Жумашова Сауле Биболовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:не указан
27.02.2016
0
282
1

Открытый урок по информатике "MS PowerPoint бағдарламасы. Программа интерфейсімен танысу"

 

Сабақтың тақырыбы: MSPowerPoint бағдарламасы. Программа интерфейсімен танысу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: PowerPoint бағдарламасын  іске қосуды үйрету. Программаның негізгі

                     мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру.

Дамытушылық:Компьютердің басқа программаларын меңгерте   отырып,  логикалық

                     ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу, қауіпсіздік

                     ережесіне байланысты балаларды сақтылыққа үйрету.

Сабақтың түрі:  Ақпараттық сабақ

Сабақтың көрнекілігі:   слайдтар.тест тапсырмалары, ребус т.б.

Өту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, ой-қозғау

Техникалық құралдар: компьютелер

 

Сабақтың барысы:

 Ұйымдастыру кезеңі

 Үй жұмысын тексеру

 Сергіту сәті

 Жаңа сабақ

 Практикалық  жұмыс

 Сабақты қорытындылау.

 Үйге тапсырма

 Бағалау

 

1.      Оқушылармен амандасу

2.      Кезекші арқылы оқушыларды түгелдеу.

2.Үй тапсырмасын тексеру

Тест  арқылы тексеремін

1. Microsoft Word дегеніміз не?
  
А) Windows – тың басқаруымен автономды ДК - де жұмыс істеуге арналған реляциялық деректер базасын басқарудың үстелдік жүйесі;
    Б) Мәтіндік құжаттарды жасауға, көруге, түрлендіруге және қағазға басып шығаруға арналған программасы;

    В) Windows – тың презентацияларды жасауға және редакциялауға арналған программасы.
2. Word – ты қалай іске қосамыз?
    А) Пуск - Microsoft Word;
    Ә) Программы – Стандартные - Microsoft Word;
    Б) Пуск – Все программы - Microsoft  office - Microsoft Word.

3.       батырмасы мәтінді ... етеді.

    А) Курсив                                                                

    Ә) Асты сызылған

    Б) Жуан                                                          

4.       батырмасы мәтінді ... етеді.

    А) Курсив                                                                

    Ә) Асты сызылған

    Б) Жуан                                                          

5.      Кегль деген не?

    А) Әріптің түрі                                                       

     Ә) Әріптің мөлшері

     Б) Әріптің түсі                                                         

6.      Курсордың оң жағындағы символды қандай перне өшіреді?
А) Backspace;
Ә) Delete;
Б) Esc.

7.      Қазақша (орысша) регистрден ағылшын регистріне былай көшуге болады:
А) Alt+Shift;
Ә) Ctrl+Shift;
Б) екі Shift пернелерін қатар басу жолымен.

8.      Кесте дегеніміз не?
А) Қатар мен бағанада реттелген ақпарат
Ә) Қатарлар тізімі
Б) Бағаналар тізімі

9.      Кесте құру үшін
А) Формат – Шекара және аймақтардың ішін бояу
Ә) Қою - Кесте - Кесте құру
Б) Кесте – Кесте қосу

10.Ұяшықтарды біріктіру
А) Ұяшықтарды ерекшелейміз және Кесте – Ұяшықтарды біріктіру
Ә) Өңдеу – Ұяшықтарды біріктіруді болдырмау
Б) Ұяшықтарды біріктіруді болдырмау

11.Қандай батырманы басу арқылы жаңа қатар қосуға болады?
А) Enter
Ә) Shift
Б) Tab

12.Құжатты құруда қаріптің қандай өлшемі қолданылады?
А) маңызды емес;
Ә) 12;
Б) 14.

 

Тесттің кілті

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Б

Б

Б

А

Ә

Ә

А

А

Ә,Б

А

Б

Б

 

 10 – 12   5

 8 – 10     4

 6 - 8       3

 

«Ойлан, тап»

Егер мына ребусты дұрыс шешсек бүгінгі сабағымызға қатысты сөздер шығады

                слайд

---------------------------------------------------------------------------

     көрме      

 

 

 

Жаңа сабақ.

Сабақты слайд арқылы  көрсетем.

Ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.

Көрме – бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, проектор, өзіне сәйкес бағдарламалық жасақтама және т.б.) пайдалана отырып әзірліген слайдтардан тұратын қысқа ғана әңгіме.

Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды.

Енді PowerPoint программасымен қалай жұмыс атқарамыз, соған тоқталайық.

n      1. Программаны іске қосу.

n      2. Слайдты безендіру

n      3.  Слайдтарды қосу

n      4. Слайдтарды ауыстыру

n      5. Слайдты немесе барлық презентацияны көру

n      6.  Графиктік бейнелерді слайдқа енгізу

n      7. Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу

n      8. Презентацияны сақтау

Power Point программасын іске қосу үшін:

Пуск Все программыMicrosoft  office – Microsoft PowerPoint

 

Слайдтарды безендіру.

PowerPoint-та  слайдтарды безендіру үшін арнайы қалыптарды (шаблон) пайдалануға болады.

            Безендіруді пайдалану үшін, меню қатрында  орналасқан «Дизайн» батырмасын шертіп,  түрлі шаблондардың бірін таңдайсыз

Слайдтарды қосу.

Презентацияға слайдтарды қосу үшінEnter арқылы немесе басты беттен «Создать слайд»-ты таңдасақ жаңа слайд қосылады

            Керекті слайдты өз қалауыңызша безендіруіңізге болады.

Графиктік бейнелерді слайдтқа енгізу

 

13.Сергіту сәті

Жұмбақтар (Жұмбақтардың жауабын үш тілде айту керек)
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар  көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын
(тышқан – мышка – mouse)

Қанша тетік тізілген
Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізген
(пернетақта – клавиатура –  keyboard)

Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді. (басып шығарғыш – принтер – printer )

Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер – курсор – mouse pointer)

Өзі темір, жаны жоқ.
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан. (компьютер – компьютер – computer)

Барлық сурет, мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жерін де
Компьютерден өшірген   (мәтіналғы – сканер – scanner)

 

5.Практикалық  жұмыс. Оқушылар компьютерде  слайд жасайды.

«Менің отбасым» тақырыбына тұсаукесер жобасын жасап, ат беріп сақтау.

І слайд

«Менің отбасым» туралы тұсаукесер деген мәтін болуы керек

 

ІІ слайд

Отбасыңда неше жан бар, олардың қызметі туралы(зейнеткер, мұғалім т.с.с)

 

ІІІ слайд

Paint  графикалық редакторында «Отбасы» суретін салып, слайдқа қой.

 

6. Қорытынды.

7. Үй жұмысы

1) Тұсаукесер  тақырыбына сөзжұмбақ.

 

2) Төменде берілген тақырыптарға тұсаукесерге мәлімет жинау: &

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения