Абилева Зора Кабдрашевна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Костанайский район п. Затобольск
25.02.2016
0
244
0

Әдістемелік құрал «Математика сабағын әртүрлі деңгейде оқыту»

Мазмұны

1.     Кіріспе

2.     Әртүрлі деңгейлі күрделі тапсырмаларды орындаудың артықшылықтары

3.     Жұмыстың кезеңдері

4.     Баланың дербес қызметін ұйымдастырудағы тәрбиешінің рөлі

5.     Дербес қызметті ұйымдастырудағы  негізгі талаптар

6.     Әртүрлі деңгейлі тапсырмаларды орындауға арналған  тәрбиешілерге нұсқаулар

7.     Жұмыс дәптеріне әдістемелік ұсыныстар

8.     Математикадан  әртүрлі деңгейдегі  күрделі ойын тапсырмаларының сипаттамасы

9.     Ұйымдастыру түрлері

10.                        Күтілетін нәтиже

11.                        Қорытынды

 

Кіріспе

Білім беру жүйесінің дүниежүзілік білім беру аясына кіруі  оның сапасына тәуелді. Мектепке дейінгі білімнің сапасы тәрбие мен білімнің  жағдайы мен қорытындысы арқылы анықталады. Мектепке дейінгі білім берудің негізгі табыс стратегиясы білім, білік, дағды жүйесі болып табылмайды, ол біліктілігінің даму деңгейі болып табылады. Мектепке дейінгі баланың негізгі біліктілігі, бала дамуының қорытындысы ретінде, баланың жеке ерекшеліктері қаралады,  тапсырманың қолайлы шешімін таба білу біліктілігімен өлшенеді.

Қазақстан Республикасында отандық педагогтардың технологиялыры, мектепке дейінгі оқытуда кеңінен қолданылады, сонымен қатар  Ж.А. Караева және Ж.У. Кобдикованың «Оқытудың үшөлшемді  әдістемесі жүйесі» (Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы) кең қолданысқа ие.

Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясын мектепке дейінгі ұйымдарға практика ретінде енгізу, оқытудың  үшөлшемді әдістемелік жүйесі, білім беру әдістемесімен сүйемелденуі мүмкін. Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесінің негізгі компоненті болып, оқу материалының көпдеңгейлі мазмұны болып табылады. Бұл балаларға өз бетінше әртүрлі деңгейлі тапсырмаларды орындауға  мүмкіндік береді.

Осылайша зерттеу барысында мектепке дейінгі ұйымдарда «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын енгізу, ішкі дифференцияны ескере отырып өзбетінше дамыйтын, дұрыс шешім қабылдайтын, яғни өзін-өзі өмір бойы қамтамасыз ететін субъект тәрбеиелентінін теориялық және практикалық тұрғыдан дәлелденді.

Берілген әдістемелік құрал өзекті болып отыр, өйткені мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге дифференциалды қарауды жүзеге асыру, баланың мектепте жақсы оқуының мүмкіндігі болып отыр.

Баланың танымдық дамуы – өте кұрделі процесс. Оның өзінің зандылықтары, бағыты және ерекшеліктері болады.

Практика көрсетіп отырғандай соңғы жылдары мектепке дейінгі балалардың, мектепке барғысы келмейтін жағдайлары көбейіп кетті. Бұл жағдай балалардың оқуға деген мотивациясының күрт төмендеуінен болып отыр. Осыған орай мектепке дейінгі балалардың білім беру мазмұнына,  ізденіс, танымдық әрекетін қосу өзекті болып отыр. Біздің өзекті мәселеміз балалардың оқуға деген қызығушылығын ояту.

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар, математикалық білімді меңгеруде қиындықтармен кездеседі. Оның себептері көп. Оның бірі және негізгісі баланың математикаға деген қызығушылығының тез жоғалып, тез жалығуында болуы мүмкін. Біз мынандай шешімге келіп отырмыз: қызығушылық неге жоғалады, өйткені, барлық балалар оқу материалын бірдей меңгермейді: біреулері тез және оңай түсініп, тапсырманы орындаса, ал басқа біреуіне педагогтың көмегі керек, баланың ойлануына уақыт пен педагогтың ойсалымы қажет, ал үшіншілері тапсырманы орындауда мүлде қиыналады.  Осының бәрі дифференциацияға жүгінуге әкеліп соқты. Бұл технология тек қана жағдайатты шешіп қана қоймайды, сонымен қатар үлгермеушілікті және шамадан тыс шаршаудын да алдын алар еді. Профессор Караева Ж.А ОҮӘЖ В.П., Беспальконың негізгі педагогикалық технологияларының критерилері мен талаптарынан сүйеніп зерттеді. 

Әдістемелік құралдың мақсаты -  өздігімен дамитын, өзін-өзі билей алатын, өз бетінше қандай да болмасын жағдайға шешімін таба алатын ТҰЛҒАНЫ қалыптастыру.

-         әр баланы мүмкіндігі мен қабілеті бойынша оқыту.

Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттірді орындау қажет:

·                 баланың  қабілеті, қызығушылығы мен даму шапшаңдығын ескере отырып, оқуға деген дағдысын қалыптастыру;

·                ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне деген баланың қызығушылығын жоғарлату;

·                тұлғаның жан-жақты дамуының негезі ретінде баланың ақыл-ой, жеке және шығармашылық  дамуын жетілдіру;

·                мектеп жасына дейінгі бала санасында  математикалық ұғымдарды қалыптастыру, жиынтық, натурал сандар, арифметикалық құбылыстар, ауызша және жазбаша математикалық тілмен сөйлеу ұғымдарымен таныстыру;

·                жұмыс дәптерін зерттеп дайындау.

Бұл әдістемелік құрал ересек мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасайтын, өнерпаз тәрбиешілерге арналған. Бұл әдістемелікте негізінен мектепке дейінгі педагогикаға ғана емес, сонымен қатар балабақшада ең жеңіл орындалатын жұмыстарға назар аударылған.

Әдістемелік құралдың жаңалығы балалардың таным процессін жүйелеу жұмысы  арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастыру.

Негізгі міндет – ол бала дамуын тежемей оқыту, сол арқылы баланың қабілетін мүмкіндігінше ең жоғарғы деңгейге жеткізу.

Бала тұлғасын бағдарлау барлық балалардың қажеттілігін есепке алуды талап етеді. Мектепке дейінгі ересек топта бір бағдарламамен оқи отырып, балалар берілген материалды әр түрлі деңгейде меңгере алады.

Балаларға ойлауға, елестете алуға, есте сақтауға, мотивациясын жетілдіруге, белсенді болуға көпдеңгейлі тапсырмалар жүйесі көмегін тигізеді.

 

 

Мынадай тапсырманың орындалуының артықшылықтары:

·        баланың жеке өзгешеліктерін, оның темпераментін, мінезін, оқу материалды меңгеруін  ескеруге көмектеседі;

·        әдеттен тыс мол мөлшердегі жүктемелік пен жүктемеліктін жетіспеушілігін болдырмайды;

·        ұжымда жағымды психологиялық климаттын сақталуын қамтамасыз етеді;

·        автолитарлы қысым көрсету фактілерін болдырмайды;

·        қолжетімді  және шамаға лайық оқуды жүзеге асырады.

Оқу процессінде тұлғаралық танымдық қарым-қатынас және субъектілердің әрекеттестігі болады. Әр баланың тұлғалық дамуы және тәрбиеленуі басқа баламен қарым - қатынасының және әрекеттестігінің нәтижесінен болады. Балалар жағдайатты қорытындылай отырып және алынған ақпарат негізінде  қиын жағдайларды шешуге және сыни ойлауға үйренеді.

Математика бойынша педагогикалық технологияны қолдану балабақшаның ересек және даярлық топтарында бейімделуден өтті.

Жұмыс процессінде келесі кезеңдерді бөліп қарастыруға болады.

 

Жұмыс кезеңдері

1 кезең – диагностика.  Мектепке дйінгі балалардың математиканы оқудағы қиындықтарын жою үшін заманға сай диагностика ұсынылып отыр. Қиындықтарды тауып оның себептерін анықтау, білімді дифференциалды және жеке жағынан қарастыру.

Диагностиканың қорытындысы бойынша,  балалардың жалпы даму деңгейін есепке алып топтастыру:

·        «Шығармашылық» - 3 деңгейлі күрделі ойын тапсырмалары;

·        «Мүмкін»  - 2 деңгейлі күрделі ойын тапсырмалары;

·        «Міндетті» - 1 деңгейлі күрделі ойын тапсырмалары;

Диагностиканың қорытындысы бойынша «математика»  пәнінің бағдарламасының мазмұнына түзету енгізіліп, баланың дайындық деңгейі бойынша сұрақтар қосылуы мүмкін.

2 кезең – оқыту деңгейі

«Шығармашылық деңгей» -  бұл балалар «математикаға асқан қызығушылық» білдіретін және осы бағытта өте жақсы көрсеткіш көрсететіндер. Бұл деңгей баланың ақыл-ой шығармашылығын дамытуға бағытталған, осылайша бала қосымша жеке жұмыстар арқылы өзін көрсете алады. Балаға  алынған білім арқылы тапсырмаларды шеуге болатынын егжей-тегжей түсіндіру, баланың жалпы дамуын, логикасын, шығармашылығын толық дамытаты. Жұмыс дәптерінде бұл деңгей жасыл түспен белгіленген.

 «Міндетті деңгей» - бұл деңгейдегі тапсырманы барлық балалар орындай алулары қажет, өйткені бұл деңгейдегі тапсырмалар оқу стандарт бағдарламасында берілген.  Сол тапсырмаларды орындай отырып бала нақты пән бойынша, қайта жаңғыртатындай деңгейде материалды меңгереді. Бала математикаға ешқандай қызығушылық та,  жауап беруге де еш ниет білдірмейді ме? Практика көрсеткендей белсенсіз балалардың проблемасы олардың пән бойынша білімсіздігінде, осындай жағдайлар негізінен баланың сабақты көп босатуынан болып жатады.

Жұмыс дәптерінде бұл деңгей қызыл түспен белгіленген.

 

3 кезең – әртүрлі деңгейдегі күрделі математикалық тапсырмалар, бұл тапсырмалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде өткен материалды бекіту үшін қолданылады. Бұл тапсырмаларды балалалар өз бетінше орындайды. Ол үшін дәптерде арнайы орын берілген.

Жыл бойы топ бөлігіндегі балаларға ауысып отыруларына болады. Ол баланың жетістіктеріне байланысты. Бірінші топ бөліміндегі балалар белгілі бір жетістіктерге  жете отырып екінші топ бөліміне ауыса алады, ал екінші бөлімдегі балалар үшінші бөлімге ауысады. Балалардың бірінші бөлімде азайып, үшінші бөлімде көбейгені бізді қуантады.

 

Баланың ұйымындасқан дербес қызметіндегі тәрбиешінің рөлі

Баланың жаңа білім алуына үлгілі дамыту ортасын құру қажет;

·        Балаға білім алу кезінде әрдайым қолдау көрсету;

·        Субъект-субъект қарым-қатынасын орнату;

·        Теңқұқұлық пен серкітестікке ұмтылу;

·        Балалардың ұйымдасқан оқу іс-әрекетін басқару.

Тапсырманың берілуі оқу процессінің деңгейімен сәйкес келуі қажет. Яғни, олар оқу материалының қабылдануын қамтамасыз етулері қажет, оның өз бетінше қорытындылауын, бұрын оқылғанмен байланыстыруын, анализ жасауын, қайталауын және қолдануын қадағалау керек.

Тапсырмалар баланың логикалық, шығармашылық, ойлау деңгейлерін ескере отырып бағытталуы тиіс.

Педагог баланы өзін бақылауға, мүмкіндік бойынша бағыттап отыру керек.

Балалардың бір қарқынмен жұмыс жасайтынын ескере отырып жалпыға бірдей міндетті материал негізгі бөлімде, ал қосымша материал соңында берілген.

 

Дербес қызметті ұйымдастырудағы негізгі талаптар.

·        Педагог балаға тапсырманы орындалу реті бойынша беруі керек.

·        Тапсырманы қандай формада орындалатынын нақты айту қажет /жазбаша ма немесе ауызша түрде ме/.

·        Тапсырма нақты, қасқаша, түсінікті етіліп тұжырымдалуы керек.

 

Тапсырманың орындалуына арналған  тәрбиешіге нұсқаулар

1.     Егер де бала тапсырманы орындау барысында қиындыққа тап болып жатса, сол баланың ата-анасын жұмысқа араластыру қажет.

2.     Жұмыста қиындықтарды сезетін балалардың  эмоциялық жағдайы да маңызсыз емес. Қандайда болмасын іс әрекет бала үшін ұнамды болуы қажет, оның ұстаған нәрсесі де, өз еңбегімен жасаған жұмысы да барлық әрекеті де. Жағымды эмоционалдық қалып әрекеті  баланың  қызығушылығын оятады, жағымды жағдай жасайды, математикалық ұғымдарды жақсы есте сақтап, меңгеруіне септігін тигізеді.

3.     Балалармен жұмыс барысында маңызды және құнды болып,  көмек беру әдісі болып табылады /бағытталған, оқыту немесе ынталандыру/. Бұл балалар тапсырманы өз бетінше орындай алмаған кезде қажет. Балаға толық көмектеспей тек қана бала әрекет ету үшін түрткі болу қажет. Баланың көмекке ықылас білдіруі,оның оқуға деген әлеуеттік мүмкіндігін білдіреді.

4.     Математика пәнінен ҰОІ ұйымдастыруда баланың ақыл-ой дамуына  қолайлы жағдай жасау қажет. Бұл жағдай әрдайым оқытудағы бұқаралық мінездеме мен жеке білімді меңгеру әдістерінің арасында туындайтын қайшылықты жояды. Осының барлығы балабақшадағы математика сабағында ішкі дифференцияны қолдану қажеттілігін туғызады.

Ойын түріндегі тапсырманы жекешелендіру керек, егер олар топтық болса да,  деген көптеген авторлардың пікірімен келісеміз. Егер бала математикалық түсініктерді меңгеруде қиындықтар сезінсе, дегенмен де оны ойынға қатыстыру қажет болса, ол баланың  білімңне сай тапсырма беру қажет. Осылайша бала тапсырманы орындап, өзіне деген сенімділігін сезініп, күрделірек тапсырманы орындай алады. Ал математикалық білімі мен білігі жоғары балаларға бірден күрделірек тапсырма берген жөн, оларды орындай отырып балада ойынға деген қызығушылығы артады.

Егер бала белгілі бір тапсырманы бірден орындай алмаса, оған қадалып қалмай, баладан ешнәрсе талап етпей ары қарай ойынды жалғастыру қажет. Ал біраз уақыттан кейін сол тапсырмаға қайта оралып, оны орындауға тырысу керек. Баланың өз бетінше істелген жұмысы қана пайдалы болатынын естен шығармаған жөн.
<!-- [if !supportLineBreakNewLine]-->

Математикадан күрделіліктің әртүрлі деңгейіндегі ойын тапсырмасының сипаттамасы

Өз бетінше жұмыс жасайтын оқу тапсырмалары әр түрлі болып келеді. Оларды келесі логикалық негізде бөлуге болады:

-         Балалардың өз бетінше жұмыс жасау әдісі /бақылау, жаттығу/.

-         Оқу процесінің бөлімі /қабылдау, жүйелілік, өткен материалды қайталау және бекіту бойынша тапсырмалар/.

-         Баланың танымдық әрекеті бойынша /шығармашылық және қалпына келтіру/.

-         Басшылықтың мінездемесі бойынша /толық және толық емес нұсқау/

Математикалық мазмұндағы ойын тапсырмасын таңдау барысында белгілі бір реттілік сақталады, күрделі математикалық ойындардын өткізбес бұрын,  дайындық ретінде балаға оңай деңгейлі тапсырма берілуі керек. Мектепке дейінгі балалардың зейінін бір жерде ұстап тұру өте қиын болғандықтан, бір ойынды бірнеше түрге өзгертіп ойнаған тиімді болады. Бұл әдіс ойын ережесіндегі қиындықтарды шешуге және де бұрыннан белгілі ойынға қызығушылықты шамалы уақытқа болсада жоғалтпауға сепітгін тигізеді.

Қызықты ойын түрінде берілген білім, жай жаттығу арқылы берілген білімнен гөрі, бала санасында жеңіл, әрі тез сақталып қалады.  Дегенмен ойынды қолдануда танымдық, оқыту және ойын қарым-қатынас ережесі сақталу керек. Балалар ойын түрінде, күтпеген элементтері бар тапсырмаларға  асқан қызығушылық білдіреді.

Негізгі көңіл балалардың ойды қорытындылауына бөлінеді «Мөлшері мен саны» атты бөлімде; балаларға заттарды солдан онға санауға, сан есімді зат есіммен сандық үйлестіруге, санау қортындысын шығаруға үйретеді. Егер бала тапсырмаларды орындай алмаса оған педагог көмек беруі қажет. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар балаларға былайша беріледі: бірінші деңгейдегі тапсырмада балалаға   күзгі жапырақтарды 10 дейін санау ұсынылады, екінші деңгейлі тапсырмада жемістерді 13 дейін санау ұсынылады, ал үшінші деңгейдегі тапсырмада 18 дейін санау қажет.

Сандардың құрылуы екі заттың жиынтығын салыстыру негізінде құралады.Балалар келесі сандардың шығу принципін түсінулері керек.  Балалар көбіне 7 мен 8 санын айыра алмайды. Сондықтан да, осы сандарға байланысты көптеген ойын мысалдарын келтіріп отырған дұрыс.

Әртүрлі көлемдегі заттарды салыстыра білу баланың сан жөнініде білімі бар екендігін көрсетеді, сонымен қатар «тең», «үлкен», «кіші» салыстыру белгілерін менгергенін анықтауға болады. Балаларға әртүрлі деңгейлі тапсырмалар былайша беріледі: 1-ші деңгейлі тапсырмада балаға суретте қанша зат көріп отырғанын санап белгілер қою ұсынылады, ал 2-ші деңгейдегі тапсырмада бірінші онгдықтағы сандардың арасына белгілерді қойып оны оқып беруі тапсырылады, ал 3-ші деңгейлі тапсырма белгілерді қойып, оқып шығуыды талап етеді.  Салыстырудың әр түрлі тәсілдері қолданылады. Балалар топтың біріндегі зат артық екенін көріп көптік белігісін қояды, ал аз екенін көрсе аз белгісін қояды, сөйтіп олар көрнекілік тұрде салыстыруды үйренеді.

Балалар әр сан қалай шыққанын түсіндіріп отырулары керек, яғни ұандай заттың санына сан қосты, қандай заттын санынан затты алып тастады. Мысалы 8 алмаға бір алма қосылды, барлығы 9 алма болды. 9 алмадан 1 алманы алып тастады, барлығы 8 алма қалды. Егер бала жауап беруге қиналып отырса оған жетелеуіш сұрақтар қою керек. «Қанша болды?», «Неше алма қосылды (алынды)?», «Барлығы ұанша болды?».

Дидактикалық материалдардың ауысуы, ойын тапсырмаларының түрлендірілуі балаларға әрбір сандардың шығу түрлерін жақсы менгеруге көмектеседі. Жаңа сандарды ала отырып балалар алғашқыда педагогтығ көмегіне жүгінсе, кейін олар өз беттерінше салыстырулар құра алады. Сұрақтарға саналы жауап алу мақсатымен педагог сұрақтарды түрлендіріп балаға сұрақ қояды. Мысалы: «8 цилиндр шығу үшін не істеу керек?», «7 цилиндрге 1 цилиндр қосса ұанша болады?»

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения