Ерекешова
Должность:Учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:ЗКО Бурлинский район г.Аксай
27.02.2016
0
345
0

«Ел болашағы – білімді ұрпақ» интеллектуалды ойын





Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы
Ақсай қаласының № 5 жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі
Ерекешова Зайра Амирхановна

 

Тақырыбы: Ел болашағы – білімді ұрпақ

Сайыстың мақсаты:

а) Оқушылардың білімдерін ортаға салу және пәндер бойынша алған білімдерін тексеру.

ә) Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту,  логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту.

б) Туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.


Сайыс түрі: интеллектуалды сайыс сабақ
Сайыстың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, ой қозғау
Сайыстың көрнекілігі: слайд, даналық сөздер.

Сайыстың барысы:   І. Ұйымдастыру кезеңі

Бұл кезеңде бүгінгі болатын сайыстың тақырыбы, мақсаты, тәрбиелік мәні айтылып, қатысатын сыныптар таныстырылады.


ІІ. Кірісе бөлім

Мұғалім: Құрметті оқушылар, әділқазылар, ұстаздар. «Ел болашағы – білімді ұрпақ» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз. Сайыс 3 сынып оқушылары арасында оздырылып отыр.  

Ортаға сайыскерлерімізді шақырып, танысып өтейік.

·        3 «Ә» сынып «Тапқырлар» тобы

·        3 «Ғ» сынып «Алғырлар» тобы.

 

Кім жеңді, кім жеңілді деп жүрмейік,
Әділ - қазы бағасына жүгінейік.
Сайысқа баға беріп, сөз айтатын,
Қазыларға төрден орын берейік.
Әділ қазылар алқасын төрге шақырамыз:

1.      

2.      

3.      

Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

1 - кезең: «Таныстыру»

2 - кезең: «Бәйге»

3 - кезең: «Ойлан, тап!»

4 - кезең: «Полиглот»

5 - кезең: «Математикалық сайыс»

6- кезең: «Сөзжасам»

Сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілеймін!

 

1 - кезең: «Таныстыру»

Әр топ өзінің атын, ұранын айтып, бір-бірімен танысады.

Алғашқы кезегіміз таныстыру,
Топтарды бір - бірімен табыстыру.
Айдар таққан атауларын қорғайтындай
Өлең сөзбен өрнектеп жарыстыру.
Топтар өзара кезегін анықтайды.

 

Топтың аты: «Тапқырлар»

Топтың ұраны:

Тапқыр болу - ізгі арман, мұратымыз,
Талмасын әрдайым да қанатымыз!

Топтың аты: «Алғырлар»

Топтың ұраны:

Нақты жауап, саналы шешім береміз,
Ұшқыр ой мен білімімізге сенеміз!

 

2 - кезең: «Бәйге»

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда.
Келесі кезекті Бәйге жарысқа берейік:

 

1.     Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңыз? (Ту, Елтаңба, Гимн)

2.     Қазақстан Республикасының президенті  кім? (Н.Ә.Назарбаев)

3.     Сәбиді ұйықтатқанда айтылатын ән?(бесік жыры)

4.     Дененің қызуын өлшейтін құрал (градусник)

5.     Қан соратын жәндік (маса)

6.     Өсімдіктің мүшелері (жапырақ, сабақ, тамыр, гүлі, тұқымы)

7.     Ұзындық өлшем бірлігі (км, м, дм, см, мм)

8.     Қазақтың ең бірінші ұшқыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров

9.     Қазақтың атақты суретшісі (Ә. Қастеев)

10.                       Үш биді ата - Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би

11.                       Күйді орындайтын адам кім – күйші

12.                       «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім жазған - Ыбырай Алтынсарин

13.                       Балды жақсы көретін аң – аю

14.                       40 пен 6 ның көбейтіндісінің мәні неге тең – 240

15.                       Бие сүтінен не дайындалады қымыз

16.                       Қай жануар жылға ілікпей қалды – түйе

17.                       Кітап сөзінің бас әріпі – К

18.                       Екінші қазақ ғарышкері - Талғат Мұсабаев

19.                       Тиін нені жақсы көреді – жаңғақ

20.                       Иіс сезу мүшесі – мұрын

3 - кезең: «Ойлан, тап!»

 

Ребус шешу.

Бірқазан, аққу, қасқыр, борсық

 

4 - кезең: «Полиглот»

тақтадан көрсетілген суреттердің орысша, қазақша атауларын айтады.

 

5 - кезең: «Математикалық сайыс»

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін математикаға берелік.
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың енді жауаптарын көрелік!

 

1. Мен бір сан ойладым, оған 30 - ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан ойладым?
2. 1 дм неше см бар?
3. Ең үлкен бір таңбалы сан, ең кіші екі таңбалы сан, ең кіші үш таңбалы санды ата?
5. 3 жүзд. 1 онд. 8 бірл.

Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (5қаз)

6 аламаның  2 -уін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

Табақта 7 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (12алма)

 

6 - кезең: «Сөзжасам»

(капитандар сайысы)

Сөзжасам бұл әркімге ой салады,
Сөз тізбегін құрамын деп толғанады.
Сөзден - сөз шығаруға жетік болсаң,
Сөзжасам кезегі енді басталады.

«ҚАЗАҚСТАН» сөзінен жаңа сөздер құрастыру.

Қаз, аз, ат, тана, ана, апа, ата, тас, сат, саз, нас, ақ, қас, сас т.б          

 

 

Жарайсыңдар барлығың да өренім,
Асып - тасып төгілді ғой кемелің.
Риза болды қатынасқан көрермен,
Сайыстағы бар қызықты көргендер.

Қош болыңдар, тыңдаушылар, көрермен,
Шықтық - ау деп ойлап тұрмыз көңілден.
Сайысымыз аяқталды бүгінгі,
Өрелі ой, жұмбақ сөзден өрілген.
Қош сау болыңыздар!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения