теориялық дайындықты қамтамасыз етеді.

 

Негізгі   слесарьлық   операциялар.

Қарапайым бөлшектерді өңдеуді мысалға ала отырып, негізгі слесарьлық операцияларды қарап өтейік.  Бір пластинка жасу керек болсын дейік. Ол барлық жағынан өңделген және екі тесігі болуы керек . Тесіктің біреуі дәл – калибрлі, ал екіншісінде бұранда бедері (резьба) болуы шарт Бұл бұйымды табақ металдан жасауға болады. Өңдеуді тездету үшін, әдетте былай етеді.Алдымен сызғышпен листің сыртқы бетіне чертежға сәикес детальдың контуры бойынша сызықтар жүргізеді.Бұл барлық слесарьлық операциялардың біріншісі болып саналады да белгі салу деп аталады.Енді белгіленген металлды листен бөліп алу керек. Осы мақсатты көздеп ұшталған стержень болып келетін аспап-шапқыны аламыз онымен дайындаманы шапқылаймыз (мұны шапқылау операциясы дейді) немесе оны қайшымен не қол арамен тіледі (мұны тілу операциясы деп атайды) Шапқылау  ж/е тілу процесінде дайындама майысып қйсайады   Оны өңдеу алдында  түзету-жазу керек.Көбінесе детальды жұмыс кезінде оған ілмек, тұтқа, бұрышта  т.б сияқты түр беру үшін дайындаманы иеді. Бүл  ию операциясы. Керекті көлемге егеліп өңделген пластинканы екі жерден бұрғымен  тесеміз Ол тесіктердің бірі дәлдікпен өңделу керек те екіншісі бұранда бедері салыну керек.Бұрғыланған тесіктің дәл өлшемі  ұңғылау, кйін  зенкерлеу мен бұрғылау, арқылы жасалады да бұранда бедері метчикпен тесіледі. Осы айтылғандардан басқа күрделі- өңдеу операциялары күрделі деталь-дарды белгілеу – кеңістікте белгі салу : түрлі формалы тесіктер алу, екі детальды қосып өте  дәл өңдеу—егеулеу мен припасовка, өте жоғары дәлдікпен, саңылаусыз қосылатын, өңделуі таза болу мақсатын көздеитін дәл өңдеу  операциялары шабрение ж/е притирка бірнеше детальдарды өзара біртұтас етіп біріктіретін  тойтару, дәнекерлеу және қалайылау  операциялары болады.Жоғарыда  қалаған мысалдан кез келген детальды жасау  үшін не өңдеу үшін  слесарьлық  операциялар бірінен  кеиін бірі  белгілі бір тәртіппен, жүйемен  жүргізілетінін көреміз.Осы  өңдеу операцияларының  бір  жүиемен  жүргізілген жиынтығы технологиялық   процесс  деп  аталады.

                                                                                                                                  Қауіпсіздік техникасын оқытудың мақсаты: – өндірістік оқу шеберханасында салауаттыда қауіпсіз еңбек етуіне жағдай туғызу және оқушылардың теориялық және практика –лық тұрғыда дайындау. Еңбек қауіпсіздігі – бұл заңдылық жүйе. Сабақты оқу барысында оқушылар еңбектіқорғау жөніндегі зиянды және қауіпті өндірістік факторларды,олардың адам ағзасына әсерін,олардан қорғану әдістерін,жұмыс орындарына қойылатын өндірістік санитарлық,техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі талаптарын,өндіріс үрдістері қауіптілігін бағалау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді оңтайлы шешімдерді оз бетінше қабылдай білу керек. Еңбекті қорғауға оқушыларды жалпы білім беру және арнайыпәндерді оқып – үйрену үрдісінде алған білімін, шеберлігін және іскерлігін ескере отырып жүзеге асырылады. Механиктердің және жөндеуші жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы күрестің тиімділігі көп ретте жазатайым оқйғалардың болуы оның себептері жан-жақты зерттеу дәрежесін де байланысты.Өндірістік жарақат алудың себептерін жан – жақты талдау кәсіпорындағы қауіпсіздік техникасының  жағдайын барынша обьективті түрде бақылауға және апаттық жағдайды болырмау немесе едәуір кемітудің пәрменді шараларын жасауға мүмкіндік береді.Әрбір жазатайым оқиға технологиялық үрдістерді орындау кезінде туатын қатерлі жағдайдың нәтижесі болып табылады.Кез келген жазатайым оқйғада көптеген себепші факторлардың  арасынан оны тікелей тудырушы факторларды атап көрсетер болсақ,бұған қауіпті әрекет пен қауіпті жағдай жатады.Қауіпті әрекет – жұмысшының (оператордың,жүргізушінің ,слесарьдың,токарьдың,т.б.) нақты жағдайдағы кәсіптік қимыл нормасына сәйкес келмейтін күйі.Қауіпті жағдай - өндірістік ортаның (еңбекнысаны,машиналар,құралдар т.б.)қабылданған нормаға сәйкес келмитін күйі.Слесарьлық жұмыстарды атқарғанда жарақаттанып қалмау үшін слесарь техника қауіпсіздігін қатаң сақтау керек. Слесарь ісіне  қатысты техника қауіпсіздігінің негізігі  ережелері төменде  көрсетілген.                

Слесарьлық жұмыстар кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері

1)Слесарьлық шеберханасында

А)шеберхананың едені қабырғалары,төбесі жақсы,жеткілікті жарық температурасы

бірқалыпты  және жақсы желдетіліп тұруы тиіс.

Б)Жұмыс істеитін адамның ара қашықтығы,жүретін жолдары мен өткелдердің кеңдігі

сақталуы  тиіс.

В)Жұмыс орында басы артық кесінді заттар,дайындамалар,металдар болмау керек.

Г)Барлық жабдықтарды жақсы күйінде ұстау керек (машина станоктарындың

қозғалатын бөліктерін қоршаған жөн.

Д)Жұмыс верстактардың берік орнықты болуы тиіс.

Е)Жұмысты тек қана жарамды құрал – саймандармен істеу керек.Олардың ұратын,

кесетін,қысатын т.б. бөліктерінде майысқан сынған,жарылған жерлері болмауға тиіс.

Ж)Үшкір хвостовикті құрал – саймандар егеулер,шаберлер чертилкалар,балғалар

бұрандалар т.б. жақсы мықтап бекітілген сапты болу кере

                                             Электр қауіпсіздігінің ережелері

А)Электр жабдықтары және барлық электр жүйесі жақсы  күинде және сенімді изолятцияланған болуға тиіс.Корпусты жақсылап жермен немесе нулдеп жалғастыру қажет.Б)Электр тогі жүретін сымдарды кездейсоқ тиіп кетпейтіндей бекіте орналасуы тиіс.В)Оқушылардың электр жабдықтарын қоршауын,қабын ашуға,алып тастауға және электр тетіктерін дербес іске қосуға жөндеуге рұқсат етілмейді.

                               Құрал- саймандарды қайраған кезде

Б)Шлифтейтін құмшарықты тексеру, қорғаныс маңдайшасының орнатылуын жәнебекіту ережелерін қатаң сақталуын қажет етеміз.Б)Құмшарық дөңгелегі мен қайрауға керек тірек арасындағы саңлау мөлшерін сақтау қажет.В)Міндетті түрде қайрағанда көзілдірік кию керек.

Слесарь-монтаж құрал-саймандары және жұмыс орнының   жабдықталуы.   Жекелеген слесарьлық операцияларды қарастырғанда сөз етілетін тілетін,соққылайтын құрал-саймандардан басқа слесарьлар әр түрлі монтаж құрал-саймандардың кеңінен қолданады. Слесарьлық жұмыстар металдарды кесудің суықтай өңдеу процесіне жатады.Бұл жұмыстарды қолмен де немесе механикаландырылған аспаппен де орындаболады.Слесарьлық жұмыстың мақсаты-берілген чертёж бойынша өңделетін детальға форма өлшем және беттік тазалық беру.Слесарьлық жұмыстардың сапасы слесарьдың шеберлігіне,қолданылатын аспапқа және өңделетін материалға байланысты болады.Жұмыс орнының жабдықталуы дегеніміз құрал – саймандары және тетіктері бар белгілі жұмысшыларға бекітілген өндірістік алаң участогі.Жұмыс орнының жабдықтаудың ережелері жасалған ветстак үстінде тек орындауға қажетті құрал – саймандар болуға тиіс; Жұмыс орнындағы тәртіп пен тазалық жұмысты тездетеді және оның сапасын арттырады.Сол қолмен ұсталып алынатындар верстак үстінде сол жақта,оң қолмен ұсталатыны оң жақта жатуға тиіс.Жиі қолданылатын құрал – саймандар мен тетіктер жақынырақ,сирек қолданылатыны алысырақ қойылады.Кесу құрал – саймандары арнаулы тағанға қойылу керек.Өлшеуіш аспаптар құндақта болуға тиіс.Жұмыс аяақталған соң құрал – саймандар,қысқыш және верстак жоңқадан тазартылып,сүртіледі.Ал пайдалан құрал – саймандардың жүзін,жұмыс атқарған бөлігін вазелинмен майлайды,олар құрал – саймандар жәшігінде ұйаларда сақталуға тиіс.Жиіқолданылатын құрал – саймандар жоғары жаққа қойылады.  

Слесарьлық  верстактар: бір орындықты, екі орындық, және көп орыындық болады. Олардың барлығы металл немесе ағаш каркас (верстак  төсемі) және стол өңірі деп те аталатын верстак тақтайынан тұрады. Верстак үстінде қорғаушы тор, чертеж қойлатын планшет, аспап қоятын тұғыр, дербес жарық, және слесарьлық қысқаш орнатылады. Металл каркас пісіріліп немесе құйма айақты етіліп жасалады.Верстак тақтайының әдетте қалыңдығы  50-60 мм болады.Олардың үстіне қалыңдау қаңылтырмен не линолеуммен жабылып, шеттері темірмен қапталады. Дербес верстактың көлемі 1000-1200 мм, ені  700 – 800 мм,  биіктігі 750 -800 мм болады.Верстак биіктігі жұмыс істеу-шінің боына қарай алынады. Верстак айақтарының жерге тіреліп тұратын бөлігі айнал-дыру арқылы аласартуға немесе биіктетуге болады.

Слесарьлық     қысқыштар: Слесарь ісіне қолданылатын қысқаштардың негізгі түрі винпен қысылатын параллель жақтаулы қысқаштар.Олар айналатын және айналиай-тын бола алады. Айналмайтын қысқыш винт пен қозғалмайтын бағыттаушының көмегімен орын алмастырып тұратын қозғалмайтын бөлік. Қысқаштың корпусы детальдары СЧ 18-36 маркалы шойыннан,  жүріс виті, гайка мен салмалы губкалар 45 маркалы болаттан жасалады.Слесарьлық қысқаштардың қысатын жақтауларының аралығы,  айналмалы  қысқаштың жақтау ені 80-120мм  ал  айналмайтын қысқаштікі жақтау ені 60 мм ең үлкен ашылу аралығы 45 мм болады.

 

Слесарьлық жұмысты орындау кезінде әр түрлі аспаптар мен қажетті құрал-жабдықтар қолданылады.Өте кішкентай өңделетін заттар мен дайындамалар қол қысқыштарымен ұстатылады,ал оны өңдеу процесі кезінде слесарь оны қолына ұстап тұрады немесе ұста үстеліндегі қысқышқа бекітіледі.Слесарьдың жұмыс аспаптары қол аспабы және механикаландырылған аспап болып бөлінеді.Қол аспаптардың типті жиынтығы бірнеше топқа бөлінеді:а) кескіш аспаптар – тістеуіш егеу,ара түрінің жиынтығы қырнауыштар,метчиктер,қайрақтар т.б;б) көмекші аспаптар – сызғыш,циркуль,жалпақ табан ұстағыш,қақпақша және т.б;в) слесарьлық құрамалы аспаптар – бұранда гайка кілттері,қысқыштар,қол қысқыштары;г) өлшеуіш және тексеруге арналған аспаптар – масштабтысызғыш,кронциркуль,нутрометр,штангенциркуль,микрометр,бұрыш өлшегі (углометр) т.б.Алты қырлы немесе шаршы басты гайкаларды,болаттарды,винттерді бұрап кигізу және қайырмалы гайкалық кілттер қолданылады.Олар бір жақты және екі жақты бола алады. ( а және б).Ішкі алты қырлы шаршы басты гайкалар мен винттер  маңдай кілттермен );цилиндрлі ұйаларда орналасқан гайкалар мен винттер ішкі шаршылы немесе алты қырлы маңдай кілттермен ) кіргізіліп бұралады.Цилиндрлік беттегі пазалы және тесікті жұмыр гайкалар осыған арналған кілттермен (д);ал маңдай бетінде тесіктері бар жұмыр гайкалар мүйізді кілттермен (е) бекітіледі.Айырма кілттер (ж) ауыз  шамасын өзгертуге мүмкіндік береді де,әр түрлі өлшемдегі  бұрандалы қоспаларды ажыратып жинақтайды Ауызды аспаптармен бұрап шығаратын қысқыштардың жұмыс техналогиясБасында тілігі (шлиці) бар винттерді,шруптарды бұранда кілттермен бұрап кигізіп шығарады.Олардың салма жақтауы (а), металл дүмі (б) диэлектрикалық сабы (в) бары және  сымнан жасалғандары (г) болады.Жалпақ ауызды тістеуік (а) ұсақ детальдарды ұстауға және қысуға қолданылады.Қоспаланған жалпақауыз тістеуіктердің (б) сымды қыршып алу үшін топсада қосымша кертігі болады.Газ құбырлары қоспаланған пассатиждармен қысып ұсталады.Жұмыр тістеуіктер (в) жұмыр қиынды детальдарды қысып,сымдарды иеді.Сымдарды қыршып алу үшін өткір тістеуік қолданылады(г).     

Жалпы жұмысқа арналған слесарьлық егеулердің 

Стандартқа сәйкес  8 типі (түрі) жасалады: А типті – жалпақ,ұшы сүйірлеу ; Б типі жалпақ; В типі квадрат жақты; Г типі үш қырлы; Д типі жұмыр; Е типі-жартылай жұмыр; Ж типі – ромба жақты; З типі – қол ара тәрізді.   

Недфили – ұсақ егеулер

Үлгімен бұйым жасайтын,заттарға ойып жазатын және зергерлік жұмыстарда,бйұым-ның жетуі қиын жерлерін тазалауда (матритцаларды,өте тар тесіктерді,сүйір бұрыш ішін,пішіні күрделі заттардың тар беттерін т.б. өңдеуде) қолданылады

                                                                                                                              

 

Бұрғылауға керек құрал – саймандар

 Столға арналған бұрғы  1 – 3 тұғыр тақта,2 - жоғарғы бөлік,4 – бағана, 5- қатым,6 – гильза,7- айналатын шпиндель,8- штурбал, 9 – рейка,10- шкив,11- электр матор, 12 – керетін жабдық.

 Қол бұрғылары (дрельдер) мен коловороттар

 Қол бұрғыла мен коловороттар жетуі қиын жерлерге бірен – саран тесіктер бұрғылау үшін қолданылады. Қол бұрғылар  бір жылдамдықты және екі жылдамдықты болады.Біріншісімен диаметрі 8мм – ге дейінгі,екіншісімен – 15 мм – ге дейінгі тесіктербұрғыланады. 1- патрон,2 – шпиндель, 3- және 6 – саптар,4- корпус, 5 – кеуде тірегі.

                                                                                                                                                                                 Технологиялық -  нұсқау картасы № 1

Тапсырманың тақырыбы: _Слесарьлық   қысқаштар._____ 

Тапсырманың мақсаты:___Оқушыларды  слесарь шеберханасының  слесарьлық  қысқаштарымен жұмыс жасап таныстыру. Тек.қауіп.сақтауға дағдыландыру ___

Слесарьлық  қысқаштардың    сұлбасы.

 

Слесарьлық құрал-саймандардың  түрлері

Қолданылатын   құралдардың  пайдаланатын орындары.         (шаруашылықта )   

Айналмайтын  қысқаштар (а) -2 винт көмегімен жылжымалы  жақтау. 3- қозғалмайтын бөлік

Айналмалы  қысқаштар ( б) айна-латын  бөлік  тіректің көмегімен 4-тің болуымен ерекше.Айнал—малы  бөлік вертикаль  осьтен  айналып түрады  да  5-ші  оны орнатып тұтқа  арқылы  беқітеді.

Орындықты  қысқаш  (в) 1- ші қозғалмайтын жақтау, 2-ші жылжымалы  жақтау,  3 ші-вйнт, 4 ші- серіппеден  тұрады.  

 

 

 

 

 

Қысқаштар  негізінен  ауыл  шаруашылығы-ның  барлық  салаларында  қолданылады.  Слесарь   шеберханасында  практикалық  жұмыстарға  автослесарь, әртүрлі  мамандық-тағы  слесарьлар,аспап  жөндеуші  мамандар қысқаш  түрлерін  қолданады.

 

 


                                                                                                                                 Технологиялық -  нұсқау картасы № 2

 

Тапсырманың тақырыбы: _Слесарь   верстактары._____

Тапсырманың мақсаты:___Оқушыларды  слесарь шеберханасының  верстактарымен жұмыс жасап таныстыру. Тек.қауіп.сақтауға дағдыландыру ___

Слесарьлық  верстактардың  сұлбасы.

 

Слесарьлық құрал-саймандардың  түрлері

Қолданылатын құралдардың  пайдаланатын орындары.         (шаруашылықта )   

Слесарь верстактар бір  орындықты, екі орындықты көп орындықты болады. Олдың барлығы металл немесе ағаш  1-ден верстак-тақтайы 2-ші қорғаушы тор 3-ші чертеж қойылатын  планшет 4-ші аспап қоятын тұғыр 5-ші жарыұ 6-ші  слесарьлық қысқаш  7-ші орналастырылады.

 

 

Слесарлық  жұмыс орнында

Үи   шаруашылығында.

Шеберханаларда, мекемелерде,  ауыл шаруашылығында.

 

                                                                                                                                                  Технологиялық -  нұсқау картасы № 3

 

Тапсырманың тақырыбы: _Слесарь—мантаж  құрал   саймандар._____

Тапсырманың мақсаты:___Оқушыларды  слесарь шеберханасының құрал – саймандарымен жұмыс жасап таныстыру. Тек.қауіп.сақтауға дағдыландыру ___

Орлардың  сұлбасы

 

Слесарьлық құрал-саймандардың  түрлері

Қолданылатын құралдардың  пайдаланатын орындары.         (шаруашылықта )   

Алты қырлы немесе шаршы басты гаикаларды,болттар-ды винттерді бұрап кигізу және шығару үшін қайыр-малы кілттер.

7-сурет Гайка кілттері

8-сурет Труба кілттері.

 

 

 

 

 

 

Слесарлық  жұмыс орнында

Үи   шаруашылығында.

Шеберханаларда, мекемелерде,  ауыл шаруашылығында.

 


 

 

А у ы с т ы р у   к е с т е с і

Топ № ___70____                              Курс ___І_____

 

   Мамандығы:  Автокөлікті жөндеу пайдалану және қызмет көрсету

 

 

                                                                 А – нұсқасы

Ауысу кезеңдері

1

2

3

4

Топшалар нөмері

І

А

Г

В

Б

ІІ

Б

А

Г

В

ІІІ

В

Б

А

Г

ІV

Г

В

Б

А

 

 

 

                                                                 Б – нұсқасы

Ауысу кезеңдері

1

2

3

4

Топшалар нөмері

І

*

 

 

 

ІІ

 

*

 

 

ІІІ

 

 

*

 

ІV

 

 

 

*

 

 

 

 

Өндірістік оқу шебері                    Каленов.Қ.

 

 

 

III-кезең Қорытынды бөлім 45 минут

Топтық  деңгейлік  тапсырманы  бағалау

 

Жұмыс мазмұны

Оқушылар топтық оқу бағдарламаларымен өзіндік жұмысы

Өзін – өздері бағалау

Оқытушы бағасы

 

 

 

І – топқа негізгі слесарьлық операциялар технологиясы

1

Слесарь мамандығы

 

 

2

Негізгі  слесарьлық операциялар

 

 

3

Слесарьлық жұмыстар кезінде тех-қауіпсіздікгі.

 

 

4

Слесарь верстактары.

 

 

5

Слесарь қысқаштары.

 

 

6

Слесарь- мантаж құрал-саймандары.

 

 

Жұмыс мазмұны

Оқушылар топтық оқу бағдарламаларымен өзіндік жұмысы

Өзін – өздері бағалау

Оқытушы бағасы

 

 

 

І І – топқа негізгі слесарьлық операциялар технологиясы

1

Слесарь мамандығы.

 

 

2

Негізгі слесарьлық операция.

 

 

3

Слесарьлық жұмыстар кезінде тех-қауіпсіздігі.

 

 

4

Слесарь   верстактары.

 

 

5

Слесарь  қысқаштары.

 

 

6

Слесарь-мантаж  құрал-саймандары.

 

 

 

 

 

 

Жұмыс мазмұны

Оқушылар топтық оқу бағдарламаларымен өзіндік жұмысы

Өзін – өздері бағалау

Оқытушы бағасы

 

 

 

І І І – топқа негізгі слесарьлық операциялар технологиясы

1

Слесарь  мамандығы

 

 

2

Негізгі  слесарьлық  операциялары

 

 

3

Слесарь  жұмыс  кезіндегі  тех-қауіпсіздігі

 

 

4

Слесарь  верстактары.

 

 

5

Слесарь  қысқаштары.

 

 

6

Слесарь-мантаж құрал-саймандары.

 

 

 

                                      

 

                                           Жалпы топтық.                Бағалау

 

Жұмыс мазмұны

Оқушылардың топтық оқу бағдарламаларымен өзіндік жұмысы

Өзін – өздері бағалау

Оқытушы бағасы

І топ

ІІ

топ

ІІІ топ

І

топ

ІІ топ

ІІІ топ

Жалпы слесарьлық оқуда үйретілетін жұмыс операциялары технологиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 Өндірістік оқу шебері                    Каленов.Қ.

                 

 

 

 

  Өндірістік оқу сабағы,слесарь жұмыстарына тест сұрақтары

                                                            I-нұсқа

1.Слесарьлық верстактар қанша орындықты болады?

А) бір орындықты,екі орындықты

В) орындықсыз

С) көп орындықты

2.Шапқылап кесу үшін аспаптарды немен қайрау керек?

А) қолмен

В) станокпен

С) қайрақпен

3.Детальдарды өңдеудің жұмыс түрлері қанша болады?

А) 1,2

В) 3,4

С) 5

4.Балғамен соғудың (серлеудің)тәсілдері?

А) шынтақ қимылы және иық буынының қимылымен соғу

В) балға сабымен соғу

С) Құлаштап соғу

5.Түзу металы тақталар қандай металдан дайындалады?

А) құрыштан немесе қара темірден

В) шойыннан немесе болаттан

С) алюминнен немесе мыстан

6.Металдарды игенде қандай құбылыстар пайда болады?

А) сығылу мен созылу

В) қиылу

С) дөмбек пайда болады

7.Жалпы жұмыстарға арналған егеулердің қанша түрі бар?

А) 3-4 түрі

В) 8 түрі

С) 6-7 түрі

8.Дөңес беттерді қандай егеумен өңдейді?

А) квадрат

В) қырлы

С) жалпақ

9.Егеуді қайта қалпына келтіретін  әдіс?

А) физикалық

В) механикалық

С) химиялық

10.Тістерінің жасалу әдісіне қарай егеулер нешеге бөлінеді?

А) 6

В) 3

С) 4

11.Механикалық тойтару процесіне қандай құрал пайдаланады?

А) пневматикалық тойтару

В) қолмен тойтару(балғашалар)

С) электрлі преспен тойтару

12.Стол үстіне қандай бұрғы орнатылады?

А) қол бұрғылар

В) вертикаль бұрғылар

С) электрлік кіші бұрғылар

13.Негізгі слесарьлық операциялар қанша болады?

А) 6

В) 3

С) 9

14.Белгі салудың түрлері нешеу?

А) екі

В) төрт

С) алты

15.Белгі салу чертилкалары қай түріне қолданады?

А) кеңістікте

В) жазықтықта

С) бұрыштықта

 

                                                                         

                         I I –нұсқа

1. Слесарлық жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігін сақтау этаптары?

А)  1,2 этап

В)  6 этап

С)  4 этап

2. Металл түзету кезінде қандай аспаптар қолданылады?

А)  пресс пен балға

В)  қысқыштар

С)  шапқылар

3. Темір тақта қандай аспаптармен кесіледі?

А)  штампалармен

В)  құбыр кескішпен

С)  пресс қайшымен

4. Жалпақтығы 8 мм жазық бетті өңдеу үшін қандай егеу қолданылады?

А)  жұмыр егеу

В)  надфил егеу

С)  үш қырлы егеу

5. Белгі салу дайындық жұмыстарын қай кезінде жасалады?

А)  ортасында

В)  соңында

С)  басында

6. Жұмыс орындарының арасында не сақталу тиіс?

А)  биіктігі

В)  ұзындығы

С)  кеңдігі

7. Жұмыс орындарында не болмауы керек?

А)  артық заттар

В)  қажетті заттар

С)  ауыр заттар

8. Түрлі түсті егеулер қайда қолданылады?

А)  өте жұмсақ материалдары

В)  қатты материалдары

С)  өте қатты материалдары

9. Егеулер бетіне салынған керіткілеріне қарай неше номерге бөлінеді?

А)  7

В)  6

С)  5

10. Слесарь шебері  құралдарының  сабтары қандай ағаштардан жасалады?

А)  терек,шырша

В)  емен,қарағай

С)  үйеңкі,қайын

11. Қолдан тойтару үшін қандай құрал саймандар қолданылады?

А)  тістеуіктер,қысқыштар

В)  термелер,сықпалар

С)  қайшылар,егеулер

12. Бір нақты детальға өңдеумен байланысты процесті,қандай процесс деп атайды?

А)  техналогиялық процесс

В)  өндіріс процесс

С)  базалық процесс

13. Алюмини,дуралюмин ұшының төбесіндегі бұрыштың егелу шамасы қанша градус болады?

А)  125

В)  140

С)  120

14. Стол үстіне қандай бұрғы орнатылады?

А)  вертикаль бұрғылар

В)  қол бұрғылар

С)  электрлік кіші бұрғылар

15. Тойтаруға қандай металл қолданылады?

А)  шойын және болат

В)  алюмини және мыс

С)  жез және темір 

 

 

 

         Өндірістік оқу шебері             Қыдырбай   Каленов Ниязович.

                            Қортынды.

Бүгінгі таңда оқытушыларымыз оқу тиімділігін арыттыру мақсатында түрлі технологияларды пайдаланып жүр. Өндірістік оқуды жүиелі түрде ұйымдастыратын өндірістік оқу шебері десек, оқушыларын оқытуды қәзіргі нарықтық сұранысқа өз қабілетін көрсете алатын кәсіп иесін даяарлау міндеті тұр.Сол міндетті орындау біздің кәсіптік білім жүиесіндегі өндірістік оқу шеберіне үлкен жауапкершілік жүктейді.Осы көрсетіліп отрған сабақ жоспарында тек екінші, үшінші разрядталған слесарларға қажетті білім минимумы ғана келтірілген.Осыған байланысты қабілетті маман дайарлауда қолының мүсекері бар балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі қарастыра отырып М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының негізгі артықшылықтарын аламыз. Осыған орай сабақтың,

 -өткен тақырыпты нақтылап, жүйелі түрде талқылау.

-Оқу материалын қабылдауды оқушылардың дағдысы, икемі белсендіріледі.

-Оқушылардың өздігінен ізденуі, логикалық ойлауы дамиды, мамандығына деген танымдық құлшынысы ойанады.

-Оқушылардың проктикалық дағдысы дамып, өздігінен жұмыс істеу қабілеттілігі  қалыптасады.

-Кәсіптік бағдар төңірегінде мамандығына тереңірек үңілуге жағдай туғызады.Кәзіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың кәсіптік, өзіндік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді.

Болашақ маман тандап алған мамандығы бойынша белгілі бір дағды мен шеберлікке ие болады, оның ішінде техник-механик, ауыл-шаруашылығы, электрик сантехник, тағысын тағы мамандық иелеріне слесарь ісінің тигізер пайдасы зор деп білемін.

 

 

                             Пайдаланған әдебиеттер

  1. Есекеев Ж.К (Әдістемелік құрал)
  2. М. М .Жанпеисова    Модульдік оқу технологиясы
  3. Э.И.Крупиикий.    Слесарь ісі.  Мектеп баспасы 1975ж
  4. Н.Н Остапенко.    Металдар технологиясы. Мектеп баспасы Алматы 1972ж (кәсіптік тех училищелерге арналған)
  5. Кәсіптік мектеп журналы № 5-6  2011.ж

 

 

 

 Скачать 

slesar-s-turaly-negzg-mlmet-1-saba.doc [574 Kb] (cкачиваний: 217)

 


Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения